3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқыдагы істің жүзеге асу я аспау мерзімін білдіреді . Мезгіл бағыныңқының баяндауыштары -ша / ше жұрнақты есімшеден ( -ған + ша , -еен + ше ) , жатыс жалғаулы есімшеден ( -ған + да , -еен + де ) , есімшеге септеулік шылауларының ( -ған , -ген , соң , кейін , сайын , бері , шейін ) . мезгіл мәнді көмекші сөздердің ( -ған , -ген , кезде , шак та , уақытта ) тіркесуі арқылы , көсемшеден ( -ғалы , гелі , -а , -е , -й ) және етістіктің түбіріне -ысымен , ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады .
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың сұраулары : кашаннан бері ? қашан ? қашанға шейін ? Мысалы :
Соңғы аттылар Құнанбай қасына жеткенде , балқы ған темірдей боп ұшқын атып жарқыраған үлкен кун алыстағы Арқат тауының иректелген жотасына міне бастап еді. ( М. Ә . ) Жылқы су ішіп болған соң құдық қасындағылар желі басына келді ( Ғ . Мұст . ) . Екі - үш күн қонақтағаннан кейін , Біз Батестің аулынан аттанып кеттік ( с . М. ) . Шахта , техника өскен сайын , жаңа усыныс , жаңа пікірлер де көбейе түсті ( Ғ . Мұст . ) . Елден шыққалы , жиырма шақты күн болып қалды ( Сп . Қ ) . Біз Екібастұзбен танысып үлгермей , күн райы бұзыла бастады ( С. М. ) . Еш нәрсемен жұмысы жоқ Бәкен , Раушан ауылнай болғаннан былай , әлгідей себеппен жоқ жерден әңгімеге араласатын болып еді.(Б.М) Шай жиналысымен , қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті ( Т.Әлім . ) .
Достарыңызбен бөлісу: |