Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік №2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#6322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Цель статьи - формирование полилингвальной личности, восприимчивой 
к 
универсальным 
человеческим 
ценностям, 
способной 
к 
активной 
самореализации в многонациональном и поликультурном пространстве
.  
 
 Purpose  of  the  article  is  to  form  polylingual  personality,  susceptible  to  the 
universal  human  values,  capable  to  self-actualization  in  multinational  and 
multicultural space. 
 
Жаңа  заманда  Қазақстанның  бағыт-бағдарын  айқындайтын  ішкі  және 
сыртқы  саясат  ағымындағы  бүкіл  қоғам  болып  жұмылатын  іс-әрекеттің  бірі  – 
мемлекеттік тілдің мәртебесі. Отанға деген сүйіспеншілік, белсенділік және өзге 
отандас  ағайындармен  сыйласымдықты  төмендетпей,  көптілділіктің  түрлі 
көрінісінде қазақ тілінің рухани айбарының болмыс-бітімі  қандай болмақ деген 
сұрақ – шоқтығы биік құндылықтардың бір парасы.  
Жалпы  білім  беретін  орта  мектеп,  орта  арнайы  және  жоғары  білім  беру 
жүйелеріне  бағытталған  қандай  реформа  болмасын  ол  мұғалім,  оқытушы 
арқылы  жүзеге  асады.  Бүгінде  ұстаз  қасиетті  міндетін  атқара  отырып,  білім 
беруді  одан  әрі  ізгілендіру,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  озық,  жаңғыртылған 
әдістемелік  жүйені  меңгеру,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіндегі  ел  дамуына 
оңтайлы  ізгі  қадамдарды  игеру  сияқты  жаңа  талаптарға  сәйкес  істерді  жүзеге 
асыруға  бет  бұрды.  Мұндай  игілікті  істер  ел  болашағын  қолына  алатын 
жастардың  кәсіби  бейімділігін  анықтап,  қалаған  мамандығын  таңдап,  жоғары 
оқу  орындарында  оқу  арқылы  жалғасады.  Ал  болашақ  мамандардың  жалпы 
теориялық даярлығымен бірге кәсіби құзыреттілігін арттыру тек  оқытушыларға 
ғана  байланысты  емес,  ол  тіпті  жоғары  оқу  орындарының  сапа  дәрежесінің 
көрсеткіші.  

 
 
90 
Сапаға  жетелейтін,  оны  қадағалайтын  түрлі  тетіктер  жеткілікті. 
Елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің, ұлттық өркендеуіміздің тірегі ана тіліміз – қазақ 
тілін  және  қазақ  әдебиетін  мектепте  оқытатын  болашақ  мамандардың  кәсіби 
біліктілігінің  көрінісі  үштілділік,  көптілділік  аясында  қандай  дәрежеде  болуы 
тиіс  және  қазіргі  жағдайымыз  қандай  деген  сұрақ  барлық  зиялы  қауымға 
қатысты.  Зерек,  зердесі  биік,  ұлтжанды,  сауатты,  ана  тілін  әлемдік  тілдерге  тән 
құндылықтар  тұрғысынан  үйретіп,  меңгертетін  болашақ  мектеп  мұғалімін 
даярлауда, елімізде үлгі тұтар өмір жолы бар тұлғалардың тәжірибесін, өнегесін, 
дәстүр  жалғастығы  тұрғысынан  сабақтастырған  абзал.  Одан  кейінгі  жерде 
мемлекеттік 
стандарт 
терең 
ойластырылған, 
өміршең, 
сұранысты 
қанағаттандыратын сипат алып, оған сай жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны 
бакалавриаттық  дайындық  талабын  нысана  еткен  бағдар  болуы  керек  деп 
ойлаймыз. Айта кетейік, соңғы жылдарда республикадағы өндіріс ошақтарының 
азаюына,  жабылуына  орай  басқа  мамандықтар  бойынша  өндірістік  тәжірибені 
ұйымдастыру  және  өткізу  мерзімі  мүлде  өзгертілді,  қысқарды.  Нәтижесінде 
мектеп  табалдырығын  аттауға  қорқатын,  бірақ  қалтасында  дипломы  бар 
мамандар  қатары  көбейді.  Мұндай  жағдайда  үштілділіктің  бір  тұғырын  берік 
ұстап  тұратын  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  мектептен  шыңдататын  мамандар  бар 
деп  айтуға  сенімсіздікпен,  күмәнділікпен  қарауға  мәжбүр  болдық.  Сондықтан 
білім беру кеңістігіндегі үштілділік, көптілділік жағдайында қазақ тілін ана тілі 
ретінде,  кейіннен  кәсіби  мамандыққа  баулитын  бағдардың  мейлінше 
маңыздылығын баса айтқымыз келеді. 
Кәсіби біліктілікті, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту 
ісінде  ұсақ-түйек  нәрсе,  еленбеген  сәттер,  жетілдірілмеген  ұйымдастыру 
тетіктері  болмауы  тиіс.  Оқытудың  дәстүрлі  тәсіліндегі  озық  амал-тәсілдер, 
қазіргі жаңғыртылған технологиямен ұштастырыла отырып, интерактивті оқыту 
әдістемесіндегі шығармашылық бағыттағы жұмыстар: проблемалық ойталқы, өз 
пікіріңді  дамыта  қорғай  білу,  жеке  және  топтық  жобалар  қорғау,  ғылыми 
аннотация,  реферат  қорғау,  баяндама  жасау  т.б.  сияқты  белсенділікті 
арттыратын, таза әдеби тіл нормасында жазу сөйлеуге үйрететін жұмыс түрлері 
әрбір  сабақта  көрініс  тапқаны  абзал.  Кредиттік  оқыту  жүйесінде  студенттің  өз 
бетінше  оқып-үйренуі  алға  шығады.  Сол  себепті  өздік  жұмысқа  ұсынылған 
тапсырма  мейлінше  анық  және  қай  формада  орындалуы,  нәтижесі  не  болуы 
керек деген сұрақтар назарда болғаны ләзім. Студенттің оқу әрекетін жан-жақты 
меңгеріп,  сапалы  білімге  қол  жеткізуі  кәсіби  біліктілікті  тұрақтандыратын 
көрсеткіш  болатындығы  –  болашақ  үшін  қажет  алғышарттар.  Білім  берудің 
құзыреттілік  парадигмасы  білім  беру  мазмұнын  іске  асыру  үшін  қажетті  деген 
негізгі,  түйінді,  жан-жақты  блоктар  жүйесін  ұлттық  ерекшелігімізге  сай 
еліміздің  өзіндік  білім  беру  жүйесін  біліктілікпен  іріктеу,  таңдаумен,  оны 
тұрақты  нәтижелі  іске  асырумен  ерекшеленгені  жөн  болар  еді.  Сонда  ғана 
болашақ  маманның  түрлі  реформалардың  құрбаны  болмайтынына  кепілдік 
туындайды.  
Мемлекетімізде  жүргізіліп  келе  жатқан  тілдік  саясат  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың 2011-2020 жылдарына арналған бағдарламасы қоғам өмірінің басты 
салаларында  сындарлы  түрде  қолдану  аясын  кеңейтіп  келеді.  Республика 
ғалымдарының  зерттеулерінің  нәтижелері,  тілді  үйрету  орталықтарының 

 
 
91 
нұсқаулары  мемлекеттік  тілді  ана  тілі,  екінші  тіл,  шетел  тілі  ретінде, 
мемлекетішілік  ұлтаралық  қатынас  тілі  ретінде  оқыту  үдерісін  қалыптастырды. 
Бұл  шарттылық  республикада  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  бар  саласына 
лайықталған  және 
білімді 
дамытудың 
2011-2020 
жылдарға  арналған 
бағдарламасына  сай  келеді.  Осыған  сәйкес  оқу-әдістемелік  құрал,  кешендердің 
деңгейлік,  заманауи  үлгілері  де,  оларды  жасаудың  лингводидактикалық 
негіздерін  анықтауға  бағытталған  атқарылған  шаруа  да  қыруар.  Бұл 
тоқмейілсіну  емес,  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  қазақ  тілінің  өріс  жаюының 
шынайы  көрінісінің  беттері.  Қол  жеткізілген  табыстармен  бірге  үштілділік 
немесе  көптілділік  жағдайында  өзге  ұлт  өкілдері  қазақ  тілін  тек  қатысымдық 
сұранысты  қанағаттандыратын  дәрежеде  білсек  болды  деген  деңгейде 
қалмағаны  абзал.  Олар  қазақ  тілінің  әлемдік  құндылықтар  қатарынан  орын 
алатын  тіл  болуға  лайықтығына  сенген  парасатты  ойдың  иесі  болулары  керек. 
Қазірде тілді меңгерудің «еркін меңгерген», «жетік меңгерген» көрсеткіштеріне 
лайық  отандастарымызды  кейбір  жұмыс  орындарынан,  билік  мінберінен, 
оқушылар,  студенттер  арасынан  көріп  жүрміз.  Сөз  жоқ,  қуанарлық  жайт. 
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген адамның, тіл үйренушінің қазақ мәдениетіне, 
тарихына, халқына деген ілтипаты айтпаса да түсінікті. 
Тіл  саясатын  жетілдіру  келешктегі  жаңа  жоспарларда  да  басым  бағыт 
болып  қала  беретініне  сенімдіміз.  Сондықтан  мемлекеттік  тілдің  іскери 
бағыттағы,  халықаралық  қатынастағы  ақпараттық  рөлін  жоғарылату,  кеңейту 
сияқты шаралардың күн тәртібінен орын алатындығы белгілі.  
Өзге ұлт өкілдерінің жастары мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін үйренуге 
деген ұмтылысын, құлшынысын қазақ елінің азаматымын деген ойды өрістетуші 
тұрғысынан,  сонымен  бірге  елдегі  тіл  саясатының  заңнамалық  уәжділігін 
қолдаушы,  оны  жүзеге  асыратын  жеке  тұлға  дәрежесінде  көрінуі  керектігін 
өмірдің  өзі  көрсетіп,  дәлелдеп  отыр.  Міне,  осы  тұрғыдан  келгенде,  Қазақстан 
жағдайында  өзінің  ана  тілін,  мемлекеттік  тілді  және  орыс  тілін  тең  дәрежеде 
меңгерген  жеке  тұлға,  ана  тілін,  мемлекеттік  тілді  және  шетел  тілін  меңгерген 
жеке тұлға, ана тілін (қазақ тілі), орыс тілін және бір шетел тілін меңгерген жеке 
тұлға сияқты үштілділіктің сан алуан үлгілері көрініс береді. Демек, үштұғырлы 
тілдік 
жағдаяттың 
республикадағы 
өзіндік 
әлеуметтік-лингвистикалық 
сипатының ерекшелігі бар. Мұнда үштілділіктің немесе көптілділіктің, алдымен 
еліміздің  ішіндегі  ұлттар  мен  этностардың  өзара  қарым-қатынасы  ретіндегі 
мемлекеттік  дәрежедегі  ресми  қарым-қатынас,  іскерлік  тілі  және  халықаралық 
сыртқы  байланыс,  қатынастың  мақсат-мүддесіне  бағытталған  үштілділіктің 
айқын түрде орын алғандығын тәжірибе көрсетті.  
Еліміздің  дүние  жүзіндегі  алдыңғы  қатарлы  елдермен  экономикалық, 
саяси,  мәдени  байланыстарының  нығаюы,  кеңеюі  бір  шетел  тілін  немесе 
бірнеше  шетел  тілдерін  жетік  меңгерген  білікті  мамандарды  қажетсінуде.  Шет 
тілі  мамандары  республикамызда  бұрыннан-ақ  дайындалып  келе  жатқандығы 
баршамызға  аян.  Жасыратыны  жоқ,  шетел  тілінен  сабақ  беретін  мұғалімге, 
шетел тілін үйренушіге  ерекше артықшылықтар (шағын топқа бөліп тіл үйрету, 
артық  жалақы,  артық  сағат  т.б.)  бұрын  да  жасалғанын,  шетел  тілінің  бесінші 
сыныптан  бастап  оқытылғаны  кеңестік  дәуірден  тұрақталған  тәжірибе  еді. 
Алайда  осындай  алғышарттарға  қарамастан,  мектепте,  жоғары  оқу  орнында 

 
 
92 
шетел  тілін  меңгерту  сапасы  айтарлықтай  болмағанын  мойындап  отырмыз. 
Себебі тілді меңгерту әдісінің, тілді үйренушінің мотивациясының сипаты мүлде 
бөлек  болатын.  Қазіргі  кезде  шетел  тілін  оқытудың  жаңа  үлгілері,  жаңа 
технологиялары қажет екендігін тілдік жағдаят дәлелдеді.  
Тілдің  үштұғырлық  негізінің  сипаты  республикалық  білім  кеңістігінде 
шетел тілін білудің ерекшелікке ие тұстарын туындатады. Мысалы, қазақ-орыс-
ағылшын, орыс-қазақ-ағылшын үштілділігімен қоса, қазақ-араб-ағылшын, қазақ-
қытай-ағылшын  т.б.  сияқты  үштілділіктер  де  жарыса  жүретіндігі  анықталуда. 
Халықаралық  қарым-қатынас  тілі  ретінде  араб,  қытай,  тілдері  де  басым 
бағыттарға  ие  болмақ.  Демек,  шетел  тілін  ана  тілі  негізінде  үйрету,  үйренетін 
тілдің  қарым-қатынасқа  қажетті  тілдік  аспектілерімен  қатар,  сөйлеу  рәсімі  мен 
әдебін  ұлттық  мәдениет  және  мәдениетаралық  байланыстарға  негіздеу  шетел 
тілін үйрету әдістемесінің жаңа сипаты болуы керек. Шетел тілін еркін меңгеру 
арқылы  халқымызға  жат  түрлі  субмәдениеттің  таралуын  мүддеге  қойған  және 
түрлі  щетел  компанияларының  мүдделерін  жария  және  жасырын  түрде 
тарататын  жайттар  да  кездесіп  жүр.  Тіл  үйренушінің  коммуникациялық 
хабардарлығы  қазақ  елінің,  халқының,  тарихы  мен  мәдениетін,  экономикасын 
салыстыра, салғастыра дамытуға қызмет етуі қажеттілік, тіпті, міндеттілік деген 
ойдамыз.  
Соңғы  жылдарда  халықаралық  «Болашақ»  бағдарламасының  мәртебесі 
мектеп  оқушылары,  студенттер,  ғылыми  қызметкерлер  тарапынан  ағылшын 
тілін  үйрену,  меңгеру  ісіне  жаңа  серпіліс  әкелгені  мәлім.  Ал  сондай  сұранысқа 
қазақ  тілі  ие  бола  ма?  Тек  қазіргі  кезде  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша 
талапкердің  мемлекеттік  тілді  меңгеру  деңгейін  тестпен  анықтау  ісі  іс-
тәжірибеге  енгізілді.  Алайда  ол  көрсеткіш  мәдениетаралық  коммуникация 
талаптарының деңгейлеріне сай бола қояр ма екен. Ана тіліне еркін сусындамай, 
мәдениетаралық байланыстың көрінісі дами ала ма? 
Мәдениетаралық 
коммуникация 
мәселесінің 
меңгерілуге 
тиісті 
ақпараттық,  танымдық,  эмоциялық,  әлеуметтік  деңгейлері  шетел  тілін  оқудың 
және  оқытудың жаңа әдістемесін туындатты. Бұл ретте шетелде дайындалатын, 
оқитын  маманға  жүктелетін  азаматтық  ұлтжандылықтың  бар  аспектісі 
мәдениетаралық коммуникацияға саналы түрде ілесіп жүретін болуы тиіс.  
 «Тауларды  аласартпай,  даланы  асқақтатайық»  деген  Олжас  ақынның 
қанатты  сөздерін  көптілділік,  жаһандану  жағдайындағы  қазақ  тілінің  рухы  мен 
өміршеңдігін  әлемге  паш  ететін  киелі  сөздер  деп  ұғынған  абзал.  Мемлекеттік 
тілдің  ертеңі  мен  болашағына,  қазақ  тілінің  құндылықтар  төрінен  сөзсіз  орын 
алуына  тиісті  тетіктерді  дамытуға  бүкіл  қауым,  ата-ана,  тәрбиеші,  оқытушы, 
саясаткер,  қызметкер,  оқушы,  студент,  болып  қорғап  қалуға  ат  салысуымыз 
қажеттілігі  айтпаса  да  белгілі  деген  ойдамыз.  Қазақ  тілін  жан-жақты  өркендету 
мәселесі тек Тіл комитетінің немесе тіл ғылымының құзырындағы мәселе  емес, 
оны  ұлттық  сана,  ұлттық  мәдениеттің  алға  басуы,  өрлеуі  дегенмен  тікелей 
байланысты ақиқат деп түсінген дұрыс болар еді.  
Қазақстан  көлемінде  мемлекеттік  тілге  көрсетілетін  құрмет  пен  ықылас 
жалпыхалықтық  мүдде  ретінде  қабылданып,  мәртебесі  асқақтаса,  халықаралық 
байланыста ана тілінде  ойлап, еркін сөйлей алатын жастардың нәтижелі  істерге 

 
 
93 
қол  жеткізетіні  –  уақытпен,  ұрпақтар  тарихымен  дәлелденетін  шындыққа 
айналар еді.  
 
Пайдаланған әдебиет: 
 
1.  Қазақстан  Республикасында  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж. 
2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж. 
3.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2011ж. 
 
 
 
 Утанова А.К. 
 
КӨРКЕМ МӘТІННІҢ ТІЛДІК БІТІМІ 
 
В  данной  статье  рассматривается  проблема  языкового  оформления 
художественного текста. 
 
This article discusses the problem of language processing literary text.
 
 
Көркем  әдебиеттегі  мәтін  мәселесін  зерттеуде  тілші,  әдебиетшілер  ғана 
емес,  психологтар  да  өнімді  еңбек  етеді.  Психологтардың,  психолингвистердің 
зерттеуі  бойынша  мәтін  –  шындық  өмірдің  көрінісі,  шындық  өмірді  тілдік 
нұсқалар, белгілер арқылы көрсетудің нәтижесі. 
Психолог  зерттеушілер  мәтінді  қабылдау,  ойлау,  түсіну,  ішкі,  сыртқы 
тілдің  қарым-қатынасын  зерттеу  нысанасы  ретінде  қарайды.  А.А.Леонтьев 
«Текст  –  как  единственный  и  непосредственный  объект  восприятия»  -  деп 
анықтама береді. 
 Сөйлеу  арқылы  ойды  білдіретін  психолингвистикалық  модельді  зерттеуге 
Л.С.Выготскийдің,  А.Р.Лурияның,  Т.М.Дридзенің,  Н.И.Жинкиннің  еңбектері 
арналған.  Ал  Қазақстан  психологтарынан  бұл  ретте  Ж.Аймауытов,  Т.Тәжібаев, 
Қ.Жарықбаев еңбектерін де атауға болады.  
Н.И.Жинкин  барлық  сөйлеу  әрекеттерін  тілдік  қатынас  тұрғысынан 
қарастыру,  зерттеу  қағидасын  ұсынады.  Оның  теориясы  бойынша,  мәтін  – 
тілдік,  сөйлеу  және  интеллект  факторларының  бір-бірімен  байланысынан 
тұратын  бір  бүтін  кешен.  Сонымен  бірге,  Н.И.Жинкин  мәтін  ішкі  (когнитив) 
мазмұны мен лингвистикалық мазмұнын бөліп қарауды ұсынған.  
Н.И.Жинкин  теориясын  И.А.Зимняя,  Г.Д.Чистякова  дамытып,  мәтін 
денотаты, денотат картасы туралы теориялар енгізген.  
Я.М.Колкер мәтінді біртұтас қатынас блогы, ал оның ішкі бөлімдерін де 
төменгі  дәрежедегі  қатынас  блогының  (бөлшегінің)  мазмұнын,  мағынасын 
құрайды  деп  дәлелдеген.  Я.М.Колкер  тілдік  қатынас  бөлшектерінің  бір-бірімен 
қарым-қатынасын көрсетіп, мәтіннің сапасын көрсететін белгілерін анықтаған.  

 
 
94 
Мәтіннің  мағыналық  құрамын  зерттеу  мәселесінде  Л.П.Доблаев 
еңбектерінің  мәні  үлкен.  Психолог  ғалымдардың  мәтін  құрылысын,  оның 
мағыналық  құрылымын  анықтаған  еңбектері  мәтін  стилистикасын  тану 
барысында  үнемі  ескеріліп,  басшылыққа  алынып  отырылды.  Мәтінмен  жұмыс 
арқылы  мәтін  мазмұнын  ғана  емес,  мәтіндегі  тілдік  құралдардың  қолданысын 
еске  сақтау,  ойын,  тілін  дамыту  жұмыстары  да  назардан  тыс  қалмау  керек. 
Мәтіндер  тілдік  қатынас  құралы  ретінде  оның  мазмұнын  ғана  білдіріп  қоймай, 
тілдік  құралдардың  экспрессивті-эмоционалды  реңкін  де  танытады.  Осы  тұста 
мәтіннің  тұтас  құрылымын  іштей  бірнеше  бөлшектерге  бөлу,  оларға жеке-жеке 
тақырып қою, ондағы негізгі тірек сөздерді табу, әр бөлікке сұрақ қойып, сәйкес 
жауап  табу  да  мәтін  стилистикасын  аша  түсетін  амалдар.  Ф.И.Буслаев, 
В.И.Водовозов, Ф.А.Флеров, К.Д.Ушинский сияқты белгілі ғалымдар мәтінді тіл 
дамыту құралы деп қараған . 
Ф.И. Буслаев мәтінмен жұмыс барысында стилистиканың қарастырмаған 
бірде-бір  сөз,  сөз  тіркесі  қалмауына  баса  көңіл  бөлу  керектігін  айтқан. 
Т.А.Ладыженская  мәтін  мағыналық  жағынан  да,  синтаксистік  жағынан  да 
біртұтас  деп  санайды.  Мәтіннің  мағыналық  тұтастығы  оның  құрамындағы 
бөлімдерінің 
негізгі 
тақырыпқа 
байланыстылығынан 
көрінеді. 
Мәтін 
құрамындағы  бөлшектердің  бәрі  де  мәтіндегі  негізгі  ойға,  оның  мақсатына 
тікелей бағынышты болады.  
С.  Рахметова  мәтінмен  жұмысты  оқушының  мәтінді  қабылдау 
әрекетімен  байланыстыра  қарастырады.  Әсіресе,  мәтін  стилистикасын  тану 
үшін:  

мәтінді  түсіну  үшін  оқушы  психологиялық  жағынан  дайын  болу 
керек; 

мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізуі керек;  

шығарманы түсініп оқи білу дағдысы болуы керек;  

тілдік-стильдік  құралдар  туралы  мағлұматы  болуы  қажеттілігін 
айтады. 
Қандай да болмасын хабар қатынас мәтін арқылы жүзеге асады. Қандай 
болмасын  мәтін  аяқталған  бір  бүтін  құрылымнан  тұрады.  Сөйлеудің  мазмұны, 
қатынас  жасау  жағдайлары,  оның  бағыт-өрістері  әр  түрлі  болғандықтан,  мәтін 
құрамындағы  тілдік  тұлғалардың  тіркесу,  байланысу  сипаттары  да  түрліше 
болады.  Алайда  ол  айырмашылықтар  жалпыланған,  біртектес  сипатқа  ие. 
Сондықтан оларды жинақтап, топтап, ол топтардың өз ішіндегі ортақ қасиеттері 
мен  бір-бірінен  айырмашылықтарын  тауып  зерттеу-мәтін  стилистикасындағы 
басты  міндеттердің  бірі.  Мұның  өзі  тілдік  шығармалардың  (мәтіндердің) 
түрлерін,  дәлірек  айтқанда,  тілдік  қолданыстардың  типтенген  формаларын 
зерттеу болып шығады.  
Шығарманың  өзіндік  тілдік  бітім-болмысы,  бір  жағынан,  тілдік 
тұлғалардың  шындыққа  қатынасымен  айқындалса,  екінші  жағынан,  шығарма 
мәтінін  құрудың,  ұйымдастырудың  ерекшеліктерімен  айқындалады.  Бұл 
айтылғандардан  көркем  шығармаларындағы  тілдік  құралдардың,  бір  жағынан, 
өзара  құрылымдық  қатынаста  болатынын,  екінші  жағынан,  өздері  бейнелейтін 
мазмұнға қатысты болатынын түсіну қиын емес. 

 
 
95 
Мәтінді  стилистикалық  зерттеудің  әдіснамалық  негізі  –  мазмұн  мен 
форманың  бірлігі.  Олар  шығарманың  тығыз  байланысты  екі  жағы  ретінде 
диалектикалық  бірлікте  қаралуға  тиіс.  Стилистикалық  талдау,  әрине,  мазмұн 
мен  форманы  шартты  түрде  бөліп  алып  қарауды  немесе  форманың  жеке 
элементтерін  зерттеуді  жоққа  шығармайды,  алайда  соның  өзінде  де  олардың 
мазмұнға қатынасы және бір-біріне әсері үнемі назарда болуға тиіс. Мазмұн мен 
форманың  көрінісі  әртүрлі  сөйлеу  типтерінде,  мәтін  түрлерінде  бірдей  емес. 
Форма  мен  мазмұнның  бір-бірімен  байланысы,  әсіресе,  көркем  шығарма 
мәтіндерінде күрделі де ерекше болады.  
Көркем  шығарма  мәтініне  тура  қарама-қарсы  іс  қағаздары  мәтінінде 
мәтін элементтерінің ішкі құрылымдық қатынастары күрделі болмай, қарапайым 
болып келеді. Іс қағаздары мәтіннің формалық белгілерінің осы тұрақтылығына, 
анықтығына  орай,  олардың  бір  қалыптан  шыққандай  тұрақты  үлгілері  де 
болады.  
Мәтінді  стилистикалық  талдау  –  мазмұнының  формалану  сипатын  ашу, 
яғни  мәтіннің  құрылымын  ашу  деген  сөз.  Ондай  стилистикалық  талдаудың 
әдістемесі  де  соған  сай  болуға  тиіс:  талдау  жекеленген  тілдік  тұлғаларды  табу, 
анықтау  тұрғысынан  емес,  ал  олардың  байланыстарын,  қарым-қатынастарын 
ашу  тұрғысынан  жүргізіледі.  Өйткені  көркем  мәтін  –  тілдің  бейнелі  көркем 
тұлғаларының  жай  қосындысы  емес.  Көркем  тілдік  тұлғалар  өздігінен  жеке 
тұрып  мәнділікке  ие  болмайды,  ал  олардың  ұйымдасу  тәсілдері,  бір-бірімен 
байланыс  –  қатынасы  мәнді.  Сондықтан  мәтіннің  құрылымдық-композициялық 
негізін  құрап,  оны  ұйымдастыратын  тәсілдерді  зерттеу  маңызды.  Сонда  ғана 
стилистикалық  талдау  шығарманың  негізі  идеясын,  басты  айтар  ойын 
жан-жақты  терең  түсінуге  алып  келеді.  Басқаша  айтқанда,  мәтіннің  жалпы 
құрылымдық  ерекшеліктерін  зерттей  отырып,  ол  ерекшеліктерді  мазмұндық 
құрылым,  категориялармен  (тақырып,  идея)  байланыста  алып,  әрбір  нақтылы 
мәтінде олардың қарым-қатынастарының қандай болатынын ашу керек. 
Шығарманың  формалық,  стильдік  жақтарын  қалыптастыруда  автордың 
бейнелейтін объектіге қатынасынан басқа, оқырманға қатынасы да маңызды рөл 
атқарады.  
Баяндаушы  мен  қабылдаушы  оқырман  арасындағы  қатынастың 
сипаттары  алуан  қырлы  болса  да,  негізінен,  мынадай  екі  түрін  бөліп  алуға 
болады: 
1. 
Тікелей  қатынас:  автор  оқырманға  тікелей  сөз  арнайды,  онымен 
әңгімелескен сияқты болады. Автор баяндалып жатқан жайға өзінің қатынасын, 
бағасын  білдіріп  отырады,  оқырманды  өз  кейіпкерлерінің  ішкі  әлеміне  жетелеп 
кіргізеді,  таныстырады.  Оқырманмен  тікелей  әңгімелесу  екі  арада  өзара 
сенімділік, достық қатынас қалыптастырады. 
Оқырманмен  тікелей  сұхбаттасу  шығарманың  ішкі  мүмкіншілігін 
арттырады,  оның  жасырын  жайларын  айғақтап,  шығарманың  мәнді  стильдік 
жағын  құрайды.  Оқырманмен  тікелей  қатынасқа  көлемді  шығармалардағы 
лирикалық  немесе  публицистикалық  шегіністер,  арнау,  өмірбаян  түріндегі 
кіріспелер  де  жатады.  Олардан  да  оқырманның  баяндалып  отырған  жайға 
қатыстылығы  айқын  сезіліп  отырады.  Кейде  автор  оқырманды  қолдан  жасап 
алып, онымен айтысқа түсетін жайлары да кездеседі.  

 
 
96 
2. 
Алшақ  қатынас:  жазушы  мен  оқырман  арасында  белгілі  бір 
арақашықтық  сақталады.  Соған  қарап  мұндағы  байланысты  мүлдем  жоққа 
шығаруға  болмайды.  Мұндағы  айырмашылық-қатынастың  ашық  емес,  жабық, 
жасырын формалары орын алады. 
Мәтіннің  қай  түрін  де,  соның  ішінде  көркем  мәтінде  де  негізін  ой 
дамытып, ол баяндау барысында ашылады. Орталық ойдың тарқатылу шеңбері, 
оның ізбе-ізділігі мәтіннің композициялық құрылымын анықтайды. 
Сөйлеу 
формалары 
немесе 
баяндау 
тәсілдері 
шығарманың 
композициялық  элементтеріне  сәйкес  келетіндіктен,  олар  шығарманың  көркем 
стилистикалық  жүйесін  түсінуге  көмектеседі.  Өйткені  баяндау  тәсілдері 
суреттелетін 
болмыстың, 
кеңістік 
және 
мезгілік 
байланыстары 
мен 
қатынастарын  бейнелеп  шығарма  композициясының  негізін  құрайды.  Бір  бүтін 
тұтастық  ретіндегі  сөйлеу  формасы  өзін  құрайтын  сөйлемдердің  мағынасы  мен 
орналасуынан 
туындайтын 
өзіндік 
құрылымға 
ие 
болып, 
тілдің 
бейнелі-эстетикалық өзгеруіне негіз қалайды. 
Суреткер  өзінің  жеке  басына  тән  субъективті  қабылдауын  беруге 
пайдаланатын  тілдік  тұлғалары  о  бастан  жұрттың  бәріне  ортақ  объективті 
заңдылықтарға  тән  қолданыстардан  құрылады.  Олай  болмағанда  оқырман  оны 
қабылдай  алмаған  болар  еді.  Тілдің  алдын-ала  берілген  тәртіпте  түзілуі 
нәтижесінде,  оқырман  ішкі  түйсігіне  сүйене  отырып,  шығарманың  автор 
жасалған  субъективті  бейнелі  болмысын  қабылдап,  қайта  жасай  алады.  Тек 
соның  нәтижесінде  ғана  өнер  туындысына  тән  жаңа,  ерекше  көркем  құндылық 
анықталып, қабылданады.  
Шындықтың адам санасына сәулеленуінің формалары сан алуан. Алайла, 
солардың  ішінен  негізі  екі  құрылым  айрықша  ажыратылады.  Олар  –  кеңістік 
және  мерзімдік  құрылымдар.  Басқаша  айтқанда,  бірқалыпты,  созылыңқы 
(экстенсивті)  және  ширыққан,  шиеленісті  (интенсивті)  құрылымдар.  Бір 
қалыпты  құрылым  кеңістік  бойында  орналасса,  шиеленісті  құрылым  мезгілдік 
ендікте  орналасады.  Бір  қалыпты  құрылым  қатарлас  объектілердің  берік 
байланысынан  тұрады  да,  шиеленісті  құрылым  себептестік,  тамырластық 
байланыстармен  сипатталады.  Осы  негізде  монологтік  сөйлеудің  екі  түрлі 
формасы  ажыратылады:  суреттеу  (бірқалыпты  құрылым)  және  әңгімелеу 
(шиеленісті  құрылым).  Сөйтіп,  шындық  кеңістік  пен  уақыт  ішінде  өмір  сүрсе, 
оның  көркем  шығармадағы  бейнесі  суреттеу  мен  әңгімелесу  түрінде  көрініс 
табады. Бұл екеуінен тыс, көркем шығарманың баяндау құрылымынан ойталқы 
формасы да ажыратылып қаралады.  
Сонымен,  суреттеу,  әңгімелесу,  ойталқы  –  монологтық  сөйлеудің 
құрылымдық-стилистикалық 
типтерін 
құрайды. 
Суреттеу-бейнелеудің 
кеңістіктегі  дамуы  болса,  әңгімелеу-мезгілдік  дамуы,  ал,  ойталқы-логикалық 
дамуы.  Бұлардың  көркем  прозада  таза  түрде  кездесуі  сирек,  көбінесе  араласып 
келіп отырады. Осы баяндау типтерінің ерекшеліктері, бір-бірімен қатынасының 
сипаттары көркем проза тілінің дамуын белгілейді.  
Көркем шығарма стилін анықтауда шешуші рөл атқаратын міндеттердің 
бірі  –  автор  бейнесінің  тілдік  құралдармен  берілу  жолдарын  ашу,  оның  тілдік 
құрылымын  айқындау.  Өйткені  автор  бейнесі  –  шығармадағы  барлық  стильдік 
құралдарды  біртұтас  тілдік,  көркем  жүйеге  біріктіруші  орталық  стилистикалық 

 
 
97 
категория, шығарманың стилистикалық жүйесінің ішкі діңгегі. Ол шығарманың 
ішкі бірлігі мен тұтастығының арқауы.  
Шығармадағы  «автор  бейнесі»  дегенде  жазушының  жеке  басын 
түсінбейміз. Әрине, көркем шығарманы оны тудырушыдан бөліп алып тастауға 
болмайды.  Өйткені  жазушының  жеке  басының  ерекшеліктері:  өмірі,  дүниеге 
көзқарасы,  оқиға,  құбылыстарға  шығармашылық  қатынасы,  т.б.  оның 
шығармаларында  ізін  қалдырады.  Алайда  көркем  туындыда  жазушының  жеке 
басы  тасаланып,  оның  орнына  алдыңғы  қатарға  шығармадағы  «автор  бейнесі» 
шығады.  Өмірдегі  жазушының  орнына  әңгімелеуші  автордың  бейнесі 
қалыптасады.  Рас,  шығарманың  кейбір  тұстарында  (мысалы,  құжаттық  негізде 
баяндалатын жерлерде, лирикалық немесе публицистикалық шегіністерде) жеке 
адам – автор қатысады. Алайда, жалпы алғанда шығармадағы автор бейнесі мен 
өмірдегі  автор  –  екеуі  екі  бөлек  дүние.  Автор  бейнесі  тілдік  тәжірибенің 
нәтижесі  ғана  емес,  ол  –  әдеби-көркем  мәдениет  жемісі.  Сондықтан  ол 
тілдік-стилистикалық құбылыс, дәреже ретінде ерекше зерттеудің объектісі бола 
алады. 
Ол-жазушының 
бүкіл 
қоғамдық-мәдени, 
интеллектуалдық, 
эмоционалдық  сапа-қасиеттерінің  жиынтық  бейнесі.  Шығармаға  өзек  болатын 
өмір  құбылыстарын  сұрыптап  алып,  оған  идеялық  бағыт,  бейнелі  күш 
дарытатын,  бір  сөзбен  айтқанда,  шығарманың  идеялық-көркемдік  мазмұнын 
қалыптастыратын  жазушының  өз  бейнесі  –  автор  бейнесі  деп  аталады. 
Сондықтан ол – жалпыланған бейне.  
Сөйлеу  формаларының  өзгерісі  баяндауға  динамикалық  сипат  береді. 
Жазушы сөйлеу формалары арқылы шығармада баяндалатын жайларға қайндай 
мән  беретінін  байқатып,  бірде  оқиғаны  өмірдің  өзіндегідей  кең,  толықтай 
бейнеленсе, бірде жалпылама сырғыта сипаттайды.  
Стилистиканы  танып-білуде  жалпы  лингвистикалық  әдіс-тәсілдер 
қолданылады. 
Сондай-ақ, 
көрнекті 
ғалым-зерттеушілердің 
тұжырымды 
ой-пікірлері 
мен 
арнаулы 
жүргізілген 
эксперимент 
жұмыстарының 
қорытындылары  бойынша  стилистика  жайлы,  оның  ішінде  қазақ  тілі  стильдері 
мен  практикалық  стилистика  туралы  шынайы  ой-пікірлері  назарда  ұсталынуға 
тиіс.  
Жалпы  стилистиканы  зерттеудің  әдіс-тәсілдері  екі  топқа  бөлініп 
қарастырылады: 
бірі 
теориялық 
таным 
әдістері, 
екіншісі 
теориялық- 
практикалық әдістер.  
Стилистиканы қарастырудың тілдік теориялық әдістері: әңгіме, баяндау, 
түсіну,  көркемдік  элементтердің  қызметін  ашу,  т.б.  пайдаланылады.  Тілдік 
материалдардың  ерекшеліктерін  таныту  бағытында  сөйлем  мен  мәтіндерге 
жан-жақты  талдау  жүргізу,  сөйлемдердің  ішкі  байланыстарын,  интонациялары 
мен мәнерлілігін, стильдік және эмоционалды-экспресивтік сапаларын анықтап, 
стилистикадағы тіл стильдерін ажырату көзделеді.  
Тіл  стильдері  туралы  білім  мен  дағды  стиль  түрлерін  нақты  ажыратып 
қана  қоймай,  көркем  шығарма  мәтінін  жан-жақты  зерттей  білуге  де  көмегін 
тигізеді.  Өйткені,  стилистикалық  талдау  жүргізу  кезінде  салыстырмалы 
әдіс-тәсілдерсіз  белгілі  нәтижеге  жету  мүмкін  емес.  Ал,  белгілі  бір  мәтінді 
редакциялау  мен  жетілдіру  әдістері,  сөздерді  синоним  немесе  варианттармен 

 
 
98 
алмастыру,  суреттеу  мен  баяндауға  байланысты  сөйлемдерді  нақтылау  арқылы 
белгілі  бір  стильге  сай  қысқарта  құру,  қайта  құрау,  сөйлем  мен  мәтінді  басқа 
стиль  түрлеріне  сәйкес  қайта  жазу  сияқты  амалдар  тілдік-стильдік  нұсқаның 
толығуына  мүмкіндік  береді.  Әсіресе  қазақ  тілінің  стильдері  туралы  жүйелі 
білім  мен  дағды  беруде  осы  теориялық-практикалық  әдістер  жиі  қолданылып, 
олардың пайдаланудағы тиімділігі байқалады. 
Сонымен,  стилистиканы  зерттеп,  тану  мақсатына  сәйкес  әдістерді  екі 
топқа  бөліп  қарастырамыз:  біріншісі,  тілдің  стилистикалық  байлықтарын, 
реңдерін,  мәнін  ашу,  екіншісі,  әдеби  тіл  стильдерінің  жұмсалу  қызметтерінің 
ерекшеліктерін  табу.  Сол  мақсатқа  орай,  тәжірибе  жасау  арқылы  да  стильге 
авторлық өзгеріс енгізуге болады. Ол үшін мынадай тәсілдерді қолданған жөн: 
1. 
Даяр мәтіннің стилін анықтай білу. 
2. 
Мәтінге стильдік талдау жасай білу. 
3. 
Берілген  мәтінді  өңдеп,  редакциялай  білу  мақсатына  байланысты 
түзету енгізу.  
4. 
Даяр мәтінді басқа тіл стилімен өзгертіп, қайта жаза білу. 
Берілген  стиль  бойынша  мәтін  құрастырып  жаза  білу.  Бұған  қазақ  тілі 
сабағына  байланысты  практикалық  жұмыстар  жүргізу  арқылы  жаттықтыруға 
болады.  Әсіресе,  бұл  жүйе  студенттің  білім  көлеміне  байланысты  болмақ.  Тіл 
стильдеріне байланысты жазба жұмыстары, шығарма, мазмұндама, іс-қағаздары, 
мақалалар,  мөлтек  сыр,  рецензиялар,  баяндама  жазу  арқылы  авторлық  стильді 
түсінуге қол жеткізуге болады.  
Мәтіннің стилін анықтау – стиль туралы түсінік берудің алғашқы кезеңі, 
стилистиканы меңгертудің бастапқы сатысы болып табылады. Сондықтан стиль 
туралы  мәлімет  беру,  мәтіннің  қай  стильде  жазылғанын  анықтау,  қаламгердің 
дара стилін ажырату жұмыстарын тілдік-көркемдік тәсілдер арқылы, тынымсыз 
еңбектің арқасында тануға болады.  
Дара  стильді  анықтау  үшін  мәтіндегі  тілдік  элементтердің  көркемдік 
қызметін ашу – басты мақсат болып табылады. 
Функционалдық стильдердің ерекшеліктері бойынша жұмыстар жүргізіп, 
олардың  грамматикалық  ерекшеліктерін  ашу,  айтылу,  баяндау  мақсаттарын 
анықтау  –  көркем  шығарманың  өзіндік  белгілерін  тануға  көмектесетін  амалдар 
екендігі белгілі.  
Функционалдық  стильдердің  ерекшеліктерінен  қысқаша  мәлімет  беруді 
мына бағытта жүргізу тиімді: 
1. 
Ойды жеткізудегі қолдану аймағы мен жағдайы. 
2. 
Сөйлемдегі міндеті. 
3. 
Стильдік ерекшеліктері. 
4. 
Тілдік құралдары. 
Бұл  бағытта  функционалдық  стильдердің  мына  сияқты  ерекшеліктерін 
анықтауға болады: 
Ауызекі сөйлеу стилінде: 
1.  Қолдану  аясы:  кісілермен,  әсіресе  таныс  кісілермен  еркін  әңгіме, 
суреттеу, жанды суретін көрсету, нені айтпақшы болса, соның бейнесін суреттеу 
арқылы адам сезіміне әсер ету.  
2. Стильдік ерекшеліктері: образды, эмоционалды, экспресивті. 

 
 
99 
3.  Тілдік  құралдары:  ауыспалы  мағынада,  көркемдік  тәсілдерін 
пайдалану (теңеу, эпитет, метафора т.б.). 
Публицистикалық стиль. 
1. 
 Қолдану  аясы:  газетте,  журналда  және  жиналыстар  мен 
шерулердегі сөздерді қолданылады. 
2. 
 Мақсаты:  көпшілікке  әсер  ету,  заттар  мен  құбылыстардың, 
оқиғалардың мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. 
3. 
 Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық. 
4. 
 Тілдік  құралы:  риторикалық  сұрақтар,  стильдік  қайталау, 
антитеза пайдалану.  
Стильдердің  қолданылу  аймағы,  мақсаты,  стильдік  ерекшелігі,  тілдік 
құралдары  мәтіннің  жанрына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Мысалы,  ғылыми 
стиль  мен  көркем  әдебиет  тілі  стилін  төмендегі  келтірілген  мәтіндерден  анық 
байқауға болады: 
 
№ 1 Мәтін 
 
Омонимдер  –  айтылуы,  жазылуы  бірдей,  алайда  мағынасы  әртүрлі 
сөздер.  Мысалы,  ара  –  жәндік,  еңбек  құралы,  мекен.  Ара  гүл  тозаңынан  бал 
жинайды.  Қысқы  отынды  қол  арамен  аралады.  Осы  арада  кездескеніне  өзі  де 
ыңғайсызданды.  
 
№ 2 Мәтін 
 
Жан  құрбым!  Кездеспегенімізге  де  көп  болыпты-ау...  Сен  өзгерген 
шығарсың.  Жан  жарыңның  тілеуін  тілеп,  балаларыңды  бауырыңа  басып,  сар 
далаға  сағыныштан  телміре  қарап  жүрген  боларсың.  Тағдырдың  бұралаң 
белдерінде нәзік иығыңа түскен ауыртпалықтан сүрініп қалмай, қайсар төзіммен 
алға тартып бара жатқан боларсың. Сен аман болшы... Сен енді сүрінбеші... Сен 
мықтысың,  сен  бақытыңды  қалап  жатқан  жансың.  Ұшса  құс  қанаты  талатын 
шалғай бір түкпірде өмір  сүріп жүрген мен  сенің тілеуіңді тілеймін. Жақсылық 
болғай әрқашан! 
 
№3 Мәтін 
 
Еліміздің  екінші  деңгейлі  банктері  шағын  және  орта  бизнеске  төмен 
пайызбен  несиелер  беріп  жатыр.  Үкімет  мемлекет  тарапынан  құрылысқа 
берілетін 
қаржы 
көлемін 
ұлғайтпақ. 
Бұдан 
басқа 
мектеп,  аурухана 
құрылыстарының  өз  мерзімінде  аяқталуын  қадағалауды  да  күшейтпек.  Осы 
жылдың аяғына дейін республикадағы барлық үлескерлердің басым бөлігі қоныс 
тойын тойлайды деп күтілуде. 
 
Мұндай  мәтіндерді  ғылыми  еңбектерден,  көркем  әдебиеттерден, 
газет-журналдардан  таңдап  ала  отырып,  тілдік  зерттеу  жүргізген  тиімді.  Таныс 
мәтіндердің мазмұнына ғана көңіл бөлу емес, оның стильдік ерекшелігін, тілдік 
қолданыстарын,  жақ,  шақ  категорияларының  қолданысын  ашып,  тану  мәтін 

 
 
100 
стилистикасының  алғышарты  болады.  Сонымен  бірге  түрлі  мәтіндерді 
күнделікті  ауызекі  сөздер  мен  көркем  туындылардан  тани  білу  де  стильдік 
ерекшеліктерді меңгертеді. 
Баспасөз құралдарындағы жай хабар, ақпарат беру мақсатында жазылған 
мақалалардың өзінде де қазіргі кезде көркем стильге тән сөздік қолданыстар жиі 
кездеседі.  Олардың  бірнеше  себептері  бар.  Оқырманға  бұрыннан  таныс, 
санасында  қалыптасып  қалған  мазмұн  желісін  жалғастырушы  іспеттес  сөздер 
мен  сөздік  қолданыстар  мақалада  айтылатын  ойды  жақсы  түсінуге  себепкер 
болатынын қаламгерлер жете түсінеді. Мысалы: 
Қазақстанның  қара  алтыны  көптеген  шетелдік  инвесторлардың 
қызығушылығын туғызып отыр. 
Арқа  төрінде  орналасқан  әсем  Астана,  биікке  қол  созған  «Бәйтерек», 
теңіздің  бір  тамшысы  іспеттес  «Думан»  ойын-сауық  кешені,  Құрылыс 
алаңына  айналған  елорда,  шырайлы  Шымкент,  көне  Тараз,  қазақ  жанының 
айнасы  деген  сияқты  көптеген  тіркестер  стильдің  барлық  түрінде  де  өзіндік 
қолданысын тауып отыр.  
Стиль түрлерін анықтауда қиындық келтіретін жайттардың бірі – көркем 
әдебиет  стилі.  Көркем  шығармалардағы  сөздердің  барлығы  да  көркем  әдебиет 
стилімен  жазылған  деген  ұғым  дұрыс  емес.  Себебі,  көркем  әдебиет  тілінде 
барлық стильдердің элементтері болады. Көркем туындының архитектоникасын 
жасайтын 
тілдік 
элементтердің 
эстетикалық 
қуаты 
күшті, 
эмоционалды-экспресивті бояуы қанық болуы – қаламгердің шеберлігіне тікелей 
қатысты.  Мәтіннің  қай  стильге  жататынын  анықтау  үшін  мынадай  жетелеуші 
сұрақтар қойған да тиімді болмақ: 
1. 
Мәтіндер  ауызекі  сөйлеу  тілінде  ме,  әлде  кітаби  жазба  тіл 
стилінде жазылған ба? 
2. 
Қай мәтін қандай стильде жазылған? Оның себебі не? 
3. 
Тілдік құралдарында қандай айырмашылықтар байқалды? 
4. 
Автордың айтайын деген ойы қандай? 
5. 
Айтатын ойын жеткізу тәсілінің ерекшеліктері неде? 
Тіл  стильдеріне  сай  мәтінді  анықтай  білу  үшін  сол  стильдердің  тілдік 
ерекшеліктерін  таба  білу  қажет.  Көркем  әдеби  стиль  мен  ауызекі  сөйлеу 
стильдерін  жеке-жеке  салыстыра  отырып  қарастыру  екі  стильдің  өзара 
айырмашылығын  нақты  ажыратуға  ықпал  етеді.  Бұл  жерде  көркем  әдебиетте 
ауызекі  сөйлеу  стилі  қолданылмайды  деген  жаңсақ  ұғым  туындамауы  тиіс.  Сөз 
шеберлерінің  өз  туындыларын  барынша  әсерлі,  терең  мазмұнды,  тіпті 
шытырман  оқиғалы  етіп  ұсыну  мақсатында  өзіндік  сөздік  қолданыстарды 
пайдалануға  жиі  қадам  жасайды.  Алайда  авторлар  сөздің  мағынасын  сақтап, 
ішінара  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  өзгертіп  қолданудан  басқа,  жаңа  сөз  «ойлап 
табуға» да тырысады. Оқырмандарға ой желісі түсінікті болу талабына сай олар 
өздері  тапқан  сөздерді  де  қазақ  тілі  заңдылығына сай  құрастыратыны жасырын 
емес.  Осы  тұста  көркем  әдеби  стильдердің  үлгілерін  автордың  баяндау  немесе 
суреттеулерінен,  ал  ауызекі  сөйлеу  стильдері  үлгілерін  кейіпкерлердің 
сөздерінен, әңгімесінен іздеу қажеттігін ескеру керек. 
Мәтін  стилистикасын  анықтаудың  тиімді  әдіс-тәсілдерінің  біріне 
төмендегі амалдарды атауға болады: 

 
 
101 
  сөйлемдердегі  берілген  сөздердің  қалай  қолданылып  тұрғандығын  және 
оның мәнін ашу; 
  мәтіндегі әдеби тіл стильдеріне тән сөз тіркестерін анықтау; 
  сөздердің  және  сөз  тіркестерінің  қолданудағы  стильдік  ерекшеліктерін 
айқындау; 
  келтірілген  үзінділердің  әдеби  тіл  стильдерінің  қай  түріне  жататындығын 
анықтау және оның ерекшеліктерін табу; 
  көркем  мәтіндегі  автордың  даралық  қолтаңбасын  қалыптастыратын 
тілдік-стильдік элементтердің қызметін айқындау. 
 Көркем  мәтіннің  көріктеуіш,  бейнелеуіш  амалдарын  білдіретін  тәсілдердің 
негізгілеріне  теңеу,  эпитет,  метафора,  метонимия,  параллелизм,  парцелляция, 
қайталама,  дыбыстық  аллитерация  мен  ассонанс,  тұрақты  тіркестер  сияқты 
көптеген тәсілдер жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет