бірдеменің осы шақта, өткен шақта немесе келер шақта іске
асуын білдіреді немесе оның ықтимал, қалаулы яки қажетті
екендігін
білдіреді.
Аталған
грамматикалық мағыналардың
баршасы, күллі жиынтығы объективті-модальды мағыналар
немесе объективті модальдылық (объективная модальность)
деп аталады1. Объективті-модальды мағыналар белгілі бір грам
матикалык амал-тэсілдер (құралдар) арқылы берілетін синтак-
систік категориялар - синтаксистік шақтар мен райлардың жүйе-
сін қүрайды. «Сонымен, жай сөйлем объективті модальдылык
категориясы мен синтаксистік шақ категориясына жэне оларды
білдіру құралдарының тиісті жүйесіне ие болады. Бұл екі
категория бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді, олар ажырамайтын
бірлік - предикативтілік категориясын қүрайды. Предикативтілік
категориясы эрбір сөйлемге қатысады жэне оның грамматикалық
магынасы болып табылады»2. Сөйлемде объективті модальдылық
пен синтаксистіктің шақ магыналарының арнаулы грамматика
лык құралдарымен берілуі, ягни предикативтілік категориясының
болуы, жай сөйлемнің дербес синтаксистік категория ретіндегі
басты белгісі болып саналады.
«Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» синтаксистік
шақ категориясы мен объективті модальдылық категориясы
былайша түсіндіріледі: синтаксистік шақ категориясы біріншіден,
- сөйлемнің өзінің қүрылымдық үлгісімен, екіншіден, - етістіктер
үлгілерімен, сөйлемнің түрлаулы мүшесін жасайтын негізгі
етістіктермен, үшіншіден, - етістіктерсіз үлгілермен, сөйлем
құрамына арнайы ендірілетін
быть деген көмекші етістікпен
беріледі. Мысалы, орыс тілінде (1)
Сын работает. (2)
Ночь темна.
(3)
Тишина деген сойлемдер осы келтірілген түрінде синтаксис-
тік осы шақты білдіреді. Синтаксистік осы ш ақ бірінші сөйлемде
оның кұрылымдық үлгісіне оның міндетті сыңары (компоненті)
ретінде енетін етістік сөзбен берілсе, екінші, үшінші сөйлемдер
де - етістік создің қатысынсыз, сөйлемнің озінің қүрылымдық
үлгісімен берілген. Аталган сөйлемдердің синтаксистік шақтар
бойынша түрленуі арқылы олардың орыс тілінде мынандай
формалары жасалады: осы шақта:
Сын работает. Ночь темна.
Тишина; откен шақта:
Сын работал. Ночь была темна. Была
тишина; келер шақта:
Сын будет работать. Ночь будет темна.
Достарыңызбен бөлісу: