тілдер тобының грамматикалык құрылысының ерекшеліктеріне
орайласып,әрбасқатүрдекөрінісінтабады.Әрбасқатілдерденемесе
тілдердің эр басқа топтарында грамматикалык категориялардың
түрлі-түрлі болуы осы аталған жайлардан келіп туады.
7.
Грамматикалык категориялар сөздердің белгілі бір лексика-
грамматикалық топтарынан (сөз таптарынан) тыс өмір сүрмейді,
қайта солардың біріне немесе белгілі бір тобына тэн жэне оны
сипаттайтын қүбылыс регінде сөз таптарымен байланысында,
қатарласа өмір сүреді. Әрбір тілдің грамматикалык құрылысында
сөз таптары мен грамматикалык категориялардың арасында занды
арақатынас қалыптасады. Мысалы, грамматикалык жекелік-көп-
тік (сан-мөлшер), септік категориялары, орыс тілінде грамматика
лык тек (род) категориясы есім сөздерге, соның ішінде ең
алдымен зат есім мен есімдіктерге тэн жэне соларды сипаттайтын
грамматикалык категориялар ретінде танылса, грамматикалык
жақ, рай, шақ, етіс категориялары жэне орыс тіліндегі граммати
калык сипат (вид) категориясы етістікке тэн жэне оны сипаттай
тын категория ретінде танылады.
Грамматикалык жекелік-көптік, септік, тек (род) категория
лары есім сөздердің тобына енетін сөз таптарының (зат есім, сын
есім, сан есім, есімдік) басын қосып ұйыстырса, грамматикалык
жақ, шак, рай, етіс жэне сипат (вид) категориялары етістіктерді
жэне олардың түрлерін (көсемше, есімше) ұйыстырып, соларды
грамматикалык жактан сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: