2. Сөз та п т а р ы ж эн е оларды ң к л а сси ф и к а ц и я сы
§ 104. Тіл білімінде ертеден бастап, сөздерді негізгі немесе
атауыш сөздер (знаменательные слова), көмекші сөздер жэне
одағай сөздер деп әртүрлі топтарға бөлу дағдысы бар. Атауыш
сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа-белгінің
жэне іс-эрекеттің атаулары жатады. Олардың эрқайсысында толық
мағына бар және сөйлемде өздігінен дербес мүше ретінде қызмет
атқара алады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу,
етістік жэне шартты түрде сан есімдер мен есімдіктер жатқызы-
лып жүр. Көмекші сөздерде атауыш сөздердегідей дербестік
жоқ. Лексикалық магынаның элсіреп күңгірттенуі жэне ондай
мағынаның грамматикалық мағынамен үласып кетуі, сөйлемде
дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын жэне
оларды атауыш сөздерден ажырататын белгілер болып саналады.
Көмекші сөздердің қатарына эртүрлі тілдердегі артикльдер,
предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді.
§ 105. Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әртүр-
лі көзқарастар мен пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз
таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып
саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-
грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, - сөздердің
таза грамматикалык топтары болып саналады.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категорияла
ры деп қарайтындар сөздер өзіне тэн белгілері, атап айтқанда,
семантикалық, морфологиялық жэне синтаксистік белгілері
бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп
есептейді. Мысалы, А.А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір
сөз табының магынасы сөздің негізгі (лексикалық) магынасымен
оган қосымша грамматикалык үгымдардың, грамматикалык
категориялардың жиынтыгынан қүралады. Орыс тіліндегі зат
есімдерде негізгі атауыш түсініктер (основное знаменательное
представление) грамматикалык жекелік-көптік, тек (род), септік
категорияларымен ұштасады да, етістіктерде - грамматикалык
шақ, рай, етіс, жақ жэне т.б. категориялармен үш тасады 1. А.А.
Шахматовтың бүл жерде «мағына» жайында емес, «түсінік»
Достарыңызбен бөлісу: