Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік №2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7080
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
Литература
 
1.  Бурибаева  М.А.,  Шаймерденова  Н.Ж.  Общение  детей  дома  и  в  школе  в 
эпоху  IT-технологий  /  Сб.  научных  трудов  «Полилингвальное  общество  в  эпоху 
глобализации: дети, подростки, взрослые. – Астана, 2011. – С. 8-15. 
2.  Давыдов  В.В.  Российская  педагогическая  Энциклопедия  /  В.В. Давыдов, 
Э.Р. Днепров. – М.: БРЭ, 1999. – 780 с. 
3.  Учебник по психологии: учеб. пособие / Под ред. А.П. Кривченко. – М.: ТК 
Велби, 2005. – 432 с. 
4.  Пономарёв  Я.А.  Психология  творчества  и  педагогика:  учеб.  пособие.-/ 
Я.А. Пономарёв. – М.: Педагогика, 1976. – 280 с. 

 
 
103 
5.  3емлянская  В.В.  Развитие  творческих  способностей  на  уроках чтения  / 
В.В. Землянская // Начальная школа. – 2002. - №12. – С. 40-41. 
6.  Юркевич B.C. Одарённый ребёнок: иллюзии и реальность: учеб. пособие. 
– М.: Просвещение, 1996. – 136 с. 
7.  Способности  и  склонности:  учеб.  пособие  /  Под  ред.  Е.Н.  Голубевой.  –
М.: Просвещение, 1998. – 165 с. 
8.  Никитин  Б.П.  Ступеньки  творчества  или  развивающие  игры:  учеб. 
пособие. – М.: Просвещение, 1989. – 160 с. 
9.  Развитие  творческой  активности  школьников:  учеб.  пособие  /  Под  ред. 
А.М. Матюшкина. – М.: Просвещение, 1991. – 160 с. 
10. Педагогическая психология: учеб. пособ. для студ. высш. учеб. заведений 
/ Под ред. Н.В. Клюевой. – М.: Владос-Пресс, 2003. – 400с. 
11. Выготский  Л.С.  Воображение  и  творчество  в  детском  возрасте.  –  М.: 
Просвещение, 1991. – 93 с.  
 
 
Тауашева А.  
Ғылыми жетекшісі: 
доцент, п.ғ.к. К.Қ. Қанафиева 
 
ТУҒАН ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ 
 
В  данной  статье  описано  состояния  казахского  языка  в  Республике 
Казахстан  и  отношение  казахов  к  своему  родному  языку.  Автор  попытался 
донести  до  соотечественников,  что  существует глобальная проблема  в  нашей 
республике и были предложены пути решения для такой большой проблемы. 
 
In  given  article  it  is  described  conditions  of  the  Kazakh  language  in 
Republic Kazakhstan  and  the  relation  of  Kazakhs to  the  native  language.  The  author 
has tried to inform to compatriots that there is a global problem in our republic and 
ways of the decision for such big problem have been offered. 
 
Ғылымда  “тілге”  қатысты  теориялық  ойтүйіндер  түрлі  аспектіде  болып 
келеді. Көпшілігі оның қарым-қатынас құралы екендігін айтады, сонымен қатар 
демографтар қатысымдық мақсатта бейтарап пайда болғанын, филологтар ойлау 
жұмысын  бекітетін  дыбыстық  және  сөздік-грамматикалық  жүйе  екендігін, 
социологтар  дыбыстар  мен  символдардан  басқа  құрылымдық  мәнін  басып 
көрсетеді,  мәдениеттанушы  ғалымдар  тілді  этникалық  мәдениеттің  компоненті 
деп  қарайды.  Ал  педагог  ғалымдар  тілді  өте  күшті  тәрбие  құралы  ретінде 
түсінеді. Тілдегі орасан зор байлықты, қазынаны жеткізуді, адамға тән ең жақсы 
қасиеттерді  сіңіруді  мақсат  тұтады.  Тілдік  тұлға  тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы 
деп түсінеді.  
Ана  тілі  –  халықтың  ақыл  ойы,  ар-намысы,  ардағы,  өлең-жыры,  ән  мен 
күйі,  арманы,  тірлігі,  соғып  тұрған  жүрегі.  Әр  мемлекеттің  тілі  оның  елдігін, 
ұлттығын  анықтайды.  Тіл-  ұлттық  қасиет.  Тіл  –  кез  келген  халықтың  тыныс-
тіршілігі мен ұлттық болмысының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа таралуының 

 
 
104 
құралы,  әрбір  ұлттың  мол  рухани  қазынасының  тұғыры.  Р.Ғамзатовтың “Менің 
тілім  ертең  өлер  болса,  мен  бүгін  өлуге  тиіспін”  -  деген  сөзіне  аса  мән  берілуі 
тиіс. 
Қазақ  халқының  тілдік  тұлғалық  түпқазығы  ертеректе  жатыр.  Кең  далада 
емін-еркін  өмір  сүрген  көшпелі  халықтың  ұрпақ  тәрбиелеу  мен  оқытуда  өзінің 
дәстүрі,  тәжірибесі,  қағидалары,  талаптары  болды.  Мәселен,  тұлғаның 
қалыптасқан моральдік-психологиялық эталоны болатын: жігіт “сегіз қырлы бір 
сырлы”  болуға  тиіс  еді.  Оның  бір  қыры  нағыз  жігіттің  ақындық  дарыны,  сөз 
шеберлігі, ойлау ұшқырлығы, тапқырлығы болып саналды.  
Адамдардың  бойына  сіңіп,  жүрегін  жайлаған  сөз  айта  білу  қабілеті 
көптеген қазақтың бойында болған және ол қасиет өте жоғары бағаланған. Егер 
халықтың  ұлттық  өміріне  педагогикалық  тұрғыдан  баға  берер  болсақ, 
отбасылық-тұрмыстық  қатынастары,  құндылықтары,  сөздік  қоры  мен  тілдік 
көркем сөз құралдары болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен үйрету жүйесімен тығыз 
байланысты  болған.  Бұған  дәлел  –  қазақ  халқының  сөз  шеберлігін  меңгерген 
баланы  бала  деп  қомсынбай,  оның  дарындылығын,  тұлғасын  мойындап  көкке 
көтеріп,  дәріптеген  [1].  Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  ана  тілі.  1995  жылы  30 
тамызда  республикалық  референдумда  қабылданған  Қазақстан  Республика  Ата 
Заңыңда  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  тіл —  қазақ  тілі»  деп  7-
бабында  енгізілген  [2].  Алайда,  Қазақстанда  мемлекеттік  тілді  енгізу  және 
дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт 
еншісінде  деп  санаймыз.  ХХ  ғасырдың  басында  Абай  өзінің  жиырма  бесінші 
сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста 
тұр.  Зарарынан  қашық  болу,  пайдасына  ортақ  болуға  тілін,  оқуын,  ғылымын 
білмек  керек.  Оның  себебі  олар  дүниенің  тілін  білді.  Сен  оның  тілін  білсең, 
көкірек  көзің  ашылады.  Әрбіреудің  тілін,  өнерін  білген  кісі  оныменен  бірдейлік 
дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.» - деген болатын. Әрине, мақсат 
орыс  тілінен  бір  күнде  бас  тарту  емес,  қазақ  тілі  мен  орыс  тілін  бір  біріне 
қарсы  қою  да  емес.  Дегенмен,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебесін  шын 
мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады. Сондықтан, мемлекеттік, 
яғни  қазақ  тілін  оқып-білу,шын  мәнісінде  меңгеру қажеттілгі  туып  отыр.  Бұл 
мәселе,  әсіресе,  біздер,  студенттер,  мемлекетіміздің  болашағын  жасаушылар 
үшін қажет деп есептеймін. 
Анасының  сүтімен  бойына  даруға  тиіс  ана  тілін  білмейтіндер  біздің  елде 
қаншама?!  Ал,  ана  тілін  білмеген  адамның  оны  сүйе  де  алмайтыны  айтпаса  да 
түсінікті.  Сол  кездің  өзінде-ақ  Бауыржан  атамыз  ана  тілінде  сөйлей  білмеген 
адам,  ана  тілін  сүйе  алмайтынын  тіптен  ұлт  сезімін  жоя  отырып,  ұлт  безерлік 
тудыратынын  ашып  айтты.  Өз  ана  тілін  білмеген  адам  -  өз  анасына  да  құрмет 
көрсете алмайтыны, өз анасын қадірлей алмайтындығы белгілі. 
Әрбір  ұлт  тілінің  мәртебесі  өз  жерінде  асқақтап  тұрғаның  ескерсек, 
өзгеге емес, өзіміздің тілімізге бет бұрғанымыз жөн емес пе? Осы «Үш тұғырлы 
тіл»  турасында  қазақ  тілінің  жанашыры,  Асылы  Осман  апамыз:  «Үш  тұғырлы 
тіл» деп айтылады. Ағаштың да бір діңі болады емес пе? Бір тамырдан нәр алған 
бұталары  жапырақ  жая  берсін...  Бірақ,  тұғыр  деген  сөзді  әу  баста  тек  қазақтың 
тіліне тән ету керек еді. Қазақтың тілін ғана тұғырына қондыруымыз қажет [3]. 

 
 
105 
Биылғы  жылы  да  «Тілдердің  қолдану  мен  дамытудың  2010-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»  жасалды.  Бағдарламада 
мемлекеттік  тіл  бірлігінің  негізгі  факторы  екендігі  тайға  таңба  басқандай 
аталып,  мемлекеттік  тілді  кеңінен  қолдануға  бетбұрыс  жасалуы  қажет  екендігі 
көрініс  тапқан.  Бағдарламада  тіл  мәселесін  шешудің  жолдары  жақсы 
қарастырылыған  [4].  Сөз  жоқ  бағдарлама  алдымызға  қойған  бағдаршам  іспетті, 
жақсы нәрсе. 
Енді Бауыржан Момышұлының қазақ тілінің болашағын ойлап, оның алда 
неге  алып  келетінін  болжап,  біліп,  ол  туралы  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  хатшысы  Әбдіхалықовқа  жазған  хатын  арнайы  әңгіме  өзегі  етіп, 
бірер  ойымызды  ортаға  сала  кетпекшіміз.  Бұл  хаттың  мән-мағынасын  кешегі 
кеңестік кезеңде ұлтымыздың басшылары түсінгенімен, оны жүзеге асыру үшін 
еш шара қолдана алмады. Қайта жағдай тереңдей түсті. Оған елімізде 700 қазақ 
мектептерінің  жабылып,  жаппай  аралас  мектептер  қаптағанын  айта  кетсек  те 
жетер.  Олардың,  шындығына  келгенде,  орыс  мектептерінен  айырмасы  шамалы 
болатын. 
Бауыржан  Момышұлы  бүйте  берсе  күндердің  күнінде  қазақ  елінің  де 
тағдыры  қыл  үстінде  болатынын  жақсы  түсінді.  Түсініп  қана  қойған  жоқ, 
онымен  күресті  өзінің  қазақ  ұлтының  өкілі  ретінде  азаматтық  борышы  санады. 
Сол  үшін  хат  жазды.  «Мен  әскери  адаммын,  -  дейді  ол,-  тіл  мәселесі  туралы 
араласарлық  жөнім  жоқ  сияқты,  бірақ  та  айтылған  мәселелер  халқымыздың 
жауынгерлік  мәнезқұлқын  тәрбиелеу,  салт-сана,  ел  намысы,  ер  намысына, 
адамгершілік  арына,  жауынгерлік  мұра  дәстүріне  тапқанға  қолқа  жоқ» 
дегендейін  –ерге,  елге  медет  болып,  ер  намысын,  ел  намысын,  адамгершілік 
арын, қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім 
оятып-туғызып,  адам  түгіл  жағдайдың  көмейіне  құм  құйып,  аузын  аштырмай, 
үнін  шығармай  қоятын  тіл  болған  емес  пе  еді».  Осы  тебіренісін  ары  қарай 
жалғастыра  келіп,  Баукең  қазақ  тілінің  еш  уақытта  өзімен  көршілес  халықтың 
тілдерінен  сорлы  болып  көрмегенін,  өз  сыбағасын  ешкімге  жегізбегенін,  тіл 
байлығы,  тіл  тазалығы  –  ұлт  қасиетінің,  оның  салт-санасының  негізгі  өнеге, 
нағыз белгісі екендігін атап көрсетеді. 
Сонымен  өткен  ғасырдың  40-жылдары  көтерілген  принципті  мәселелер 
түгел  шешілді  деуге  әлі  ерте.  Оның  толып  жатқан  әлеуметтік,  саяси-құқықтық 
себептері  бар.  Оны  тарқатып  айтуға  уақыт  тар  болып  отыр.  Дегенмен  мына  бір 
мәселені  ескерте  кеткен  артық  болмас.  Ол  әлемдік  тәжірибеде  мемлекет 
құраушы  ұлт  60  пайыздан  асса,  онда  сол  мемлекетте  мемлекеттік  саясат 
мемлекет құраушы ұлттың мүддесі мен мұратына жұмыс істеуі қажет [5]. 
Рас,  «Мемлекеттік  тіл-қазақ  тілі»  деп  1995  жылғы  Конституциямызда,  7-
бабы,  1-тармақшасында  анық  жазылғанымен,  одан  бері  де  12  жыл  өтті,  оны 
жүзеге  асыруға  1997  жылы  ҚР  «Тілдер  туралы»  Заңы  қабылданып,  оны  іске 
асыруға арнайы бағдарлама қабылданды. Осы екі құжат та ҚР Президентінің қол 
қоюымен  бекітілсе  де,  10  жыл  бойы  жүзеге  аспай  келеді.  Осы  ыңғаймен  жүре 
берсек,  мемлекеттік  тіл  өз  тұғырына  отыруға  әлі  де  15  жыл  қажет  сияқты. 
Қабылданған  заңдар  мен  қаулы,  бағдарламалардың  іске  асуына  жауапты 
атқарушы  билік  жауапкершілікті  сезінбейді,  Парламент  талап  ете  алмайды, 
себебі  Ата  заңымыздың  7-бабының  2-тармағы  «Мемлекеттік  ұйымдарда  және 

 
 
