573 - жаттығу . Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын түрлендіре отырып , сабақтас құрмалас сөйлемді құрастырыңыздар .
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ
Бағыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлеміне мағыналык қарым - қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты , қарсылықты , мезгіл , себеп , мақсат , сын - қимыл және салыстырмалы бағыныңқылы болып жеті түрге бөлінеді . Сабақтастың әр түрінің жасалу жолдары , өздеріне тиісті сұраулары болады .
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы істің жүзеrе асу я аспау шартын білдіреді . Шартты бағыныңқының баяндауыштары етістіктің шартты райынан ( -са , « се ) , жатыс септік жалғаулы есімшеден ( -ған + да , -ген + де ) , көсемшенің болымсыз түрінен ( -ма -й , -ме + й ) , етістіктің болымсыз түріне – йынша/ - йінше деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады . Сураулары : қайтсе ? не етсе ? қайткенде ? не еткенде ? кайтпей ? не етпей ? кайтпейінше ? не етпейінше ?
Жасқа ұстаздық етсең , болашақтан тірек табасың ( С. Бақб . ) . Кула қасқа болмағанда , тіпті жоғалтып ек ( Ғ.С ) . Жаңадан жүздеген мәдениетті қора - жайларды , жем қорларын удетпей турып , мал басын көбейтуге бол майды ( Ғ.С. ) . Әр магазинге көпшілік бақылауын дурыс тап қоймайынша , ол былықтан арылу қиын ( Р. Мұст . ) . Сын түзелмей , мін түзелмейді ( мақал )
Достарыңызбен бөлісу: |