bush”,
напоминающей
хоровод.
Игра
сопровождается
следующим
припевом:
Here
we
go
round
the
mulberry
bush,
The
mulberry
bush,
The
mulberry
bush.
Here
we
go
round
the
mulberry
bush
On
a
cold
and
frosty
morning.
Впервые слова этой детской песенки были записаны
в середине 19-го столетия. Некоторые исследователи
считают, что в первоначальной версии была строчка
"Here we go round the bramble bush". ("bramble bush" -
колючие кусты, заросли, а "mulberry" – шелковица,
тутовое дерево). Но из-за трудностей для детской
артикуляции
со
временем
слово
"bramble"
изменилось на "mulberry", хотя, как известно,
шелковица – это дерево, а не куст.
Таким образом, мы считаем, что процесс запоминания идиом, и
фразеологических единиц в целом, обусловлен не просто наличием хорошей
памяти обучающихся, но и пониманием сути происхождений данных
фразеологических единиц и умением использовать фразеологические единицы в
контексте.
Литература:
1. Доценко Р.И. Английские пословицы и поговорки. Киев. “Днипро”. 1990
2. Шпак Е. Французские пословицы и поговорки. Киев. “Днипро”. 1990
13
3. Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л. Русско-английский словарь пословиц и поговорок:
500 единиц.- Спб.: МИК, Лань, 1996.
4. Ахманова А. В. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966
5. Бинович Л. Э. Немецко-русский фразеологический словарь. – М., 1956, 1981
6. Новый большой англо-русский словарь. – М., 1993 - 1994
7. Ожегов С. И. Словарь русского языка: 70000 слов / под редакцией Шведовой
И. Ю. – М.: Русский язык, 1989
Динаева Б.Б.
ҚАЗАҚ ПАРЕМИЯЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТ
В
данной
статье
рассматриваются
проблемы
национального
менталитета казахских паремий.
This article deals with the problems of the national mentality of Kazakh
proverbs.
«Менталитет» сөзі бізге Батыс елдерінен келген. 1991 жылы жарық
көрген «Қазіргі Батыс философиясы» сөздігінде бұл сөзге былайша түсінік
беріледі – «менталитет» латыншадан аударғанда (mens-ақыл, ойлау, ойлаудың
бейнесі, жанның қатпары) бейсаналылықты қосқандағы ұжымдық және жеке
сананың терең деңгейі дегенді білдіреді. Менталитет жеке және әлеуметтік
топтардың іс-әрекет, ойлау, сезіну және дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау
бағыты дайындығының жиынтығы» делінген [1,171-78-б.]. Кейбір Ресей
зерттеушілері
менталитетті
әлеуметтік
факторлардың
әсері
негізінде
қалыптасқан стереотиптер жүйесі мен мінез-құлықтағы және сезімдік-
эмоциялық реакциядағы, ойлаудағы иерархиялық тұрғыдағы өзара бағынышты
басыңқы құндылықтардың көрінісі деп анықтап отыр [2,20-б.]. Қазіргі
әлеуметтік философияда менталитет ұғымының әлеуметтік топтар мен
ұлттардың ойлау бейнесінде, іс-қимылы мен мінез-құлықтарында кездесетін
стереотиптерге, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктеріне, өмір сүру салты мен
дәстүріне байланысты көптеген құнды ойлар айтылуда.
Менталитет – рухани болмыс тарихының сығымдалған және тұрақты
негізде қордаланған, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың дүниетанымында
орын алатын ерекше көрініс. Оны қалыптастыруда мәдениеттің, өнердің, діннің,
философияның, ұлттық салт-дәстүрдің, қоршаған ортаның, тұрмыстың,
қоғамдағы әлеуметтік ортаның, саясат пен идеологияның, экономикалық
қатынастардың маңызы зор.
Менталитетті зерттеуге Қазақстандық философтар да өз үлестерін
қосуда. Кейбір ғалымдар «менталитет» пен «діл» ұғымдарының арасында
айырмашылық бар екенін көрсетіп, мағынасы мен мазмұны жағынан
өзгешеліктер тауып жатса [3,36-б.], кейбір ғалымдар бұл екі ұғымның мағынасы
жағынан тең екенін алға тартады [4,68-б.]. Бұндай талпыныстар мен
ізденістердің
маңыздылығы
түсінікті,
өйткені
ұлттық
ойлау
жүйесін
14
қалыптастыруда мұндай ұғымдардың маңызы зор. Дегенмен де, менталитет
терминінің діл ұғымына қарағанда өзгешелігі, оның философиялық сөздікке
кіріп, философиялық категория ретінде көпшілік тарапынан мойындалуы және
ғылыми зерттеулер айналасында өзінің орнын табуы болып отыр.
Қазақ философиясы – халқымыздың дүниетанымын, рухани болмысын,
менталитетін жан-жақты түсінудегі методологиялық тұғыр. Өз кезегінде қазақ
философиясының табиғатын ашу ұлт менталитетін зерттеумен тікелей
байланысты. Қазақ менталитетін тану арқылы ұлттық философияның даму
деңгейін, оның өміршеңдігі мен практикалық маңызын айқындай аламыз.
Басқаша айтқанда, қазақ менталитетін зерттеу ұлттық философияны абстаркты
нақты адам өміріне «еш қатысы жоқ» гносеологиялық сөз саптаулардан
құтқарып, оны бүгінгі нақты өмірдің рухани сұраныстарына айналдыруға
мүмкіндік туғызады.
Қазақ философиясы туралы сөз еткенде айналып өтуге болмайтын
мәселе – даналық мәселесі. Ол – ұлт менталитетінің даму ерекшелігінің рухани
негізі. Даналық қазақ халқының рухани өмірінде ерекше орын алады. Оның
іздері мәдениет пен дәстүрде, дүниетанымдық ұстанымдар мен көзқарастарда
сайрап жатыр. Онда даналық тұтас феномендік тұрғыда орын алған. Оның
тұтастығы адам мен табиғат, қоғам мен адам, адам мен адам арасындағы
қатынастарда көрініс тапқан. Даналықтың тұтастығы білім мен адамгершіліктің,
ақыл, қайрат, жүректің бірлігі, олардың бір-бірімен астарласуы арқылы берілген.
Оған дәлел, тұтастықтың бір көрінісі ретінде адам мен табиғат арасындағы
қатынасты қарастырайық.
Қазақ – қашан да табиғатпен етене өскен халық. Ол өзін табиғатқа
ешқашан қарсы қоймаған. Өзін табиғаттың «бел баласымын» деп санаған. Ол
табиғаттың сұлулығына бас иген, ойға өрнек, тілге тиек етіп, мақал –
мәтелдерге, ән-жырға қосқан. Мәселен: ¤ Адамгершілікке арналған үш сауап
бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, жолға ағаш
еккен бір сауап, ¤ Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады. ¤ Су аққан жерінен бір
ағар, ¤ Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтар. ¤ Жайлауы жақсының әр
бұтасының түбі бір кесек ет. ¤ Ағаштың түбі– бір, тынысы мың деген мақал-
мәтелдерден табиғатпен гармониялық қатынас орнату – даналық белгісі екенін
көреміз. Сонымен қатар табиғатқа тек шаруашылық тұрғысынан қарамай,
моральдық, этикалық және эстетикалық тұрғыдан қараудың өзі осы даналықтың
көрінісі, осындай тұтастық тұрғысынан табиғатпен араласудың нәтижесінде
олардың рухани дүниесі, ойлау жүйесі, түсінігі, танымдық ұғымдары мен
ментальдық болмысы қалыптасқандығын көреміз.
Даналықтың іздерін қазақ халқының рухани дүниесін құрайтын
фольклор, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, дидактикалық толғаулар, салт-
дәстүрлерден кездестіруге болады. Соның бірі – жеті аталық дәстүр. Бұл дәстүр
ұлттың қандық тазалығын сақтап қана қоймайды, сонымен бірге ұрпақ, ата-баба
арасындағы өзіндік байланысты да қамтамасыз етеді. Айналып келгенде,
бұлардың барлығы тектілікті қалыптастырады. Тектілік бар жерде даналық,
ментальдық тұтастық бар. Тексіз менталитет желмен ұшқан қаңбақ секілді.
Сосын да болар, қазақтың «тегіңе тартсаң тозбайсың» -дейтіні. Дүниенің
паремиологиялық бейнесінде жеті аталық дәстүр, тектілік ¤ Жеті атасын
15
білмеген ─ жетімдіктің белгісі, ¤ Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың
қамын жер, ¤ Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке, ¤ Адамға екі
нәрсе тірек тегі, бірі – тал, бірі – ділің жүректегі ¤ Жетімнің қарны жетеу, ¤
Жақсы әке жаман балаға қырық жылдық ризық, ¤ Жерінен ауғанға жеті жыл
қоныс жоқ т.б. мақал-мәтелдерде рулық қоғамда қалыптасқан ата-салтты
танытады.
Кез келген ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, дүниені бейнелеу тәсілі бар.
Ойлау жүйесінде сол ұлттың рухани ерекшелігі, тыныс-тіршілігі, сезімі,
дүниетанымы, адамдардың өзара қатынасы, құндылықтарды түсінуі мен
қабылдау түрлері өрнектеледі. Ұлттық ойлау жүйесінің рухани негіздеріне
тәңірлікті (тенгризм), шаманизмді, суфизмді, исламды, шешендік сөз өнерін,
фольклорды, мақал-мәтелдерді, салт-дәстүрді, даналық білімді, философияны
жатқызуға болады. Бұл аталған рухани негіздер ұлттық ойлаудың қалыптасуы
мен дамуына өзіндік әсерін тигізді, қазақ халқы менталитетінің ішкі болмысын
айқындады.
Ұлттық ойлауға тән қасиет – оның үнемі даму, жаңғыру, өзгеру үстінде
болатындығы. Ол үнемі дамып отырмаса, онда қоғам өмірінде болып жатқан
өзгерістер мен құбылыстарды бейнелеу мүмкін болмас еді. Сондықтан да
ұлттық ойлаудың өлшемі – даму. Ол – ұлттық ойлаудың өмір сүру тәсілі, ішкі
энергиясы, қозғаушы күші, бағыт-бағдарын айқындаушы. Мәселен, кешегі
көшпенділік өркениет шеңберінде қалыптасқан кейбір ұғымдар мен түсініктер
ұлттық ойлау жүйесінде бүгінге дейін өз қызметін атқаруда. Сонымен бірге
қоғамдық қатынастардың өзгеруінің нәтижесінде жаңа ұғымдар пайда болуда.
Ұлттық ойлау тілмен байланысты. Тілсіз ұлттық ойлау жоқ. Ұлттық
ойлаудың басты ерекшелігі – оның тілінде. Себебі тіл арқылы ұлт өзінің
ментальдық болмысын, өмір тіршілігін, дүниетанымын бейнелейді. Ұлттық тіл
неғұрлым бай болса, дүниені бейнелеу соғұрлым нәрлі, әсерлі болып келеді.
Қазақ тілдің құдіреттілігін, адам өміріндегі рөлін бағалай білген.
Мысалы: ¤ Адам көңілінен азады, тілінен жазады. ¤ Адамның өзі жетпеген
жерге сөзі жетеді. ¤ Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір. ¤ Айтпаса, сөздің атасы
өледі. ¤ Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді. ¤ Бас кеспек болса да, тіл
кеспек жоқ. ¤ Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме. ¤ Тіл –
буынсыз, ой – түпсіз. ¤ Тілде сүйек жоқ, ерінде жиек жоқ. ¤ Тіл жүйрігі –
басқа, қол жүйрігі – асқа. ¤ Тіл жүйрік емес, шын жүйрік. ¤ Тілмен тікенді де
алады. ¤ Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. ¤ Біреудің сөзі әдемі,
біреудің көзі әдемі, ¤ Бір елі ауызға - екі елі қақпақ. ¤ Жүз сөзден бір өнеге
артық. ¤ Жақсы сөз – ер азығы, бір сөз – мың сөздің қазығы деп тілдің
құдіреттілігін мойындаған. Қазақ астарлап сөйлегенді, айтар ойын алыстан
орағытқанды, тұспалдап, жұмбақтап сөйлегенді қалаған. Сөйлеуді ыммен
бастап, терең оймен аяқтаған. Астарлап сөйлеу ұлттық ойлауды дамытуға, оның
ұшқырлығын арттыруға әсер етеді. Яғни тіл халықтың менталитетіне жатады.
Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін
түсінуге болды. Дүниенің паремиологиялық бейнесінде ¤ Жеті жұрттың тілін
біл, жеті түрлі ілім біл мақалының мағынасы осыны білдіреді. Сонымен қатар
тілсіз бірде-бір халық та, жеке адам да жоқ. Тіл арқылы ел бір-бірімен
араласады, түсініседі. Тілі байдың ойы бай. Өйткені тіл – ойдың көрінісі,
16
заттанған түрі. Белгілі бір зат, не құбылыс түрі, әрекеті, бейнесі берілмейтін,
олардан аулақ, тек таза, былайша айтқанда, тілмен сомдалмаған ой болмайды.
Әрине, тілдің даму дәрежесі барлық халықтарда бірдей емес. Тіл әр халықта
әртүрлі
дәрежеде
дамыған.
Ол
оның
тарихына,
өндіріс
тәсіліне,
шаруашылығына, рухани өміріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, алыс-
берісіне байланысты. Олай болса, ешбір басқа елдің тілі, тұрмысы, әдет-ғұрпы
араласпаған, таза бір ғана тіл болуы мүмкін емес. Дегенмен, әлемде ұлттар мен
ұлыстар бар болған соң, оның өзіндік сипаты, әдет-ғұрпы, тілі болады. Мәселе
соны сақтап, әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамыта білуде. Өз ұлтының
тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз
халқынан, өскен ортасынан, ұлттың менталитетінен жұрдай болып, қол үзу
болып табылады. Өзінің халқымен рухани байланысы жоқ адам, ол тамырсыз
өскен өсімдік сияқты, қуыс кеуде болып қалады. Өзінің тілін, мәдениетін
білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын мақтан ете елмайды.
Сондықтан, әрбір адам өз халқының тек түр сипаты жағынан ғана уәкілі болмай,
ол өз халқының рухымен сомдалған болуы керек. Өз халқының өкілі болу, оның
сүтімен сусындалған болу қажет. Ұлттық менталитет оның жүріс-тұрысынан,
ойлау жүйесінен, дүниені рухани бейімдеп, көз алдына елестетуден т.б.
айқындалып көрініп тұрады.
Тіл арқылы сол халықтың мінез-құлқын, болмыс-бітімін тануға болады.
Қазақ әңгімелескенде асықпай, әр нәрсенің мән-жайына жетіп, түсінісуді қажет
еткен. Сөйлескенде, ол қашан да әңгіменің түйінін іздеген. Мәселе, көп немесе
аз сөйлеуде емес. Сол көп сөздің тобықтай түйінінде. Оны халқымыз сандарға
негізделген мақал-мәтелдерде ¤ Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ¤ Күнде
бір сөз есітпесең, құлағың қалқандай болады, ¤ Көп сөздің емі – бір-ақ сөз, құр
сөзге дауа жоқ, ¤ Мың сіз-бізден бір шыж-быж, ¤ Қылыш бірді жайратар, тіл
мыңды жайратар, ¤ Мың сөз де бір істің жарымына татымайды, ¤ Мың сөзді
бір сөзбен тоқтатар, ¤ Мыңға татыр бір сөз бар, ¤ Мың батпан жүк көтерген
кісі бір ауыз сөккен сөзді көтере алмайды, ¤ Отыз тістен шыққан сөз, отыз
рулы елге тарайды, ¤ Ойлы, арлы адамға бір сөз де жетеді, ойсыз, арсыз
адамға мың сөз де жетпейді деп бейнелейді. Яғни қазақ халқының ментальдық
ұғымында мақсат көп, ол –аз сөйлеуде емес, мәнді, мәнерлі сөйлеу.
Қазақ халқының тағы да ұлттық менталитетіне байланысты қазақ жаяу
жүргенді кемістік деп санаған. Сондықтан барар жері, ауыл-арасы бір сағаттық
жол болса да, өріске кеткен атын кісі жіберіп алдырып, түске дейін сайлап,
ерттеп мініп, баратын болған. Ал егер барар жеріне ертемен кетпек болса, атын
жайылысқа жібермей, тұсап, не арқандап, үй маңында ұстаған. Ел аузында ¤
Жылқы – жеті қазынаның бірі, ¤ Ат ерді сақтайды, ¤ Ат - адамның қанаты, ¤
Жылқы – түлік патшасы деп ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз желден жүйрік
жануарды күллі тіршілік тірегі, тұрмыс-салты, өмірінің өзегімен тығыз
сабақтастырып келеді. Хас тұлпарға қатысты қанымызда бар асыл қасиеттер әр
кезде жанымызда атой салып, бой көрсетіп қалады.
Біздің тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы. Содан да болар, «... аттың
жалына қиямет күніне шейін жақсылық байлаулы тұрады», - дейді. Жылқы –
төрт түліктің төресі. Тәкәппар, сезімтал, кірпияз, кербез, киелі жануар. Қазақ
қазақ болып, ұлт болып қалғаны үшін – ат пен анаға қарыздар. Осыншама кең
17
байтақ жерді бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында, білектің күшімен,
найзаның ұшымен сақтап қалып, бізге аманат етіп тапсырды.
Жылқы түлігінің қасиеті мол, орны бөлек. Ол – мінсең көлігің, жесең
тамағың, ішсең сусының, кисең киімің. Жылқының еті де дәрі, сүті мен қаны да
дәрі. Қазысының майы сүйегін балқытады. Сынықшылар сол май арқылы
адамның теріс біткен сүйегін бұзып, қайта салады. Бие сауған әйелдің дені сау
болады, сүтінің қасиеті тырнағының астынан бүкіл денесіне дариды. «Жылқы –
жаным, қымыз – қаным», - деген Ақтайлақ би. «Жылқының сүті- шекер, еті –
бал», - дейді дана халқымыз.
Қасиетті жылқы малы қазақ үшін жаралып, қазақ пен оның кең даласы
жылқыға арналған сияқты. Бірінсіз-бірінің күні де, сәні де мәні де жоқ. «Ат бағу
адамға сауап әпереді», - деген екен Пайғамбарымыз. Жылқының сүті барлық
ауруға ем. Қымызды қасиетті ас санайтын қазақтар оны жерге төгуге тыйым
салған. Төксе, үйден ырыс қашады деп сенген. Қымызды ерекше қастерлеп,
қадірлі қонақтарға ғана ұсынған. Оның айғағын төмендегі мақал-мәтелдерден
көруге болады. Мәселен, ¤ Жалғыз биенің қымызы, қарындаспен қағыстырар,
жалғыз түйенің шұбаты, ағайынды табыстырар, ¤ Атың арық болса, бір шап,
отының аз болса, бір жақ, ¤ Бір бие үйдікі, екі бие елдікі, ¤ Екі бие ел асы, үш
бие бұлақ басы, бір бие жоқтың қасы, ¤ Елің жақсы болса, бір жақсыны сағала,
атың жаман болса, ақтекенің мүйізімен ойна, ¤ Жылқының басы мың қаладан
қайтады, ¤ Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады, ¤ Тұлпардың оттауы
бір болса да, жусауы басқа деп қашанда жылқы малының қадір-қасиетін
адамның әр кездерінде байланыстырып, тілге тиек етіп отырған. Сонымен қатар
қазақта ¤ Ер жігітті қартайтатын үш нәрсе бар: шабан ат, жаман қатын,
өтпес пышақ деген мақал бар.
Қазақ халқының менталитетін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – ол
тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-
мәтелдері,
ертегі,
жыр-термелері,
ойын-сауығы,
жұмбақтары
мен
жаңылтпаштары айналып келгенде тірелетіні тәрбиелік мәселе. Олар
адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған. Олардың дені мақал-
мәтелдерде молынан кездеседі. Яғни баланың шыр етіп, дүниеге келген күнінен
бастап, адам өмірінің соңына дейінгі ырым-жырымдар, ұлағатты ұғымдағы
мақал-мәтелдер. Ұлт менталитетін ашатын мақал-мәтелдерді атап өтсек,
мәселен, ¤ Адам етеді, әдет түпке жетеді. ¤ Адам болатын бала алысқа
қарайды. ¤ Адам болып туған соң, адам болып өлген ләзім. ¤ Адам көңілінен
азады, тілінен жазады. ¤ Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше. ¤ Адам туа
жаман болмайды, жүре жаман болады. ¤ Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны
дос басады.¤ Ақылды адам ақымақтан да бірдеме үйренеді т.б. мақал-
мәтелдерден қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы тәжірибесінен туындаған
халықтың білген, түйгендері, алтындай етіп сақтаған, маржандай теріп
жинақтаған даналық ойларын көреміз. Бұның барлығынан біз қазақ халқының
рухани дүниесінің жоғары екенін көреміз.
Қорыта айтқанда, дүние бейнесінің паремиологиялық фрагментінде
жинақталатын білім қоры «адам мен табиғат», «қоғам мен адам», «адам мен
адам» арасындағы қатынастардың сан алуан қырын «даналық» ұстанымы
тұрғысынан түсіндіретін қазақ менталитетінің өзіндік болмысымен сипатталады.
18
Пайдаланылған әдебиет:
1.
Современная Западная философия. Словарь.-М., 1991. с.171/78
2.
Дубов И.Г. Феномен менталитета: психологический анализ //Вопросы
психологии. -1993.-№5.-С.20.
3.
Қасабек А. Ұлттың ділі //Ақиқат. -2000. №8-9.,36-б.
4.
Телебаев Г.Т. Иерархия ценностных ориентаций казахстанцев как основа
национальной ментальности //Материалы международной конференции –
Астана, 2002 ,68-б.
Дүсіпбаева Қ.С.
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СӨЗ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІНІҢ
АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
В данной статье описываются языковые традиции Абая, повлиявшие на
культуру казахской речи. Проведен анализ основных направлений в современной
культуре речи, возникших посредством влияния произведений Абая.
This article describes the linguistic tradition of Abay, influenced the culture of
the Kazakh language. The analysis of the main trends in modern culture, arising
through the influence of the works of Abai.
Ойдың тереңдігін білдіретін, жазушының талантын ашатын, оның
сезімталдығын, талғамын айқындайтын бір нәрсе - сөз. Сөз - ойдың көрінісі. Сөз
дәлдігі - ой дәлдігі. Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына сай орынды,
әсерлі жұмсаумен сөз дәлдігі, сөз байлығы, сөз талғамы, сөз әдебімен
астарласып жатады. Қазаққа сөзқұдіретін танытқан бірден-бір адам Абай.
Сондықтан да қазақ тіл ғылымының атасы А. Байтұрсынұлы айтқандай, не нәрсе
жайында жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады.
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы,
ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды,дәмді болуына
сыншылдық керек,мағыналы маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі
де болған./ 1,25/ Абай сөзі заманымыздағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың
сөзінен үздік артық дей келіп, Абайды қазақтың бас ақыны санайды.Тіл
мәдениетінің алғы шарттарының ішінде тіл байлығына тоқталмақпыз,
Зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, ақын шығармаларында 6293 сөз
кездеседі екенАл, 46596 сөзқолданысы бар.Соның өзінде сөз қолданыстың
барынша саналы екенін аңғару қиын емес, дәлірек айтқанда, данышпан ақынның
кез келген сөзді қалай болса солай қолданбағаны аңғарылады. Айталық, ең жиі
қолданған айт (107 рет), ақыл (188 рет), ал (600 рет), ат (133 рет), бай (94 рет),
бала (191 рет), бәрі (192 рет), бер (338 рет), бой (120 рет), бол (1239 рет), бұл
19
(334 рет), біз (123 рет), бір (575 рет) тәрізді санаулы сөздердің жиі қолданысқа
түскені болмаса, көп жағдайда сөздер санаулы ғана қайталанған. ./ 2,625/
Абай қазақ тілінің лексикасын байытып, тазартып қана қойған жоқ,
сонымен қатар, сөздердің тіркесімі, сөйлем тұрғысынан, демек, қазақ
синтаксисін құрылымы жағынан да байытты. Бір ғана жүрек сөзімен жасалған
талай тіркестердің өзі ғана осыған мысал бола алады. Жалпы азаматтық әуендегі
өлеңдерімен бірге, сатиралық шығармаларында да сөз қолдану өнегесін көрсетіп
кетті.
Абай дәстүрін жалғастырған қазақ жазушылары мен ақындары тілімізді
байыту бағытында көп еңбек сіңіргені белгілі. Мысалы, М. Жұмабаев Домбыра.
Қара сөзбен жазылған өлеңі, Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндерін» айтуға болады
Абай- данышпан, сөзге бай, тілге ұста ақын.Ол шығармаларында қазақ
халқының сөз қорын, сөз құрамын түгел, сарқа пайдалану, шет сөздерді орынды
қолдану үстіне, солардың негізінде өзі жаңа сөздер, жаңа сөйлемдер ойлап
шығарды. Олар тез сіңісіп, қазақтың сөзі, қолтума сөйлемі болып кетті.
Абайда көп кездесетін сөздер, жай сөздің алдына өзіне шейін
қолданылмаған жаңа эпитет, теңеу тағы басқа поэтикалық тілдер қойып, солар
арқылы жаңарту. Мысалы:
«Ой тәңір-ай» шыл кер өсек.
/Абай, 1-том,94-бет/
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр.
/Абай, 1-том,57-бет/
«Өсек» те, «кер» де жеке алғанда, күнбе-күн қолданылатын сөздер.
Бірақ, Абайға дейін осы екеуінің басы түйісіп, бір мағына беретін сөз қолданыс
қағаз бетіне түскен емес. Ақын: «өсектің» алдына «кер» деген эпитетті қойып,
жаңа образ, жаңаша мән туғызған.
Қолданылып жүрген көздерді жаңғыртып, жаңа мағына беріп қолдану
ізімен, Абай көп ретте қазақтың бұрынғы мақал-мәтелдерін де жаңғыртып,
септелуін өзгертіп, өткірлеп қолданған, солардың негізінде өзі жаңа мақал,
мәтел, фигуралық сөздер жасаған. Мысалы, Абай бұрынғы «Еңбек етсең,
емерсің» деген мақалды «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей»- деп,
«Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» деген мақалды:
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсе бұйрығың-
деп, «Жарлының бір тойғаны – шала байығаны» деген мақалды:
Бір тойған – шала байыған деген қазақ,
Ет көрсе қайтеді күйсей бермей – деп өзгертіп, ұстартып қолданған.
Жаңа сөйлемдерді Абай көбінде орыс тілінің үлгісімен, әсер- ықпалымен
жасаған. Мысалы, оның жаңадан жасаған сөйлемдерінің біразы былай болып
келеді:
Толқынын жүрегінің хаттай таныр.
/Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат.1-том,108-бет/
Мен сынық жан, жамағанмен
Түзеле алман түрленіп.
. /Онегиннің Татьянаға жауабы. 1-том,108-бет./
Уақыттай, өзі жүйрік ат мінеміз.
20
/Тұтқындағы батыр. 1-том, 185-бет./
Қысқасы, жаңа сөздер, эпитеттер, теңеулер, жаңа сөйлемдер жасау,
қазақтың әдеби тілін дамыту, ұстарту жөнінде Абайдың қазақта теңдесі
жоқ. Өзі тапқан, жасаған жаңасөздер, жаңа эпитет, теңеулер, жаңа
сөйлемдер, мақал, мәтелдер Абай өлеңдерін тағы да дәл, өткір, көрікті етті./
3,63/
Сонымен қатар, Абай өз кезінде әбден сіңіп болмаған, жаңа енген шет
сөздерді батыл қолданып, оны жазу тіліне енгізді. Мысалы: ғылым, тарих,
жеребе, сайлау, арыз, тергеу, үйез, губерния, пәлен қадерлі, жарлық тағы басқа.
Бұл Абайдың қазақ сөздік құрамын байыту әдісінің бір түрі болды.
Қазақ сөздік құрамын байыту жолында Абайдың істеген үшінші бір әдісі
– көрші елдерден сөз қабылдау. Әсіресе, орыс тілінде қолданылып жүрген
ғылым, техника, философия, социология, саясат сөздерін қазақ тілінде де
қолданып байыту. Абай басқа тілден сөз алып қолданғанда халық тілін байытуға
жәрдемі тиерлік, ең қажетті терминдерді қолданады. Сондықтан, Абайдың бұл
ісі тіл шұбарлау емес, тілді байыту жолындағы бір әдісі.
Сондай-ақ Абай шығармаларының сөздік құрамында да көршілес
халықтардың тілінен енген сөздер болуы табиғи нәрсе. Абай тіл қорының тағы
бір саласы болып табылатын орыс тілдерінен енген сөздердің көпшілігі зат
аттары мен кейбір термин сөздер.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы.
/ Интернатта оқып жүр. 1-том, 42-бет./
Әдетте үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай
жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, ағаш, баба, баға, бақыт,
нан, сана, намыс, екі, сегіз, жер, күн, өріс тағы басқа.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді:
1.
Басқа тілдерден қазақ тіліне енген сөздерде, мысалы: кітап,
геолог, кино,қазір, зағип, математика.
2.
Біріккен сөз бен қос сөздерде араласып келеді,мысалы:шекара,
баспасөз, аман-есен, ала-бөле .
Жоғарыдағы келтірілген мысалдардан: аршопке, счетың, каталешка,
мелішсауда сөздерінің қазақ тілінің лексикалық қорын байытуға жасаған
ақынның үлесі екенін түсінеміз.
Абай өлеңдерінде орыс тілінен: виноват, коренной, счет, пошел, ладан,
нуль, прошение, судья, съезд, закон, чин, доктор, пьяница, такт, бутылка, рюмка,
стакан, химия, лавка, барабан, самородный, уголовный, познание, оброзование,
назначение, минута, сила, единица, интернат, штык, кортечь, форма, альбом,
мокастырь, гулять, визит, каталажка, деген сөздерді, тағы басқа бірсыпыра
сөздерді қолданған. Осыларды ол, әлгі айтқандай, зәру қажет болғанда ғана
ойын айқын аңғару, өткір айту, кейде сықақ, мысқыл үшін қолданған. Абайдың
осылай қолданған сөздерінің біразы мына түрде:
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды.
/”Патша құдай, сыйындым” 1 том, 33 бет/
21
Абай шет сөздерді, әсірісе орыс тілінен алған сөздерін өте жарасымды
етіп қолданған. Осыдан олардың көбі қазақтың сөз құрамына еніп кетті. Бұл
келтірілген мысалдар Абайдың тіл байлығы, сөздік қоры, жалғыз өзінің ана тілі
ғана емес, басқа тілдермен тамырлас екенін көрсетеді./ О.Х.Жұмалиев. “Абайға
дейінгі поэзиясы және Абай поэзиясының тілі”. Алматы – 1948 жыл/.
Абай лексикасындағы шығыс сөздерінің елеулі тобы тілде сезілместей
болып ертеректе еніп, сіңіскен, қалыптасып орныққан лексемалар. Абай оларды
шет көрмей жалпы халықтық қордан алып пайдаланған./4/
Абай тұсында активтене бастаған шығыс сөздерінің ішінде тек оқу-
мәдениетке қатысты сөздер емес, кітаби тіл мен шығыс классиктері әдебиетінің
аудармалары арқылы ене бастаған өзге сөздер де орын алады. Жазба әдебиет
түрлерінің арабша атаулары бейіп, қысса, наме деген сөздерді Абай сирек болса
да пайдаланған: Бұл жазған сұңғатым , Көңіл ашар бір наме. Сондай - ақ діни
ұғымдарға қатыссыз перзент, дүлділ, шәрбат, кесапат, тағзым сөздері кездеседі.
Бұлардың бір ерекшелігі - өте сирек қолданылғандығы.
Абай лексикасындағы діни сөздер де бар. Бұл Абайдың діни, дүние
мәселелерін әңгімелейтін еңбектерінде көп кедеседі. Әсіресе, аят, иманшарт,
құран хадистерін түсіндіретін, сол түсініктер туралы өз пікірін білдіретін
қарасөздерінде, қажет жерінде қолданылады. Осы архаизм мен діни сөздер,
араб, фарсы тілдерінен келген сөздер, оның бірер өлеңі мен “Отыз сегізінші
сөзінде” біркелкі кездесіп жатады. Басқа шығармаларында Абай мұндай
сөздерді өте сирек қолданады. Мысалы: “Шәкірліктен (шүкір)ғибадаттың бәрі
туады.Егер босансаң, иман да, адамдық та, һәимасы босанады. Аллаяр софының
бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай (жайсыз) дегені басыңа келеді ”. (5. 91 бет).
Бұл сөздердің біркелкісі сол кездің жұртшылығына таныс, түсінуге
боларлық сөздер.
Жоғарыда атап өткенде Абайдың араб, парсы тілдерінен енген сөздерді
қолдануы термин, әдебиет ғылымдық, филисофиялық, діни ұғымдарымен
байланысты деп айтқамыз.
Мысалы:
“Ғадәләт пен Мархамат ер азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек”,
/Абай. 1 том . 194 бет/.
“Ақыл мен хауас барлығы,
Білмей дүр, жүрек сезе дүр”
/Абай. 1 том . 196 бет./
Бұл жерде ғадәләт (араб.) - әділдік, әділет, мархамат (араб) жақсылық,
қайырымдылық (6.133 бет) ; хауас (араб.) – сезім сипаты, сапа түрі мағынасында
(6. 141 бет) ; сезе дүр (шағ) - сезеді мағыналарында қолданылған.
Қорыта келе айтарымыз:тіл байлығын артттыруда Абай қазақтың әдеби
тілін байыту жолында халықтың байырғы сөздерін, сөйлем жүйелерін өткірлеп,
ұстартып, ұғымдық жағын күшейтті. Оны өңдеу арқылы кейбір сөздерге жаңа
сөздерді өте орынды және ұқыпты қолданды. Абайда көп кездесетін сөздер, жай
сөздің алдына өзіне шейін қолданылмаған жаңа эпитет, теңеу тағы басқа
поэтикалық тілдер қойып, солар арқылы жаңартты. Кірме сөздерді орынды
қолданды.
22
Пайдаланылған әдебиет:
1.
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық
мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 320,с
2.
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы, 1968.
3.
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат, 1995. – 208 б.
4.
Ысқақов А. Абай тілі сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1968. -200б.
5.
Кенжебаев Б. Абай қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы. –
Алматы, 1954.
6.
Құнанбаев А. Өлеңдер және аудармалар. – Алматы: Қазақ ССР ғылым
Академиясы, 1954, - 322 б.
Қарағұлова Б.С.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ НЕОСЕМАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
Как известно, в настоящее время в языке все больше появляются
неологизмы (новые слова) и термины. Это связано с появлением новых понятий,
что является одним из факторов развития языка. В статье рассматриваются
причины и способы возникновения неологизмов. Как одна из актуальных проблем
языкознания, неологизмы требует тщательного изучения. Наряду с этим,
автор рассматривает вопрос о появлении новых значений у устаревших слов,
тем самым пополняя ряды неологизмов.
As it is known, nowadays there are more and more neologisms (new words)
and terms in a language. It is connected with the emergence of new concepts what is
one of factors of the language development. In the article the reasons and ways of
emergence of neologisms are considered. As one of the topical problems of linguistics,
neologisms demand more careful studying. Along with it, the author analyses the
question of emergence of new meanings of out-of-date words, thereby enriching
neologisms system.
Достарыңызбен бөлісу: |