106 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең 
қолданылады» деп көрсеткен. Осы бап аман тұра берсе, мемлекеттік тілдің аясы 
тарылмаса,  кеңеймейтінін  12  жылдық  тәжірибе  көрсетті.  Кезінде  орыс  тіліне 
деген  қажеттілік  болғандықтан,  яғни  оны  білмесе  оқуға  түсу,  қызметке  тұру 
мүмкін болмағандықтан, ешқандай ақша, үстеме төлемесе де, бәрі өз беттерінше 
үйренді,  қазір  ағылшын  тілі  де  қажеттілікке  айналғандықтан,  әркім  өз  бетінше 
ақысын  төлеп  үйренуде.  Елбасымыз  Қазақстан  халқы  ассамблеясында  сөйлеген 
сөзінде  :  «15  жыл  мерзім  өтті,  бұл  уақытта  аюды  да  тілге  үйретуге  болар  еді, 
мемлекеттік  тіл  –қазақ  тілі,  ол  сонымен  қатар  барлық  ұлттарды  біріктіретін 
ортақ  –ұлтаралық  қатынас  тілі  болу  керек»,  -  деп  қазақ  тілінің  кең  ауқымды, 
түсінігі мол, бай тіл екенін ерекше қадап айтқаны қазақ түгіл өзге ұлт өкілдерін 
де дүр сілкіндірлі десек, асылық айтқандық болмас. 
Сонымен  қатар  бала-бақшаларда  тәрбие  жұмысының  90  пайызы 
мемлекеттік  тілде  жүргізіліп,  жоғары  медициналық  және  техниқалық  оқу 
орындарының  оқулықтары  мемлекеттік  тілде  дайындалуы  қажет.  Бала  4-
сыныпты  бітіргенше  таза  қазақ  тілінде  білім  алып,  одан  соң  барып  ағылшын-
орыс тілін игеруі тиіс. 
Ұлтты сақтап қаламыз десек, оның тілі, ділі, діні боямасыз, қоспасыз таза 
күйінде  әркімнің  тұла  бойында  тұнып  тұру  керек.  Ол  қашанда  болса  ұлттық 
салт-дәстүрімен,  әдеп-ғұрпымен  ерекшеленіп  тұруы  тиіс.  Өзгенің  жақсы 
әдеттерін  үйреніп,  жаманын  өздеріне  қалдыруымыз  қажет.  Бізде  бәрі  осылай 
екен  деп  ойламаңыздар,  ұлттық  өнеріміз,  мәдени  мұрамыз  да  өркендеп  келе 
жатқаны  шындық,  бірақ  аяққа  тұсау  болар  тұстарын  қазірден  кесіп  тастамасақ, 
кейін  кеш  болатындықтан,  шындықты  айтып  отырмын.  «Сын  түзелмей,  мін 
тізелмес» - деген аталы сөзге тоқтасақ, төрдегі төрелеріміз бетбұрыс жасап, ісін 
түзетер деген үміттемін [5]. 
Қазақ  тілі  –  халқымыздың  асыл  қазынасы,  баға  жетпес  байлығы.  Бойыма 
анамның  ақ  сүтімен  дарыған  ана  тілім  мен  үшін  қасиетті  де  киелі.  Жалындағы 
жас  жүрегіммен  ұлан-ғайыр  жерімді,  ашық,  жарқын  қазақ  деген  елімді  сүйсем, 
алмастай өткір ана тілімді солай сүйемін. 
 
Әдебиет: 
 
1.  Темирбеков  С.  Об  одной  фундаментальной  ценности  //  Мысль  –  1999, 
№7, С.24-26 
2.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  Астана:  Юрист,  2011. 
– 44 бет  
3.  //  Бақытжанқызы  Г.  Рухани  тәуілсіздік-  қазақ  тілін  азат  ету.  //  Жас 
қазақ, 2010 , 13-бет 
4.   //  Бекжан  М.  Тіл-ұлт  тағыры.  //  Жас  қазақ,  2010  жыл,  21-27 
желтоқсан, 13-бет. 
5.   //  Бәкір  Ә.  «Мемлекеттік  тіл»  туралы  заң  болмай,  қазақ  тілінің 
мәселесі  толық  шешілмейді.  //  Ана  тілі»  газеті,  2010  жыл  9-15  желтоқсан, 
№49, 4- бет. 
 
 

 
 
107 
Утегенова А.А. 
 
КӘСІПТІК ЛЕКСИКАНЫ МЕҢГЕРТУ 
 
 Тілдің  мемлекеттік  дәрежесінің  іс  жүзінде  жүзеге  асуы  оның  қоғамдық 
функционалдық  қызмет  атқаруымен  анықталады,  яғни  қоғам  мүшелері 
арасындағы  қарым-қатынас  құралы  болумен  бірге,  ресми  іс  қағаздарының  да 
қазақ тілінде жүргізілуі және ғылыми тілі ретіндегі қызметінің өріс алу арқылы 
толыққанды  мемлекеттік  дәрежеге  ие  болады.  Мұндай  мақсатқа,  нәтижеге  қол 
жеткізуде  қоғамдық  ұйымдармен  қатар  орта  мектеп,  орта  арнаулы  оқу 
орындарындағы  және  жоғары  оқу  орындарындағы  қазақ  тілі  мамандарының 
белсенділігі,  тілді  меңгертуге  байланысты  жан-жақты  ізденістері  үлкен  рөл 
атқарады. 
 Оқу  орнының  түлегі  –  қоғамымыздың  мүшесі  болып  табыла  отырып, 
жұмыс  орындарына  жас  маман  ретінде  жіберіледі.  Жас  маманның  қызмет 
барысында: іс жүргізуде, сондай-ақ өз мамандығы, кәсіби саласында қазақ тілін 
қолдана  отырып,  ұжымға  ықпал  етуі  тіліміздің  мерейіне  үлкен  үлес  қосар  еді. 
Біздің университетімізде мемлекеттік тілді үйретуге тікелей мамандық, кәсіппен 
байланысты 
лексиканы, 
ғылым 
тілінің 
грамматикалық-синтаксистік 
ерекшеліктерін меңгертуге бағыттау қолға алынған.  
 Мамандыққа  қатысты  лексиканы  меңгерту  де,  мамандық  саласынан 
оқытылуға  алынатын  ғылыми  мәтінмен  жұмыс  істеу  де  белгілі  бір  дәрежеде 
әдіс-тәсілді,  басқаша  қадамды  талап  етеді.  Бұл  жағдайда  деңгейлік  оқытудың 
мәні  өте  зор  деп  санаймыз.  Деңгейлік  оқытудың  басты  ерекшелігі  –  білім  беру, 
оқыту, үйрету үдерісін топтап, жіктеп бөледі, әрбір деңгейдің өзінің лексикалық-
грамматикалық  минимумы  болады,  үйренуші  әрбір  деңгейдегі  білімін  өзі 
байқайды, оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделі болып 
отырады. 
 Деңгейлік  оқыту  тілді  бастапқы  дәрежеде  білу,  ана  тілі  дәрежесінде  білу, 
коммуникативтік  қарым-қатынасқа  түсе  алатындай  дәрежеде  білу  деген 
ұғымдармен байланысты. 
 Біздің ойымызшы, осы деңгейлік оқыту әдісін студенттің мемлекеттік тілді 
мамандық  саласы  бойынша  меңгеруіне  қарай  да  қолдануға  болады.  Мамандық 
саласында  деңгейлік  оқытудың  бастапқы  дәрежесі  ретінде  жекелеген  белсенді, 
яғни  негізгі  терминдерді,  арнаулы  сөздерді,  сөз  тіркестерін  үйреніп,  оларды 
қолдана  отырып  сөйлем  құрай  алуы  болса,  келесі  дәрежесі  ретінде  мамандық 
саласындағы  қоғамдық  мәні  бар  мәселелер  бойынша  сұхбаттасу  мүмкіндігінің 
қалыптасуы  деп  көрсетуге  болады.  Анықталған  мамандық  саласы  бойынша 
баспасөз  беттерінен  ғылыми  көпшілік  сипаттағы  мақаларымен  жұмыс  істеу  өте 
тиімді.  Ол  үшін  оқытушы  мамандық  бойынша  мақаланы  таңдап,  мазмұнымен 
танысып,  ой  түрткі  сұрақтар  дайындайды,  студенттердің  қызығушылығын 
оятады,  алдын-ала  тірек  сөздермен  таныстырып,  сөздердің  мағынасын 
түсіндіріп,  өзара  сұхбаттасуға  бейімдеу  сияқты  көптеген  ұйымдастырушылық 
жұмыстарынан  бастап,  соңында  әр  студенттің  ғылыми-көпшілік  мақаланың 
мазмұнын  тісініп,  тілдік  тұрғыда  меңгеріп,  ауызша  баяндайды,  мәселеге  өз 
пікірін білдіруімен жалғасады. 

 
 
108 
 Мамандыққа  байланысты  деңгейлік  оқытудың  алғашқы  сатысында 
экономист,  қаржыгер,  есепші  мамандықтарына  қатысты  кәсіптік  лексиканың 
мәнін  қазақша  түсіндіріп,  меңгеруі  болып  табылады  да,  бұл  орайда 
экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздіктермен  жұмыс  істейміз. 
Мысалы: 
«Мемлекеттік 
бюджет». 
Бұл–мемлекет 
ақша 
қаржыларының 
орталықтандырылған  қорын  жасаудың  және  пайдаланудың  негізгі  қаржы 
жоспары.  Бюджет  белгілі  бір  кезеңде  (тоқсан  жыл)  жасалып,  заң  түрінде 
бекітіледі.  Мемлекеттік  бюджет  халық  шаруашылығының,  ғылым  мен 
мәдениеттің  жоспарлы  түрде,дамуының  қажеттерін,  еңбекшілердің  әл-ауқатын 
атқаруды,  мемлекет  басқару  органдарын  ұстауды,  еліміздің  қорғанысын 
қаржыландыруды  қаржы  ресурстарымен  қамтамасыз  етіп  отырады.  Бюджет 
арқылы  мемлекет  кәсіпорындарында  жасалатын  таза  кірістің  едәуір  бөлігін 
жоспарлы  түрде  бір  орталықтан  болу  үшін  шоғырландырады.  Бюджет  кіріс  пен 
шығы  бөлігінің  әр  түрлі  құрлымынан  тұрады.  Оның  кірістері  халық 
шаруашылығынан  түсетін  халықтың  төлемдерінен  тұрады,  ал  бюджеттің 
шығысында  халық  шаруашылығын  және  әлеуметтік-мәдени  шаралар  мен 
ғылымды қаржыландыру басты орын алады. 
 Бюджеттің  шығысынан  кірісінің  асып  отыруы  экономикалық  қажеттілік. 
Бюджет жүйесіне басшылық бүкіл ел үшін бір орталықтан жүзеге асырылынады. 
Бұл  сияқты  мамандықпен  байланысты  мәтіндер  студенттердің  белгілі  бір 
дәрежедегі  дайындығын  керек  етеді.  Бұл  жағдайда  қазақ  тілі  пәні  бойынша 
мектеп  қабырғасында  алған  білімі  ескеріліп,  мемлекеттік  тілді  кәсіптік  салада 
меңгертуге  күш  салынады,  кәсіптік,  яғни  мамандықпен  байланысты  сөздік  қор 
қалыптастырумен  бірге,  тілдің  грамматикасы,  синтаксисі  бойынша  білімдері 
жетілдіріледі. 
 Жоғарыда  көрсетілгендей  мәтіндермен  жұмыс  істемес  бұрын  студенттің 
қызығушылығын  тудырып,  ынтасын  арттыру  үшін  ой  түрткі  сұрақтар  қоюдың, 
тірек  сөздердің  тізімімен  таныстырудың  маңызы  зор.  Мысалы:  «Отбасының 
бюджетіне  не  жатады?  Отбасының  кірісі  мен  шығысы  туралы  мәлімет  беріңіз. 
Сіздіңше,  мемлекет  бюджеті  неден  құралады?»  Деген  сияқты  сұрақтар  беру, 
студентті  өз  ойын  білдіруге  талпындырады,  сөйлем  құрастыруға,  сөздікпен 
жұмыс  істеуге  мәжбүр  етеді,  яғни  күнделікті  өмірмен  байланыста  ой  түрткі 
сұрақтар  беріп  және  оған  жауап  талап  ету  –  тілді  меңгертудегі  ұтымды 
тәсілдердің  бірі.  Студент  өз  мамандығына  байланысты  мәтінді  қызыға  оқиды; 
білімін, білігін, танымын толықтырады. 
 Мамандыққа  қатысты  мәтіндерді  тиімді  оқытуды  қолдануда  мәтіндерді 
аудару  әдісін  жиі  пайдаланамыз.  Мамандыққа  қатысты  мәтіндерді  қазақ  тіліне 
немесе  орыс  тіліне  аударумен  бірге,  онымен  байланысты  көптеген  тіл 
жаттықтыру  жұмыстары  жүргізіледі.  Олардың  ішінде  мәтіннің  мазмұнын  қазақ 
тілінде  баяндау,  әңгімелеу,  мәтін  мазмұны  бойынша  сұрақ-жауап  сияқты  толып 
жатқан жұмыстар жүргізіледі. 
 Кәсіби  қазақ  тілін  меңгертуде  оқыту  әдісінің  ұйымдастырылмаған 
ақпараттарды  мақсатты  түрде  меңгерту  түрін  кеңінен  қолданылуға  болады. 
Оқытудың  бұл  әдісі:  оқытушы  берген  тақырып  бойынша  студенттердің  түрлі 
бұқаралық ақпарат құралдарынан алған деректерін жинақтаудың маңызды тәсілі 
болып  табылады.  Ұйымдастырылмаған  ақпаратты  меңгертудегі  басты  мақсат  – 

 
 
109 
студенттердің, университеттен тыс, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен 
мол  көлемде  алатын  деректері  мен  мағлұматтарын  білімнің  негізі  ете  отырып, 
оқу-танымдық 
удерісінде 
ақпараттық 
орталық 
қалыптастыру. 
Ұйымдастырылған,  іріктелген  оқыту  мен  жаппай  танымдық  оқудың  арасында 
өзара  байланыс  орнатылады,  студенттердің  белгілі  бір  тақырып  бойынша 
газеттер,  ғылыми-көпшілік  журналдары,  теледидар  бойынша  көрсетілетін 
арнайы  оқу-танымдық  бағдарламлар  көмегімен  мақсатты  түрде  мағлұматтар 
жинақтауы  оқу  үрдісінің  шеңберінде  қарастырылуы  керек.  Жоғарыда  айтылған 
аударма  мәселесі  де  кең  қолданылады.  Өйткені  студенттер  екі  тілде  күнделікті 
болып  жатқан  оқиғалар  мен  жаңалықтар  туралы  хабардар  болып  отырады. 
Қазіргі таңда бұл әдіс студенттердің білімін басқарудың ең тиімдісі болып отыр. 
Әрбір  кәсіп  түріне  байланысты  мақалаларды  екі  тілде  меңгерту  барысында 
студенттердің  өзіндік  пікірін  қалыптастыру,  әр  ақпаратты  сын  тұрғысынан 
шолып,  талдауға  бейімдеу  өте  маңызды.  Бұл  жұмыстар  кезіндеде  лексикалық 
минимумды  басты  назарда  ұстау  қажет.  Қорыта  келгенде,  кәсіпке  байланысты 
лексикалық минимумды меңгерту үшін: 
  тілдің кәсіптік-коммуникативті қызметі;  
  қазақ тілінің лексикологиясы туралы мәлімет білуі; 
  коммуникативтік минимум; 
  кәсіби сөздер мен терминдерді ажырата білу; 
  кәсіби сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға дағдыландыру; 
  фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін, мәнін білу; 
  сөздіктерді пайдалана білу; 
  мамандыққа байланысты кәсіби мақалалар жазу ескерілуі тиіс. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.  Мұхадиева  Қ.,  Рамазанова  Ш.  Қазақ  тілі.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2002 ж. - 108 бет. 
2.  Сабырбаев  Б.  Экономикалық  терминдердің  орысша-қазақша  сөздігі.  – 
Алматы: Қазақстан, 1993ж. - 112 бет. 
3.  Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. Алматы, 2001 ж.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет