Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік №2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ӘДІСТЕМЕНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ МЕТОДОЛОГИИ 
 
  
 Аманжолов Р.Н. 
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ 
 
Бұл мақала оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу туралы жазылған.  
 
This report is about teaching students to national upbringing. 
 
Мектеп  -  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  жүйесіндегі  шешуші  буын.  Оның 
жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  рөлі  өте  зор.  Еліміздің  жпотары  мектеп  арқылы 
өмірге  жолдама  алады.  Мектеп  еш  уақытта  отбасынан,  қоғамнан  бөлініп, 
автономиялық  мекеме  болған  емес.  Сондықтан  оның  іс-әрекеті  отбасымен, 
жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен 
тәрбиелік қызметі осында. 
Мектеп  тәрбиеге  байланысты  қоғамдық  күштерді  ұйымдастыру  және 
біріктіру  рөлін  атқарады,  Ол  ішкі  тәрбие  процесін  атқарып  қана  қоймайды, 
мөлтек  аудандарда,  кәсіпорындарда  жүргізілетін  тәрбие  жұмысының  мақсатқа 
бағыттылығын  қамтамасыз  етеді.  Осы  тұрғыдан  мектеп  —  балалармен  тәрбие 
жұмысын  ұйымдастырып,  жеке  адамның  дамуында  және  қалыптасуында  әр 
түрлі  факторлардың  ықпалын  үйлестіріп,  біріктіретін  орталық.  Мектепте  іс-
әрекеттің  ең  бастысы  -  тәрбие  түрлерінің  (дүниетіным,  еңбек,  мінез-құлық, 
әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. 
Ал  мұғалім  мен  мектептің  ең  қасиетті  міндеті-рухани  бай,  жан-жақты 
дамыған  жеке,  дарынды  тұлғаны  зерттеп,  дамытып,  қалыптастыру.  Болашақты 
гүлдендіріп,  тәуелсіздікті  нығайтатын  ұрпақ  алдымен  рухани  ұлттық  тәрбие 
нәрімен  сусындауы  қажет.  Рухани  байлық,  ең  алдымен,  әр  халықтың  ұлттық 
әдет-салты,  әдебиеті,  мәдениеті,  өнері,  шыққан  түп-тамырында  жататыны 
белгілі  [6,  33  б.]. Сол  ұлттың  байлықты  бүкіл  адамзаттың  өз  ұрпағын 
тәрбиелеудегі,  білім  берудегі  озық  ұстанымдарымен  байланыстыра  отырып,  әр 
баланың  қабілетін,  талантын  ашу,  өзіне-өзінің  сенімін  нығайтып,  өзіне-өзінің 
жол  ашуына  түрткі  жасау.  Міне,  бүгінгі  білім  беру,  тәрбие  ісінің  басты  міндеті 
осы...  Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін,  білігі  мен 
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, 
тәрбие-ауадай қажет.  
Иә,  егеменді  еліміздің  жарқын  болашағы  болар  жас  ұрпаққа  терең 
мазмұнды  білім  беру  мен  ұлтын  сүйер  патриот  азамат  етіп  тәрбиелеу  бүгінгі 
алға  қойған  басты  міндет.  Ертеңгі  ел  тізгінін  ұстар  азаматтар-бүгінгі  мектеп 
оқушысы.  Жас  ұрпақ  тәрбиесі  қай  заманда  болмасын  уақыт  сөресінен  түскен 
емес. 
Тәрбие 
мәселесі 
адам 
баласының 
ғұмырындағы 
көнермейтін, 
ажырамайтын  баға  жетпес  құндылық,  бала  тәрбиелеу  мәселесінің  негізгі  өзегі-
өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы.  

 
 
51 
Ақиқат  пен  аңыздың  асқарында  ғұмыр  кешкен  Бауыржан  Момышұлы 
атамыздың  мына  сөзі  де  менің  жанымда  жүреді.  «Жаудан  да,  даудан  да 
қорықпаған  қазақ  едім,  енді  қорқынышым  көбейіп  жүр.  Балаларын  бесікке 
бөлемеген,  бесігі  жоқ  елден  қорқам.  Екінші,  немересіне  ертегі  айтып  беретін 
әженің  азаюынан  қорқам.  Үшінші,  дәмді,  дәстүрді  сыйламайтын  балалар  өсіп 
келеді.  Солардан  қорқам»  деген  атамыздың  осы  қорқынышын  болдырмайтын, 
бесік  жыры  үнінің  құдіретіне  тәнті  болып  өсетін  баланың  тәрбиеленуіне, 
ертегіні  құмарта  тыңдап,  оның  қызығына  тамсана  білетін  жеткіншектің 
көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын 
тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады.  
Заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.  О.  Әуезов:  «Адам  баласы  жан 
жемісін  татпай,  өмірдің  терең  мағынасында  шын  мақсатын  түсіне  алмайды» 
деген  екен.  Жан  жемісі  алдымен  оқу-білім,  тәрбие  десек,  сол  жемісті  берер 
мәуелі  ағашымыз  мектеп,  ол  мектептің  жүрегі-  мұғалімдер  емес  пе?!  Мектеп-
білім  ошағы,  тәрбие  ордасы,  тағылым  табалдырығы.  Мектеп-тұлғаның  толық 
қалыптасуына  жағдай  жасайтын  әлеуметтік  орта.  Әр  жеткіншек-зерттелмеген 
құпия.  Сол  зерттелмеген  құпияны  ашып,  баланың  басқаға  ұқсамайтын  қасиетін 
тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. 
Қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрі,  мәдениеті  мен  әдебиеті  оқушылардың 
еңбексүйгіштік,  ұқыптылық,  моральдық  қасиеттерін  қалыптастырады. Оқу-
тәрбие  үрдісінде  әрбір  шара  ата-аналардың  қатысуымен  өткізілетінін  ерекше 
атағым  келеді.  Ата-ананың  балаға  өнегесі-барлық  жағдайдағы  ең  күшті  бағдар 
екендігі  сөзсіз.  Отбасындағы  шынайы  ұлттық  тәрбие  қолға  алынбай,  бала 
ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай 
жағдайда  ол  өзін  де,  өзгені  де  сыйлап,  құрметтеп,  отбасының,  елінің  намысын 
ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде  әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі 
тәрбие  жанұядан  басталады.  Балаларды  тәрбиелеуде  ата-аналарды  оқу-тәрбие 
үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға 
тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтынын, ал бай орта 
болатынын  ескере  отырып,  біз  мектептің  ата-аналар,  оқушылар  мен 
мұғалімдердің  өзара  әрекет  жасауына  үнемі  ашық  болу  үшін  бар  күшімізді 
саламыз. 
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік 
тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-дей отырып, «Егер біз 
балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  алсақ,  ол  бала  дәл  сондай  бола  алады»,-деген 
В.А.Сухомлинский  сөзін  басшылыққа  алуымыз  керек.  Тәрбие  арқылы  білім 
беру-үзіліссіз  жүргізілетін  үрдіс,  ол  адамның  өмірге  келген  күннен  бастап  өмір 
бойы  жалғаса  береді.  Оның  мазмұны  оқушының  жеке  бас  қасиеттерінің  кең 
шеңберін қамтиды. 
 Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесі  –  әлемде  теңдесі  жоқ  тәрбие.  Жалпы 
«ұлттық»  деген  сөздің  астарында  елге-жерге,  тілімізге,  дінімізге  деген  құрмет 
жатыр.  Ал  осы  ұлттық  тәрбиені  бала  бойына  сіңіруде  бастауыш  сыныпта 
атқарылатын  жұмыстың  орны  ерекше.  Яғни  тәрбие  алуды  сәби  ана  құрсағынан 
бастаса, 
оны 
білім 
теңізінің 
мектеп 
атты 
кемесінде 
ұлттық 
құндылықтарымызбен  жетілдіру  өте  маңызды.  Балабақша,  мектептерге  ұлттық 
тәрбие  енгізу  арқылы  біз  ұлтжанды,  парасатты  ұрпақ  өсіретініміз  айдан  анық. 

 
 
52 
Рухы  асқақ,  іргесі  берік  ел  боламыз  десек,  ең  бастысы,  ұрпақ  тәрбиесі  мен 
біліміне  сергек  қарауымыз  қажет.  Бұл  жөнінде  Абай  атамыз:  «Балаға  мінез  үш 
алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – 
құрбысынан»,  –  деген  екен.  Ұлттық  тәрбие  атауын  алғаш  әдеби-педагогикалық 
оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден 
бастау  алатыны  жайлы  айтқан.  «Педагогика»  атты еңбегінде  былай  дейді:  «Ұлт 
тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып,  көп  буын  қолданып  келе  жатқан  тақтақ  жол 
болғандықтан,  әрбір  ұлттың  баласы  өз ұлтының  арасында  өз  ұлты  үшін  қызмет 
ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға 
міндетті». 
Ұлттық  тәрбие  барысында  ұлттық  сананы  қалыптастыру  ең  маңызды 
шарттардың  бірі  десек  қателеспейміз.  Қазіргі  жаһандану  кезіндегі  Батыс 
өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. 
Алатын 
тұстарымыз 
қатарына 
батыстың 
технологиялық 
жетістіктерін, 
экономикалық  өндірісті  ұйымдастыру  тәжірибелері  мен  ғылыми-техникалық 
мәдениетін  қабылдау  сияқтыларды  атауымызға  болады.  Батыстың  білімі, 
ғылымы,  техникасы,  технологиясы,  біздер  үшін  өте  қажет  десек  те,  Батыс 
өркениетіне  шамадан  тыс  еліктеушілік  –  жақсылықтың  нышаны  емес. 
«Батыстың  технологиялық  жаңалығына  ұмтылу,  экономикалық  өндірісті 
ұйымдастырудағы  жетістіктерін  игеру  –  қажеттілік,  ал  одан  керісінше  бүгінгі 
күнде  рухани  тапшылыққа  айналып  отырған  ізгілік,  кісілік,  адамгершілік, 
бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, 
Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға 
ұшырады.  Мысалы,  дәстүрлі  қазақ  қоғамы  мәдени  құндылықтарды  ешуақытта 
тауар  деп  қабылдамайды,  негізгі  ұстанымы  бойынша  қоғамның  шаңырағын 
шайқалтпай  ұстап  тұруға  тиіс  тетік,  өмірлік  ұстын  ретінде  қарастырады.  Ал 
Батыс  өркениетінде  бұл  тұрғыдағы  ұстаным  мүлдем  басқа,  олар  мәдени 
құндылықтарды  тауар  ретінде  қабылдайды,  мақсат  –  сату  (сатылу)  және  пайда 
табу.  Уақыт  қанша  аз  жұмсалса,  сонша  пайдасы  көп».  Қазақ  қоғамы  қазір 
қарқынды  түрде  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісінің  ықпалынан  өзі  қаламаса  да, 
оқшау  бола  алмайды.  Жаһанданудың  қауіпті  тұсынан  арылу  үшін,  әрбір  ұлт, 
әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек. 
 Әрине,  жаһанданудан  ешкім  де  құтыла  алмайды.  Оған  тек  бейімделу 
керек, ал бейімделе алмағандар құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық 
қабылдау деп ұқпау керек. «Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай 
жөнелетін  қаңбақ  ұрпақ  керек  емес,  пайдасын  алып,  зиянын  бойына  дарытпай, 
дауылына  міз  бақпай  қасқайып  қарап  тұратын  тамыры  ұлт  рухына  терең 
бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ 
тәрбиелеу». 
Оған  қарсы  тұру  үшін  ұлттық  тәрбиеге  арқа  сүйеу  керектігін  басып 
айтуға  болады.  Қазіргі  кезеңде  әлемнің  әр  түкпірінде  өткір  қойыла  бастаған  ең 
өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің 
ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең 
алдымен  өзінің  белгілі  бір  ұлттың  мүшесі  екенін  іштей  терең  сезініп,  санада 
сілкініс  жасауы  керек  екенін,  содан  кейін  барып  жалпыадамзаттық  қоғамға 
лайық  орнын  белгілеуі  қажеттігін  сіңіруі  болса  керек.  Бұл  жерде  негізгі  әңгіме 

 
 
53 
арқауы  ұлттық  тәрбие,  ұлттық  сана,  ұлттық  ұстаным,  ұлттық  мүдде  туралы 
болып  отыр.  Өйткені  біздің  төлтума  бітімімізді,  қайталанбас  ұлттық 
болмысымызды,  ұлттық  ойлау  машығымызды,  қала  берді  ұлттық  кейпімізді 
сақтап  қалу  бәрінен  маңызды.  Ол  бізге  мынау  аждаһадай  төніп  келе  жатқан 
дүлей  дүниеде  біржола  жоғалып  кетпеуімізге  кепіл  болуға  тиіс.  Қалай  десек  те 
ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи 
жадын,  бірегей  ұлттық  ойлау  машығын,  өзіндік  дүниетанымын,  ана  тілі  мен 
ділін,  дінін,  дәстүрлі  мәдениетін  аман  алып  қалу  және  оны  одан  әрі  дамыту 
жолында  күреске  түсетіні  анық.  Олай  болса,  осы  айтқанымыздың  бәрі  ұлттық 
тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындаймыз. 
 Белгілі  қазақ  ақыны,  қоғам  қайраткері  М.  Шахановтың  «Компьютер 
басты  жарты  адамдар»  поэмасынан  қазіргі  заманның  хал-жағдайын  көруімізге 
болады.  Ұлттық  рухы,  ұлттық  ар-намысы,  ұлттық  сана-сезімі  жоқ  қазақтарды 
ақынның  «компьютер  басты  жарты  адамдарға»  теңеуі  бекер  емес.  Жүрегінде 
ұлттық  сезімі  жоқ,  «мен  –  қазақпын»  деуге,  өзінің  ана  тілінде  сөйлеуге,  ата 
салтын құрметтеуге намыстанатын азаматты нағыз адам немесе Абай айтқандай, 
«толық  адам»  деуге  бола  ма?  Оның  жансыз  компьютерден  айырмасы  қайсы? 
Компьютер  –  ғылым  мен  техниканың  өлшеусіз  қуатының  арқасында  ғана 
миллиондаған  ақпаратты  «есінде  сақтайтын»,  мыңдаған  операцияларды 
жаңылыспай  жүзеге  асыратын  «құлтемір».  Компьютерде  ұлттық,  нәсілдік 
ерекшелік,  сезім  де,  рух  та  болмайды.  Ол  –  тек  адамның  басқаруымен  жұмыс 
істейтін  техника  ғана.  Бүгінгі  замандастарымыз  ұлтын,  Отанын,  елін,  жерін, 
тарихын,  тілін,  ділін,  дінін,  ата  салтын  мансұқ  еткен  мәңгүрт  ұрпаққа  айналып 
кетпесе 
деген 
ақынның 
жанайқайы, 
өз 
ұлтының 
тағдырына 
деген 
жанашырлығының айғағы емес пе? 
«Тәрбиесіз 
берген 
білім 
қауіпті», 
– 
деген 
екен 
әл-Фараби. 
Технологияның  дамып,  әлемдік  жаһандану  үдерісі  кезінде  білім  беру  жүйесіне 
ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет 
ететін  болашақ  жеткіншектерге  сапалы  білім  мен  өнегелі  ұлттық  тәрбие  беру  – 
ұстаздар қауымының басты парызы.  
 Ұлттық  тәрбиені  ұлттық  сана-сезімі  жоғары  болашақ  маман  жастарды 
тәрбиелеуге  негізделген  білім  беру  жүйесінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарауға 
болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне 
үлес  қоса  алатын,  ұлттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
өзара  ұштастыра  алатын  толық  кемелді,  ұлтжанды  тұлғаны  тәрбиелеуді  мақсат 
етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. 
Кез  келген  адамды  тәрбиелеудің  ұлттық  негізі  болуы  керек.  Сонда  ғана  тәрбие 
шынайылыққа  айналады.  Тәрбиенің  мақсаты  –  елдік  сананы  қалыптастырып, 
ұлттық  рух  пен  ұлттық  патриотизмді  негіздеу,  ұлтсыздықпен  күресу  болса 
керек.  Сондықтан  тәрбиенің  жүзеге  асуының  технологиясы  қалай  дегенде  де 
ұлтымызға  ұстын,  болашағымызға  тұғыр  болатын  ұлттық  тәрбиеде  жатыр  деп 
нық  сеніммен  айта  аламыз.  «Қазақ¬қа,  әсіресе  бүгінгі  жастарға,  ұлттық  тәрбие 
беру  керек»  деген  идеяны  басшылыққа  алған  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университетінің  ректоры,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
профессор С.Пірәлиевтің жобасы ойға қонымды. 

 
 
54 
Ел  Президентiнiң  сөйлеген  сөзінде:  «...Барлық  дүние  мектептен 
басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге 
көшіп,  педагогтардың  кәсіби  деңгейі  мен  жаңа  оқулықтар  мен  біліми 
технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..», – деп, атай келе «Қазақстан – 
2030»  бағдарламасында:  «...Бiздiң  жас  мемлекетiмiз  өсiп-жетiлiп  кемелденедi. 
Бiздiң  балаларымыз  бен  немерелерiмiз  онымен  бiрге  ер  жетедi.  Олар  өз 
заманының  жауапты  да  жiгерлi,  бiлiм  өресi  биiк,  денсаулығы  мықты  өкiлдерi 
болмақ.  Олар  бабаларының  игi  дәстүрлерiн  сақтай  отырып,  қазiргi  заманғы 
нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...», – делінген. 
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің 
өзі  күнделікті  сабақтың  әрбір  кезінде-ақ  оқушы  бойына  сіңе  бастайды.  Қазіргі 
кезде ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-
ғұрып,  салт-дәстүр,  ұлағатты  қағидалар,  шешендік  сөздер,  өнеге  өсиеті  бар 
мақал-мәтелдер, 
туған 
топырағымызда 
дүниеге 
келген 
ойшыл 
ғұламаларымыздың  еңбектеріндегі  тәрбие  қағидалары  элементтерін  бастауыш 
сыныптарда  қазақ  тілі,  ана  тілі,  математика,  дүниетану,  бейнелеу  өнері, 
денешынықтыру  сабақтарында  кеңінен  қолданудың  маңызы  артып  келеді. 
Мысалы:  математика  сабағында  ақыл-ой  қабілетін  дамытатын  ойындармен,  ән-
күй  сабақтарында  түрлі  әуендермен,  дүниетану  сабағында  табиғи  денелерді 
қолдануды 
және 
хайуанаттар 
дүниесін 
елестететін, 
денешынықтыру 
сабақтарында  ұлттық  ойындармен,  ал  еңбекке  баулуда  түрлі  ою-өрнектермен 
және т.б. танысады. 
 Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші 
ұлттық  рух  болуы  керек»,  –  дегенін  әр  кез  есте  сақтап,  еліміздің  жарқын 
болашағы  үшін  атсалысуымыз  қажет.  Ол  үшін  біз,  ұстаздар  қауымы, 
оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік 
түп-тамырын,  мәнін,  алтын  діңгегін  түсіндіре  білуіміз  керек.  Ұлттық  тәлім-
тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай  білу  мұғалімдердің  ата-аналармен  қосылып 
жүргізген  шараларына  байланысты  болмақ.  Өйткені  бірінші  ұлттық  тәрбиенің 
ошағы  –  отбасында,  екінші  –  мектепте  болғандықтан,  ата-ана  мен  мектеп,  яғни 
мұғалімдер  мен  жұртшылық  тығыз  байланыста  болуы  шартты  нәрсе  екені 
баршамызға аян. 
Қазақтың  айтулы  қоғам  қайраткері  Мұстафа  Шоқай  былай  дейді: 
«Ұлттық  мәдениеттен  жұрдай  рухта  тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың 
қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын  пайдалы  азамат  шықпайды».  Яғни  елдің  туын 
көтеріп,  тәуелсіздік  талаптарын  орындау  ісіне  батыл  бетбұрыс  жасаған  бүгінгі 
таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-
рухани  мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-тәрбие  саласындағы,  білім  жүйесіндегі 
ізденістерін көрсету – басты міндетіміз. 
Ұлы  бабамыз  Әбу  Насыр  әл-Фараби:  «Адамға  біліммен  қатар,  тәрбие 
берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың  хас  жауы»,  –  деген  екен. 
Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып 
үйрену,  өнеге  тұту,  жас  ұрпақты  ізгілікке  баулу  үлкен  жауапкершілікті  талап 
етеді.  Ұлттық  тәрбиенің  құдыретін  қанша  айтсақ  та,  түгесу  мүмкін  емес. 
Осындай  ұлы  тәрбие  ізгіліктері  бала  кезден,  бұла кезіңнен  бастау алмаса,  кейін 
өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.  

 
 
55 
Әдебиет: 
 
1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994. 
2. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану // «Егемен Қазақстан». 
3. Қапалбеков Б. Ұлттан тілді алса... – Алматы, 2006. – 138 б. 
4. Мырзахан А. Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие // «Ана тілі», 20 қазан, 
2011. 
5.  Оқушы  бойында  ұлттық  құндылықтарды  қалыптастыруда  мектеп  пен 
ата-ананың рөлі 
 
 
 Аманжолова Б.С. 
 
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Это статья посвящена рассмотрению разных видов обучения . 
 
This report is about kinds of learning organization process. 
 
Бастауыш  мектеп  –  баланы  оқуға  үйрету  мен  тәрбиелеу  оның  тұлға 
ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі 
саты.  Қазіргі  таңдағы  мұғалім  оқушы  үшін  «  дайын»  білім  көзі  болмай, 
керісінше 
кіші 
мектеп 
оқушыларының 
танымдық 
іс-әрекетінің 
ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі  қажет. Қазіргі кезде ҚР-да 12 
жылдық 1-2 сыныптарында оқулықтарымен оқу әдістемелік кешендер сынақтан 
өтуде.  Кіші  мектеп  жасындағы  оқушының  негізгі  ерекшелігі  –  білімді 
қазығушылықпен  алуы.  Бүгінгі  таңда  өмірде  болып  жатқан  өзгерістерге 
байланысты қоғамның шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж 
екендігі  дәлелденуде.  Ана  тіліміздің  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болуы,  ұлттық 
мектептердің кеңінен ашылу түсуі – пән мұғалімдеріне күрделі міндетті жүктеп 
отыр.  Бұрынғы  догмалық  әдістерден  арылып,  тиімді  әдістемелік  жолдарды 
қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі 
қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім 
берудегі  ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде.  Заман  ағысына  сай 
технологияларды  қолдану  ауқымы,  түрлері  өзгеріп  отырады.  Бірақ  ең  бастысы 
технологияларды  тиімді,  жүйелді  қолдану  керек.  Республикада  оқыту  мазмұны 
жаңартылып,  жаңа  буын  оқулықтарының  негізінде  жасалған  бағдарламалар 
бастауыш  мектептің  жаңа  жүйеге  көшуін,  әрбір  мұғалімнен  жаңаша  жұмыс 
істеуін,  батыл  шығармашалық  ізденісін,  оқушылардың  белсенділігі  мен 
қызығушылығын  арттыруды  талап  етеді.  Сондықтан,  мұғалім  өз  білімін  жан-
жақты  жетілдіре  отырып,  оқушыны  қызықтырып  оқыту  керек  екенін  айтқан. 
Ұлы неміс пегагогы А.А. Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, 
ал  жақсы  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді,  ойлауға  үйретеді»  –  деген. 
Республикамыздың  білім  беру  жүйесінң  ең  басты  мәселесі  –  қазақ  мектебі 
түлегінің  деңгейін  халықаралық  дәрежеге  жуықтату.  Ол  үшін  мектепке  заман 

 
 
56 
талабына  сай  мемлекеттік  білім  стандарын  енгізу,  соған  сәйкес  кәсіби 
шеберлігін  дамыған  кадрларымен  қамтамасыз  ету  өркениетті  ғылыми 
әдістемелік  бағытқа  ынталандыру,  жаңа  базистік  оқу  жоспары  мен  жаңа  буын 
оқулықтарына  көшу,  орта  білімді  ақпараттандыру,  т.с.с.  білім  беру  саласында 
жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды 
істер. 
Сол  себепті  де  оқыту  процесінде  жетістіктерге  жету  үшін  оқушыларға 
ана  тіліміздің  қыр-сырын  ауызша  сөйлеу  тілін  де,  жазу  мәдениетін  де 
ұғындыруымыз  қажет.  Сондықтан  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұнына 
оқушылардың  жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап, 
тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық 
технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. 
Жаңа 
технологияны 
меңгеру 
мұғалімнің 
интеллектуалдық, 
кәсіптік, 
адамгершілік,  рухани  азаматтылық,  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Ұстаз  үшін  ең  негізгі  мақсат  –  әр  сабағын  түсінікті,  тартымды,  тиімді 
өткізу.  Оны  жүзеге  асырудың  бір  жолы  –  оқушыларға  білім  беру,  тәрбиелеу 
барысында  кеңінен  қолданылып  жүрген  оқушылардың  білім  сапасын  көтеруде 
жағдай жасайтын  сабақты  тиімді  ұйымдастыруға, атап айтқанда  сабақ  уақытын 
ұтымды  пайдалануға  мұғалім  мен  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуға  көп 
көмегін  тигізетін  әдіс  –  диктанттарды  қолдана  білу.  Мәселен  оқушылардың 
білім  сапасын  жақсартуда,  ой-өрісін  кеңейтуде,  алған  білімдеріндегі  кейбір 
олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін 
диктанттарды пайдалану өте тиімді. 
Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-
қатынас  жаңа  қағидаларға  негізделеді.  Олар  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық, 
түсіністік  сияқты  қасиеттер.  Бала  өз  ойын  қорықпай  сеніммен  айта  алатындай 
болу  керек.  Ол  үшін  Оның  әрбір  жауабы  мұқият  тыңдалып,  дұрыс  мақталып, 
қатесі  еппен  түзетіліп  отырады.  Оқушыға  кішкентай  бала  деп  қарамай  оның 
пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді. 
Оқытудың  ұжымдық  әдісі  (ОҰӘ).  ОҰӘ  -  оқу  процесінде  адамдарды 
өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері: 
- жоғары жетістікке талпыну; 
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу; 
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; 
- әртүрлі деңгейлік; 
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет