«келісілген» «бекітемін»



бет4/4
Дата12.05.2023
өлшемі157,35 Kb.
#92580
1   2   3   4
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Тақырыбы: Бағдаршамдар.
Бағдаршамдардың түрлері
Бағдаршамдар мақсаты бойынша былай бөлінеді:
1) кіру – поезға аралықтан станцияға кіру үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

2) шығу – поезға станциядан аралыққа аттану үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

3) дөңестік – вагондарды дөңестен тарату үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

4) бөгегіш – темір жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылыстарда және опырылатын жерлерде қозғалыс үшін қауіп туған жағдайда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды қарау және жөндеу үшін құрамдарды қоршау кезінде тоқтатуды талап етуге арналған;

5) локомотивтік – поезға аралық бойынша бір блок - учаскеден екінші блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткіші туралы ескертуге арналған;
Локомотивтік бағдаршамды АЛСН деп атайды ол бағдаршам машинист кабинасында тұрады, оның себебі бағдаршам жасамай қалғанда немесе ауа райы қолайсыз уақыттарда машинистке корініп тұрады.
Локомотивтік бағдаршам 5 мәнді болады. Олар:
1 Қызыл
2 Сары
3 Жасыл
4 Сары қызыл
5 Жасыл сары

6) маневрлік – маневрлерді жүргізу үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;


7) маршруттық – поезға станцияның бір ауданынан екінші ауданына жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

8) қайталағыш – шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететін көрсеткіші және дөңестік бағдаршамның көрсеткіші туралы хабарлау үшін, жергілікті жағдайлар бойынша негізгі бағдаршамның көрсетуі қамтамасыз етілмеген жағдайда;

9) ескерту – (кіру, шығу, бөгегіш және бүркемелеу) негізгі бағдаршамның көрсеткіші туралы ескертуге арналған;

10) бүркемелеу – теміржол жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен қиылысу орындарын, ажыратылатын көпірлерді, жолсерікпен өтілетін учаскелерді қоршауға арналған;

11) өту – поезға бір блок-учаскеден екіншісіне (қосын арасындағы аралыққа) жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
Бір бағдаршам бірнеше міндетті (кіру және шығу, шығу және маневрлік, шығу және маршруттық және бөгегіш) қоса атқаруы мүмкін.

12. Бағдаршамдар мынадай болып бөлінеді: осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес линзалық және прожекторлық, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес олар діңгектік, аласа болып бөлінеді және мінбелер мен консольдарға орнатылады.


Бағдаршамдарда мынадай сигнальдық оттар қолданылады: бірқалыпты жанатын, бірқалыпты жанбайтын, жыпықтамайтын және жыпықтайтын (периодты түрде жанатын және өшетін).
Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамының бірқалыпты жанбайтын сигналдық оттары жылжымалы құрам блок - учаскеге кірген кезде жанады да, жылжымалы құрам бұл блок - учаскеден шыққаннан кейін сөнеді.
Автобұғаттаудың өту бағдаршамдары цифрлармен, қалғандары әріптермен немесе әріп және цифрлармен белгіленеді.
13. Бағдаршамдармен (орнатылған жеріне және олардың мақсаттарына байланыссыз) берілетін сигналдардың негізгі мәндері мынадай:
бір жасыл от – «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі»,
бір сары жыпықтайтын от – «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам ашық және ол кеміген жылдамдықпен жүруді талап етеді»;
бір сары от – «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық»;
екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады; келесі бағдаршам ашық»;
екі сары от – «Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен және келесі бағдаршамда тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады»;
бір қызыл от – «Тоқта! Сигналға жүріп өтуге тыйым салынады».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет