Case-study әдісі ең алғаш 1924 жылы Гарвард Бизнес мектебінде
қолданыла бастаған еді. Гарвард Бизнес мектебінің оқытушылары бизнес саласы
бойынша аспиранттарға арналған тиісті оқулықтың болмауы туралы мәселе
көтереді. Олар мәселенің шешімі ретінде бизнес тәжірибесі, менеджерлердің
қызметі туралы, сонымен қатар олардың қызметіне байланысты әр түрлі
ситуациялық әңгімелер құрады және осы жағдаяттық (ситуациялық) әңгімелерді
бірлесіп, ұжыммен ақылдасып шешуді ұйғарады. Міне, осылай кейс-стади әдісі
дүниеге келген.
Нақты жағдаят әдісі қазіргі таңда студенттерге білім беру барысында
кеңінен пайдаланыла бастаған әдіс десек те болады. Case-study – (ағылшын
тілінен аударғанда – нақты жағдаяттық әдіс деген мағынаны білдіреді) кейстерді
қолдану арқылы нақты жағдаяттарды шешу әдісі.
Case-study әдісі – теориялық білімді пайдалана отырып, тәжірибелік
тапсырмаларды орындау. Бұл студенттердің ойлау қабілетін дамытып, тыңдау
және өз пікірін білдіру өнеріне баулиды. Студенттердің сараптамалық, бағалау,
топпен жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады.
Case-study әдісінің мақсаты:
Кез-келген теориялық мәліметтерді тәжірибе арқылы талдау;
Талдау арқылы ішінен ең тиімді жолын таңдау;
Алға қойған негізгі мақсаттарды айқындау;
Кейстерді шешудің әр түрлі әдістерін қолдану;
Іс-әрекеттерді жоспарлай білу.
Қазіргі таңда Case-study-дің американдық (Гарвард мектебі) және батыс
еуропалық (Манчестер мектебі) мектептері қалыптасқан. Бұл екі мектептің
айырмашылығы көлемі мен кейсті дұрыс шешуінде.
74
Американдық кейстерінің көлемі 20-25 бет және 8-10 бет қосымша
иллюстрациялар болады, ал гарвардтық кейістер 1,5-2 есе кем болады [1;33].
Case-study әдісінің идеясы:
Кейсті шешу барысында бір емес бірнеше шешімі болғандықтан,
пәнді терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Нақты
жағдаяттарды
шешу
кезінде
дайын
білімді
ғана
пайдаланбай, ізденуге, ойлануға, шығармашылықпен айналысуға аса көңіл
аударылады.
Әдісті пайдалану студенттің кәсіби дәрежесін шыңдайды.
Жақсы құрылған кейс төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:
Нақты мақсатқа құрылуы;
Белгілі-бір күрделі деңгейі болуы;
Сала бойынша бірнеше мәліметті қамтуы;
Мәлімет ескірмеген, қазіргі таңда маңызды;
Студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытатын;
Пікір-талас тудыра алатындай;
Бірнеше шешімі болуы;
Тәжірибе жасай білуі;
Іскерлік ойындар өткізулері керек.
Күрдеділік деңгейіне қарай кейстер төмендегідей топтарға болінеді:
Бакалаврларға арналған кейстер;
Магистрлерге арналған кейстер;
Біліктілікті жоғарылату курстарына арналған кейстер.
Кейс-стадидің басты қағидасы «ақиқатқа жету» деп айтуға болады,
себебі бұл әдіс оқу барысында белгілі бір мәселені шешіп, талқылап, пікір-талас
тудырып ақиқатқа жетуге бағытталады. Ақиқатқа жету жолында студенттер
берілген кейсті әр түрлі әдістер арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін,
интеллектілерін дамытады.
Филолог-ғалым Асхат Әбілов Case-study-ды сабақта белгілі-бір ретпен
қолдануды ұсынады [2;311]. Мәселен:
1.Дайындық.
Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы
материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс студенттерге
сабақ алдында (бір-екі күн бұрын) таратылып беріледі: олар кейстің мазмұны
мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік
пікір қалыптастырады.
2.Топпен жұмыс.
Сабақта студенттер аудиториясы 4-5 адамнан құралған шағын топтарға
бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылайды, онда қойылған мәселелердің
шешімдерін бірлесе іздестіреді. Бұл кезеңде студенттердің шағын топтары бір-
біріне бөгет жасамау үшін әр түрлі бөлмелерде жұмыс жасағаны дұрыс.
3. Пікір-талас
Студенттер толық құрамда бір аудиторияға жиналып, кейс бойынша
пікір-талас басталады. Мұнда әр топтан сөйлеушілер (спикерлер) шығып,
топтың пікірі мен көзқарастарын дәлелдейді. Дәлелдеуге алдын-ала әзірленген
кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың
75
студенттері әр пікірді талқылауға қатысады, бір-біріне сұрақ қойып, проблеманы
шешудің басқа да нұсқалаын ұсынады. Студенттер өздерін белсенді ұстап,
талқылау мен пікір-таластан қалыс қалмаулары керек.
4. Қорытындылау.
Пікір-талас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап, студенттердің
көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді.
5. Бағалау.
Студенттер өздерінің жасаған жұмысы (пікірі, көзқарасы, шешімі)
бойынша жазбаша есеп береді. Жазу уақыты мен форматын (көлемі және басқа
да талаптар) оқытушы сабақтың мақсаттарына сай белгілейді.
Осы тәртіп бойынша кез-келген пәнге, тақырыпқа кейс құруға болады.
Кейсті шешу жолында студенттер көп ізденеді, пікір білдіреді.
Case-study түсінікті болуы үшін біз «Асу» шағын кәсіпорынындағы
нақты ситуацияны талдау арқылы көрсетеміз.
Бұл ситуация студенттердің «Қазақ тілі» пәнінде «Шағын кәсіпорын»
тақырыбы бойынша студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибемен
ұштастыратын боламыз.
Кіріспе.
«Асу» шағын кәсіпорыны 2009 жылы құрылып, полиграфия саласында 3
жылдан бері елге қызмет етіп келеді. Бұл полиграфияның жылдан-жылға
тапсырыс берушілер көбейіп, табыстары да біршама арта түскен. «Асу»
полиграфиясы кітаптар, әдістемелік нұсқаулықтар, сертификаттар, ашық хаттар
шығаруда Астана қаласы бойынша сұранысқа ие бірден-бір кәсіпорын. Себебі,
жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді, тапсырысты уақытында аяқтайды,
қызметтері қымбат емес, қол жетімді.
Негізгі бөлім.
Ситуацияны сипаттау.
«Асу» полиграфиясында 15 қызметкер жұмыс жасайды. Шағын
кәсіпорын басшысы Батырұлы Есбол (52 жаста), директордың орынбасары
Өмірзақұлы Қазыбек (30 жаста), халыққа қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Әлімұлы Айдын (42 жаста). Бұл қызметкерлер кәсіпорын ашылғаннан бері
жұмыс істеп келеді. Олар тәжірибелері мол, кәсіпорынның өркендеуіне үлкен
үлес қосып келе жатқан жандар.
Кітап шығару бөлімінде 3 адам қызмет етеді. Олар кітаптың әдемі,
сапалы болып шығуына жауап береді. Өйткені, кәсіпорынға тапсырыс
берушілер кітаптардың сапалы болуына аса көңіл бөледі.
«Асу» кәсіпорынына көптеген оқу орталықтары сертификат жасауға
тапсырыс береді. Себебі, осы полиграфияда тапсырыс берушілердің өз үлгілері
бойынша сертификаттар жасалады, әр клиентке ерекше көңіл бөлінеді.
Сондықтан да осы полиграфияға тапсырыс берушілер өте көп.
«Асу» полиграфиясының жұмыс уақыты сағ. 9.00-18.00 дейін. Демалыс
күні – жұма. Қызметкерлерге жұмыс өтіліміне, жұмыс жүктемесіне қарай
жалақы төленеді. Кәсіпорын бухгалтері Сағатқызы Айман (37 жаста) тоқсандық,
жылдық есептерін Салық комитетіне өткізіп тұрады. Кәсіпорын қызметі үшін
ақыны қолма-қол және банкте ашылған шотқа аудару арқылы төлеуге болады.
Тұрақты тапсырыс берушілерге жеңілдіктер жасалып тұрады, мұның өзі
76
адамдардың көптеп келуіне мүмкіндік береді. Мәселен, 2011 жылы 25 кітапқа,
97800 сертификатқа, мерейтойлар мен туған күнге арналған 5236 ашық хатқа, 8
наурыз мерекесіне арналған 1500 ашық хатқа тапсырыс берілген. Бұл көрсеткіш
2010 жылмен салыстырғанда 5 есе артық.
Кәсіпорын тауарларын сататын дүкендер желісін ашу жоспарда бар. Егер
«Асу» кәсіпорынының табысы жыл соңына дейін арта түсетін болса, 2013
жылдың 1 тоқсанында Астана қаласында 2 дүкен ашылады.
Осылай жұмыстың қарқынды жүруі кәсіпорын басшылары мен еңбекқор
қызметкерлердің арқасы. Қызметкерлердің жалақысын 30% -ға көтеру көзделіп
отыр.
Сұрақтар:
─
«Асу» кәсіпорынының әріптестері бар ма, болмаса әріптестікті
неден бастау керек дей ойлайсыздар?
─
Нарық сахнасында «Асу» полиграфиясын бәсекеге төтеп бере алады
ма?
─
Полиграфия қызметкерлерінің қарым-қатынасы қандай деңгейде?
─
Қызметкерлердің жалақысын көтеру полиграфия бюджетіне кері
әсерін тигізбей ме?
─
Дүкендер желісін ашса, полиграфия қаржысы екіге бөлініп кетпей
ме?
Қорытынды.
Бұл тапсырманы орындау үшін шағын топтарға бөлініп, сабақта
талқыланған мәселелер бойынша шешім шығарылады. Шығарылған шешім
жалпыға жарияланады. Берілген сұрақтарға жауап беріп, студенттер өз
пікірлерін дәлелдейді.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген кейсті құрудың бір ғана үлгісі негізінде,
аталмыш әдістің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасап, өз ой-
пікірімізді білдіруге тырыстық. Case-study әдісі қазіргі таңда сабақты қызықты
өткізуге, студенттердің ой-пікірлерін білдіруге, логикалық сұрақтарға жауап
берулеріне, шешім қабылдауларына мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс. Бұл әдісті
қазіргі оқыту үдерісінде қолдану өте тиімді деп ойлаймыз.
Әдебиеттер:
1. Инструменты стратегического развития организаций. Редактор
Долгоруков А.М., Москва, 2001.
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.
Оқу құралы. – Алматы, 2009.
3. "Практическое руководство для тьютора системы Открытого
образования на основе дистанционных технологий", под ред. А.М. Долгорукова,
Москва, Центр интенсивных технологий образования, 2002.
77
Кудабаева К.Н.
«ПРАВОПИСАНИЕ –ТСЯ, -ТЬСЯ В ГЛАГОЛАХ»
Вниманию читателей предлагается методическая разработка урока
русского языка в 5 классе.
Readers are invited to the attention of methodical development of the Russian
language lessons in 5 th grade.
Цель урока: - закрепить правописание -тся и –ться в глаголах,
правильно ставить вопрос от слова, к которому относится неопределенная
форма глагола.
повторить навык синтаксического разбора, стили речи.
формировать
компетентности
у
учащихся:
информационные,
коммуникативные, предметные.
воспитание любви к Родине.
Тип урока: комбинированный
Оборудование:
интерактивное
оборудование,
учебник,
таблица,
картинки с изображением природы Казахстана.
Свою судьбу навек с твоей сплетя,
В любви сыновней я хочу признаться:
Я счастлив, Казахстан,
Что я — твое дитя!
И в том тебе не нужно сомневаться!
Ход урока
1.Организационный момент.
Подготовка учащихся к уроку, сообщение темы и цели урока.
2.Проверка домашнего задания.
Повторение, разбор предложения по членам:
С давних времен знамена вели героев в бой, старинные гербы укрепляли
веру людей в нерушимость союза племен.
3. Изучение нового материала
3.1 Работа над эпиграфом урока.
3.2 Выполнение задания с целью формирования информационной
компетентности и умения извлекать первичную информацию)
Изучите интерактивную таблицу, устно изложите правило написания – тся
и –ться в глаголах, подтвердите 3-4 примерами.
4. Закрепление и применение знаний в работе с текстом:
Казахстан занимает большую территорию. На севере Казахстана -
лесостепь с берёзовыми и осиновыми рощами. Южнее простирае(-ться, -тся)
неоглядная степь. Ещё южнее находя(-тся, -ться) обширные пустыни и
полупустыни. Только по долинам рек и по берегам озёр здесь располагаю(-тся, -
ться) деревья, кустарники и травы. Республика слави(-тся,- ться) богатыми
78
залежами полезных ископаемых. На плодородных почвах юга Казахстана
выращивают рис, сахарную свёклу, хлопчатник, виноград, дыни, арбузы, разные
лекарственные растения.
Много в этих местах садов, особенно яблоневых. Мы можем горди (-
ться, –тся) природой нашей страны.
В предгорьях Тянь-Шаня расположена южная столица Казахстана -
Алматы.
4.1 Беседа по содержанию:
1.Как бы вы озаглавили текст?
2. Вспомните стили речи и определите, к какому стилю относится данный
текст?
3.Какую территорию занимает Казахстан?
4.Что находится на севере Казахстана?
5. Что находится на юге Казахстана?
6.Что выращивают на юге Казахстана?
7.Где расположена южная столица?
4.2 Найдите в тексте и запишите слова с орфограммой «Правописание
глаголов на –ться и –тся», объясните их правописание.
4.3. Словарная работа, с целью формирования коммуникативной
компетентности, межпредметных связей.
Столица - астана
Север - онтүстік
Юг - солтүстік
Степь - дала
Залежи - кен
Выращивают - өсіреді.
4.4. Кто лучше знает казахские пословицы
Пословицы рассыпались, найдите верное продолжение каждой
пословицы
Любовь к Родине
если весь народ искать возьме (-тся, -
ться)
Собаке хорошо живе(-тся,-ться), где
сытно,
должна зарожда(-тся, -ться) у
семейного очага
Только делами благими
а джигиту - на Родине
Что случилось потерять – найде (-
ться,
-тся)
рождае(-тся,-ться) доброе имя
Задание: найдите глаголы на изученное правило. Вставьте, где необходимо, в
глаголы Ь
79
5. Индивидуальная работа
Работа с учебником
Выполнить упражнение 923
6. Рефлексия.
Чтение отрывка из весёлого стихотворения Э. Успенского «Окончания
глаголов». Как вы понимаете его слова о том, что сами глаголы должны давать
ответ, когда в них следует писать –тся, а когда – ться?
Как же быть с этим знаком,
Ставить его или нет?
Надо, чтоб сами глаголы
Людям давали ответ.
7 Подведение итогов
8. Домашнее задание: упражнение 924
Примбетова М.Б.
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
«ТӘУЕЛСІЗДІК АРУЫ» АТТЫ
ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ СЦЕНАРИЙІ
(Экранда «Тәуелсіздік аруы» байқауына қош келдіңіздер! деген сөз шығады
және (залда тыныштық ,орнайды, жарық өшеді, кұй орындалады)
1.Күй. Орындайтын: КСК-201 топ студенті Сырлыбаев Ержан
2.Жүргізуші Рүстем: Қайырлы күн, Ханымдар мен мырзалар! Қош
келдіңіздер, құрметті қонақтар! Қымбатты құрбы-құрдас, студенттер!
3.Жүргізуші Мөлдір: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ардақты ата-
аналар! Бүгін университет қабырғасында кезекті танымдық кеш! Бүгін әдемі
жүздесу, ару-бойжеткендердің қатысуымен өтетін байқау Сіздерге көңілді кеш
сыйлайды деп ойлаймыз!
4.Жүргізуші Рүстем: Дұрыс айтасың, Мөлдір, бүгінде Қазақ елі Ұлы
мереке - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына үлкен дайындық жасауда. Біздің
университетте де бүгін осы мерейлі мереке қарсаңында Жалпы тілі білімі және
аударма ісі кафедрасы «Тәуелсіздік аруы» атты байқауды ұйымдастырып отыр.
Байқаудың мақсаты:
- Ел тәуелсіздігі қарсаңында студент жастарға патриоттық тәрбие беру;
- Отан сүйгіштік сезімін арттыру;
- Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен дамыту болып
табылады.
5.Жүргізуші Мөлдір : Ендеше көп созбай, байқауға қатысушы
үміткерлерімізді сахнаға шақырайық!
80
6.Әдемі әуен естіледі (орындайтын Юсуп) Сахнаға жігіттер қыздарды алып
шығады.
7.Жүргізуші Рүстем: Байқауға қатысушылардың рет санын анықтау
мақсатында қоржыннан нөмірленген асықтарды алып, қазылар алқасына
көрсетейік. Ол үшін алдымен қазылар алқасының құрамымен танысып алайық!
Қазылар мүшесі:
1.Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы – Бірінші проректор, з.ғ.д., профессор
2.Шайтұрсынқызы Гүлжан - Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық
драма театрының әкімгері
3.Бейсенова Жайнагүл Сабитқызы – кафедра меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
4.Тұрашев Ержан Нұрғалиұлы – Университеттің ғылым бөлімінің
бастығының орынбасары
5. Сәуле Әділбекқызы - ҚазГЗУ-дің ғылым бөлімінің жетекші маманы
6.Қосубаев Жанат Зкрянович – Магистратура және РһD доктантура
орталығының директоры
8. Кужасарина Арайлым, магистратура бөлімінің І курс магистранты
(Мөлдір қоржынды қыздарға ұсынады); (Қыздар атын, фамилиясын
айтып сахнада қатар тұрады).
8.Жүргізуші Мөлдір: Жақсы сонымен, өнер көрсетушілердің ретін анықтап
алдық. Енді байқаудың бірінші кезеңін бастайық. «Өзге емес, өзім айтам өз
жайымды ...» атты байқаудың алғашқы кезеңін бастаймыз.
9.РҮСТЕМ: «Көптің түсін білгенше, бірдің атын біл» демекші, қыздардың
атын-жөнін, қалаған мамандығын білу де артық емес.
10.МӨЛДІР: Рүстем, қыздар тек атын атап қоймайды ғой, олар
көрермендер назарына өздері туралы толық мәлімет ұсынады. «Өз өзіңді
жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген емес пе?!
11.РҮСТЕМ: Өте жақсы ендеше, іске сәт!
(Қыздар кезектесіп өздерін таныстырады және сахна сыртына шығып,
байқаудың келесі түріне дайындалады).
12.РҮСТЕМ: Байқаудың алғашқы кезеңі осылай болды, қазылар алқасынан
бағасын күтеміз.
13.МӨЛДІР: Қыздар келесі кезеңге дайындалғанша шашу ретінде әсем
әуен орындалсын. Скрипка. Ахмет Жұбанов. «Жезкиік» әні. Орындайтын
Психология мамандығы 1 курс студенті Жұмажанова Дина.
14.РҮСТЕМ: Осындай жүрекке жеткен әсем әуеннен кейін байқаудың
екінші кезеңіне көшейік!
15.МӨЛДІР: Ендеше, «Тәуелсіздік - тірегім менің ...» атты авторлық
немесе қазақ ақындарының тәуелсіздік туралы жырларынан үзінді оқу.
16.РҮСТЕМ: Онда мәнерлеп оқу байқауын бастайық! Үміткер қыздарды
сахнаға шақырамыз.
(Қыздар кезек-кезек шығып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып шығады).
17.МӨЛДІР: Қазылар алқасы, «Поэзия – жүрек үні» дегендей,
жүректеріңізге әсер еткен өлеңдердің бағасын берсеңіздер деп сұраймыз!
Сахнаға қыздарды шақырамыз!
81
18.РҮСТЕМ: Осындай көркем қыздарымыздың келесі кезекті байқау түріне
дайындалғанша, осылардың құрметіне ФС-1 курс студенті Назарова Шолпанның
орындауында «Астана» әнін тыңдайық!
19.МӨЛДІР: Иә, Тәуелсіздік бізге жаңа астана туралы ән шырқау бақытын
сыйлады. Бұл да егемендіктің арқасында. Ендеше «Астана» әнін тыңдау артық
болмасы анық.
(Шолпан әнді орындайды)
20.РҮСТЕМ: Рақмет, Шолпан, әдемі шырқайсың! Осы байқауға сен де
қатыссаң артық болма еді ғой!
21.МӨЛДІР: Рүстем, Шолпан байқауға қатыспаса да құрбыларының
құрметіне әннен шашу шашты ғой. Оған рақмет!
22.РҮСТЕМ: Жақсы, жақсы, Мөлдір, енді әсем қыздарымызды сахнаға
шақырып, блиц тур сұрақтарына жауап берулерін өтінейік?!
23.МӨЛДІР: Рүстем, ендеше, өзің барып қазылар алқасы алдындағы үй
тапсырмасы сұрақтарын алып келсең қайтеді?
24.РҮСТЕМ: Әрине ол қиын жұмыс емес. Әкелсем әкелейін.
(Рүстем табақшаға салынған сұрақтарды алып келіп, қыздарға ұсынады.
Олар барлығы қатар тұрып, жауап береді)
.24. МӨЛДІР: Осындай қызық та күрделі сұрақтарға жауап берген
аруларымыз өнер сайысында да белсенділік танытады деп ойлаймыз.
25. РҮСТЕМ: Мөлдір, асықпашы, блиц турдың нәтижесін анықтау қазылар
алқасы еншісінде емес пе? Сол бағаларға куә болайық!
(қыздар сахнада күтіп тұрады)
26. МӨЛДІР: Ал енді өнер сайысы алдында дайындыққа уақыт бере тұрып,
ән шашуды тамашалайық! Есеп және аудит мамандығы қазақ бөлімінің 1 курс
студенті Қарлығаш Татайдың және домбыра құлағында ойнайтын өнерлі
студенттердің орындауында Құрманғазы бабамыздың «Балбырауын» күйі.
1 Бұхарбаева Қымбаттың орындауында өзбек биі.
2. Би королі атанған вальс, «Титаник» әуенімен тербеле билейтін Какова
Аида
сүйемелдеуші жұбы – ФС-1 курс студенті Төкеев Мейрамбек.
3. Шайхымбаева Азизаның орындауында ән «Туған ел» әні
4. Заитова Гузальдің орындауында ән « Қазақстаным менің»
5. Қоғамова Азизаның орындауында «Елім менің» әні
6.Ахметова Айжанның орындауында «Іңкәрім-ай!» әні
7.Канатбекова Арайдың орындауында « Желтоқсан желі ызғарлы», толғау
8. Жағыпарова Айымның орындауында «Қазақ биін» тамашалаңыздар. МП-
204 ФС-105
82
ЖҮРГІЗУШІЛЕР: «Тәуелсіздік аруы» байқауына қатысушылар үй
тапсырмасы бойынша блиц тур сұрақтарына жауап береді. Бұл, сөз жоқ, Ел
тәуелсіздігімен тікелей қатысты танымдық сұрақтар болып табылады.
1. ҚР Конституциясы қашан және неше рет қабылданды?
2. Астана сөзінің синонимі
3. Қазақ елі Тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?
4. Гүлдердің қазақша атауын айтып беріңіз.
5. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?
6. Семей полигоны қашан жабылды?
7. Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын атаңыз
8. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз
9. «Высокосный год» тіркесінің қазақшасын айтыңыз
10. Ұлттық валютаның авторлары кім?
11. Қазақ өнерін Парижде паш еткен қазақ әншісі туралы не білесіз?
12. Қазақ елінің елшілігі неше елде орналасқан?
13. Студент үшін жетпейтін нәрсе не деп ойлайсыз? Таратып айтып беріңіз.
14. Алаш ардагерлерін атаңыз
15. Қазақ гуманитарлық заң университеті қашан құрылды және қандай
стипендиялар бар?
16. Тіл мен ұлттың байланысы туралы Ахмет Байтұрсыновтан қандай сөз
қалды?
17.Отандық қазақ басылымдары туралы әңгімелеңіз
18. ҚР-да алғаш Тілдер туралы заң қашан қабылданды? Оның ерекшелігі
неде?
19.ҚР-да қазіргі қолданыстағы «Тілдер туралы» Заң қашан қабылданды?
20. «Бәйтерек» монументінің авторы кім және қай жылы бой көтерді?
21. Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы қай көшелердің қиылысында , атап
беріңіз.
22. Тәуелсіздік белгілері жайлы әңгімелеңіз.
23. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы сөздерін еске
түсіріңіз.
24. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдары жарық көрген
еңбектерін атаңыз.
25. Қазіргі «Менің Қазақстаным» мемлекеттік әнұранының авторларын
атаңыз.
26. Ж.Нәжімеденов «Менің Қазақстаным» өлеңін неше жасында жазған?
27. Қоғам қайраткері болу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
28. Сіз егер сәулетші болсаңыз не істер едіңіз?
29.Сіз егер депутат болсаңыз не істер едіңіз?
30. Егер сіз ректор болсаңыз не істер едіңіз?
31. Егер сіз мүсінші болсаңыз не істер едіңіз?
32. Қалаларда мешіт салудың қандай қажеттілігі бар?
33. Көше мен даңғылдың қандай айырмашылығы бар?
34. Өз ана тілін білмеген азаматтар мен студенттерді қалай жазалауға
болады?
36. Ұлттық теңге күні және оның тарихы туралы айтып беріңіз.
83
37. Алып әуе кемесін жүргізетін қазақ қызы кім?
38. Ел тәуелсіздігін сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |