Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  10.  Грамматикалық  тәсілдердің  бірі  -   көмекші  сөздер



Pdf көрінісі
бет10/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  10.  Грамматикалық  тәсілдердің  бірі  -   көмекші  сөздер 
тәсілі  алуан  түрлі  тілдерде  ұшырасады.  Көмекші  сөздер  атауыш 
сөздермен  тіркесіп,  сөз  бен  сөзді  немесе  сөйлем  мен  сейлемді 
байланыстырады,  сөздердің  арасындағы  эртүрлі  қатынастарды, 
алуан  түрлі  грамматикалық  мағыналарды  білдіреді.  Көмекші 
сөздердің  лексикалық  магыналары  мен  грамматикалық  ма- 
ғыналарының  үласып,  бір-біріне  сіңісіп  кететіні  соншалық,  олар 
кейде аффикстер тэрізді қызмет атқарып, солардың (аффикстердің) 
мағыналарына барабар магыналарды білдіреді. М ысалы,  Оқу үшін 
келдім деген  сөйлемді  Оцуга келдім  немесе  Оцыгалы  келдім деген
11


сөйлеммен  ауыстырып  айтуға  болады  жэне  бұлайша  ауыстырып 
айтудан 
ол 
сөйлемдердің  білдіретін 
магынасында  өзгеріс 
тумайды.  Бүлай  болатындығы  мынадан:  алдыңғы  сөйлемдегі 
үшін  көмекші  сөзінің  білдіретін  грамматикалық  мағынасына 
соңғы  сөйлемдердегі  -га  немесе  -голы  аффикстерінің  білдіретін 
грамматикалық  мағыналары  сэйкес  келіп,  көмекші  сөз  (үшін)  бен 
аталған  аффикстер  (-га,  -гелі)  бірінің  орнына  бірі  қолданыла  ала­
ды.  Тіл-тілде  көмекші  сөздердің  түрлері  көп.  Олардың  септеулік- 
тер (послелоги) деп  аталатын түрі  сөйлем  мүшелерінің арасында- 
гы  бағыныңқылық  қатынастарды  білдіру  үшін  жүмсалады. 
Септеуліктер  мекендік  мағынаны  (мысалы:  ауылга  царай,  үйге 
дейін),  мезгілдік  магынаны  (мысалы:  ж иналыстан 
соіі
,  сабацтан 
кейін,  аяцты  басқаи  саііын),  амал  мағынасын  (мысалы:  темір 
жол арцылы цсітынасады), мақсат магынасын (мысалы:  білу үиіін, 
жету үшін), теңеу, талғау магынасын (мысалы:  осы сияцты,  адам 
тәрізді)  жэне  т.б.  магыналарды  білдіреді,  септік  жалғауларының 
грамматикалық мағыналарын дәлдей түседі (мысалы:  көлге кетті
—  көлге  царай  кетті;  күннен  түн  суыц  —  күннен  гөрі  түн  суыц 
дегендерді  салыстырыңыз).  Түркі  тілдеріндегі  септеуліктердің 
(послелоги)  қызметін  орыс  тілінде  в,  к,  на,  над,  за,  после,  перед, 
для,  благодаря  жэне  т.б.  осылар  тәріздес  предлогтар  атқарады. 
Түркі  тілдеріндегі  септеуліктер  мен  орыс  тіліндегі  предлогтар 
магынасы  жагынан да,  қызметі  жагынан да бір-бірімен ұқсас.  Бұ- 
лар  бір-бірінен  орны  жагынан  ажыратылады:  септеуліктер  атау- 
ыш  сөздерден  соң  қолданылса  (осыған  орай  олар  түркологиялық 
еңбектерде  послелоги деп  аталады),  предлогтар атауыш  сөздердің 
алдында түрады.
Көмекші  сөздердің  бір түрі -  жалгаулықтар  сөйлем  мүшелері- 
нің  арасындагы  (мысалы:  Асан  мен  Үсеп;  ақылды  да  сабырлы) 
және  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  аралыгындагы  (мысалы: 
Теціз  тынышталды,  бірац  еш  нэрсе  көрінбейді.  Ғ.  Мүсірепов) 
салаластық  қатынастарды 
білдіреді. 
Жалғаулықтар 
арқылы 
білінетін  ондай  қатынастар  ыңғайлас  мэнді  (мысалы:  күн  мен 
түн\  Қүнанбай  аттарды  осындай  цатаң  жүрістен  баяулатпай 
жүргізіп  отыруды  М ырзахата  тапсырды  да,  өзі  Үлжанга 
бүрылды.  М.  Әуезов),  қарсылықты  мэнді  (мысалы:  Демімізді 
тоқтатып тыңдадыц, б ірақ еіитеменің дыбысы естіле цоішады.
12


Ғ.  Мүсірепов),  себеп  мэнді (мысалы: Артымнан  ілесе  Тайжанныц 
үйіне кіруге бата алмады,  өйткені ол үйде аюдай ацырган тентек 
мінезді Сэлима бар.  С. Мүқанов), талғау мэнді (мысалы:  не сен,  не 
ол;  я мен, я сен) болуы мүмкін.
Көмекші  сөздердің бір гүрі -  демеуліктер  күшейту  мағынасын 
(мысалы:  Түрі әдемі-ақ!  Ондагы мацсат  біреу-ақ),  тежеу,  шектеу 
мағынасын  (мысалы:  Оны  өзі  ған а  білетін.  Келмей  цсілган  адам 
- Гүлнар ғана), сүрау мағынасын (мысалы: Ақ па,  цара ма? Мүцаиі 
үііде  ме?  Сен  өзің  ше?),  менсінбеу,  кемсіну  мағынасын  (мысалы: 
Мал  екеш   мал  да),  сеніміздік,  күдіктену  мағынасын  (мысалы: 
ж олыгыпты-м ы с,  көріпті-міс),  эртүрлі  көңіл  күйін,  мысалы, 
өкіну, шошу, үрейлену, сүйсіну мағынасын (мысалы: кездесе алмай 
қалганым-яй, үрсады-яу) жэне т.б. мағыналарды білдіреді.
Көмекші  сөздердің  енді  бір  түрі  -   көмекші  етістіктер  негізгі 
етістікпен  тіркесіп,  эртүрлі  грамматикалық  магыналарды  білдіреді. 
Көмекші  етістік негізгі  етістікпен  тіркескенде,  негізгі  етістік  бел- 
гілі  бір  формада  (көсемше  немесе  есімше  формасында)  қолданы- 
лады  да,  көмекші  етістік  аффикстер  жалғану  арқылы  түрленіп, 
негізгі  етістікпен  тіркескен  күйінде  жекелік-көптік,  жақтық, 
шақтық жэне т.б.  грамматикалық мағыналарды білдіреді. Мысалы, 
айта  сал,  айта  сал+ды+м,  айта  сал+ды+ң,  агіта  сал+ды,  айта 
сал+а+мын, айтасал+а+сың, айта сал+а+ды, айтасал+ып+пын, 
айта  сал+ып+сың,  айта  сал+ып+ты,  айта  сал+ар+мын,  айта 
сал+ар+сың, айтасал+ар, айтасал+ган+мын, айтасал+ган+сың, 
аіппып  сал+ды+м,  айтып  сал+ды+ң  жэне  т.б.  Бүл  мысалдарда 
негізгі етістік (айт)  көсемше, есімше формаларында келіп, көмекші 
етістік  (сал)  сөз  түрлендіруші  жэне  форма  тудырушы  аффикстер 
арқылы  түрленіп,  соның  нәтижесінде  эртүрлі  грамматикалық 
мағыналарды  білдіріп  түр.  Түркі  тілдерінде,  соның  ішінде  қазақ 
тілінде,  негізгі  етістік пен  көмекші  етістіктің тіркесінен  етістіктің 
аналитикалық  формасы  (аналитикалық  формалар  жайында  IV 
тарауды  караңыз)  жасалады  да,  көмекші  етістікке  аффикстер 
жалғанғанда,  көмекші сөздер тәсілі  мен аффиксация тэсілі түйісіп 
келіп, алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет