Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік№2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата10.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#1609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Список использованной литературы:  
1.Комиссаров В.Н. Современное переводоведение: Учеб. пособие. М.: ЭТС, 2002. – 424 
с. 
2.  Зимняя  И.А.  Психология  перевода:  Учеб.  пособие  /  И.А.  Зимняя,  В.И. Ермолович.  – 
М.: ПГПИИЯ им. М. Тореза, 1981. – 52 с. 
3. Миньяр-Белоручев Р.К. Как стать переводчиком? – М.: Стела, 1994. – 142 с. 
4.  Миньяр-Белоручев  Р.К.  О  механизме  переключения  с  одного  языка  на  другой  в 
процессе устного перевода // Вопросы психологии. – 1974. - № 6. – С. 98–106. 
5. Сепир Э. Избранные работы по языкознанию и культурологии. – М.: Прогресс, 1993. – 
656 с. 
6. 
Телия 
В.Н. 
Русская 
фразеология: 
семантический, 
прагматический 
и 
лингвокультурологический аспекты. – М., 1996. – 288 с. 
7. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. – 
М., 1978. – 159 с. 
8. Соколов А.Н. Внутренняя речь и мышление. – М., 1967. 
9.  Серова  Т.С.  Психология  перевода  как  сложного  вида  иноязычной  речевой 
деятельности. – Пермь: Изд-во Перм. гос. техн. ун-та, 2001. – 211 с. 
 
 
Усманбаева А.Ә. 
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  радиодағы  авторлық  бағдарлама  жасау  ерекшеліктері 
жазылған.  Радиодағы  авторлық  бағдарламаның  мазмұны,  журналистің  ой-
санасы,  көркемдік  сапаның  артуы,  қазіргі  ақпарат  көзінің  көбеюі  мен 
жағрафиялық өрістің кеңеюі туралы да айтылады. 
Тірек  сөздер:  радиохабарларын  тарату,  авторлық  бағдарлама,  өзекті 
журналистика. 
 
Аннотация 
Статья посвящена такому сложному и многоплановому жанру современн-
ой  радиожурналистики,  как  авторская  программа.  Автора  интересует  содержа-
тельная  сторона  подобных  программ,  роль  журналиста-автора,  темы  и  аудито-
рия, а также способы расширения георгафической области слушателей радио. 
Ключевые  слова:  радиовещание,  авторская  программа,  актуальность, 
журналистика. 
 
Abstract 
The  present  article  is  written  on  the  issue  of  such  a  complicated  and 
multidimentional genre of modern radio journalism as the athor’s program. The author 
is interested in contents of such programs, the role of the author, topics and audience, 
as well as the ways how to expand the geographical map of radio listeners.  

 
 
65 
Key words: broadcasting, author’s program, up-to-date, journalism.  
 
Авторлық  бағдарлама  –  қазіргі  заманауи  журналистиканың  жағдайының 
көрсеткіші,  оның  сөз  бостандығына  деген  ұмтылысы.  Оның  эфирде  пайда 
болуының басты екі себебі бар: біріншісі, журналистердің өзін көрсетіп, пікірін 
ашық айтуға деген ұмтылысы болса,  екіншісі, беделді журналистика кейпіндегі 
көрермендердің қажеттілігін өтеу.  
Қазақ радиожурналистикасының теориялық және тәжірибелік мәселелері-
нің  көкейкестілігі,  оның  ішінде  радиодағы  авторлық  бағдарламалардың  дамуы 
мен  қалыптасуы,  осы  бағытта  дамып  келе  жатыр.  Қандай  қоғамдық  құрылыс, 
саяси  жүйеде  болсын,  оның  дамуында  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  рөлі 
өте  зор.  Өйткені,  қоғамның  қалыпты  саяси-әлеуметтік,  рухани-экономикалық 
өмірін  күнделікті  ақпарат  тарату  қызметінсіз  елестету  мүмкін  емес.  Ал, 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ішіндегі  радионың  қызметі  -  қоғам  үшін 
өлшеусіз  екені  аян.  Радиодағы  авторлық  бағдарламалар  қоғамдағы  өзгерістер 
мен  жаңаруларға  дер  кезінде  үн  қоса  отырып,  сан  миллиондаған  көрермен-
дермен  тікелей  жүздесіп,  оның  рухани  ой-санасына  қозғау  салып,  пәрменді 
ықпал етеді.  
Телерадиожурналистиканың  қоғамдағы  алатын  орнын  теориялық  және 
практикалық  жағынан  түбегейлі  зерттеген  ғалымдарымыздың  бәрі  дерлік  оның 
зор мүмкіндіктері мен атқаратын функциясы хақында бірнеше ғылыми еңбектер 
[1,34-б]  жазды.  Бірақ,  қазақ  телерадиожурналистикасында  өзіндік  қолтаңбасы 
бар  авторлық  бағдарламалар  туралы  бірде-бір  қазақша  ғылыми  еңбектің 
болмауы осы тақырыпқа қызығушылығымызды туғызды. Қазіргі эфирде өзіндік 
орын  алып  келе  жатқан  «Шалқар»,  «Қазақ  радиосы»,  «Астана  радиосы»  т.б. 
радиоарналарындағы  авторлық  бағдарламалары  тыңдарманның  көз  алдында 
өсіп, дамып, өзгеріп келе жатқаны туралы жазу тың, әлі көп ешкім қалам тербей 
қоймаған өзекті тақырып.  
Толыққанды дербес мемлекеттік жүйеге тән бұқаралық ақпарат құралдары 
өкілдерінің  қоғамда  жүргізіліп  отырған  реформалық  өзгерістерге  тигізер  әсері 
ұшан-теңіз.  Телерадиожурналистер  -  телерадио  хабарлары  арқылы  өмірдегі 
құбылыстарға  баға  бере  отырып,  оларға  талдау  жасайды,  кемшіліктерді  жою 
жолдарын  ұсынады,  пікірлер  айтады.  Сондықтан  да  уақытпен  бірге  өзгеру, 
жаңарулар үстіндегі телерадионың атқаратын функциялары мен принциптеріне, 
хабарлардың түрі мен пішіні, жанрларына талапқа сай соны шешімдер қажет-ақ. 
Себебі,  Егемен  елдің  телерадиосы  Республика  халқына  шынайы,  терең 
зерттеліп,  талданған  ақпаратты  беріп,  өз  көзқарастарын  жеткізуі  шарт.  «Бізде 
телевизия  мен  радио  қазіргі  техникалық  дәрежеге  ие  болып,  тез  дамып  келеді. 
Олар  ақпараттың  біздің  адамгершілік  байлықтарымыз  бен  мәдениетімізді 
насихаттау  мен  арттырудың  әмбебап  құралы  ретінде  өмірге  берік  енді.  Мұнда 
жақсылық 
жағына 
қарай 
өзгеріс 
жасалғаны 
айқын 
көрініп 
отыр. 
Телерадиохабарлар  алуан  түрлі  және  қызықты  бола  бастады,  қалыптасқан  бір 
сарындылықтан  көрермендер  мен  тыңдаушылардың  алуан  түрлі  мүдделерін 
толығырақ ескеруге ұмтылыс байқалады» [2,67-б],- деген пікірдің жаны бар. Бұл 
біздің  көп  ұлтты  мемлекетіміз  үшін  маңызы  бар  мәселе.  Бұл  республикалық 
ақпарат  арналарын  өз  ойын  айта  білу  үшін,  мәдени  құндылықтарды,  дәстүрді, 

 
 
66 
ұлттық  тілді  сақтау  проблемаларын  шешу  үшін  пайдалануға  мүмкіндіктер 
туғызу...»  [3,23-б],-  деді  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев.  Қазақ  топырағындағы  тың 
өнерге әр жылдары басшылық жасаған Кеңес Үсенбаев, Кенжеболат Смайылов, 
Ғаділбек  Шалахметовтер  т.б.  телерадионың  қалың  қауымға  күнбе-күн  тұрақты 
түрде,  әсер-ықпал  етіп  отыратын  пәрменді  құрал  екенін  жете  танып,  оның 
насихаттық, ақпараттық қуатының артуына, негізінің қалыптасуына ықпал етті.  
Қазақстан  телерадиоарналарындағы  авторлық  бағдарламалардың  даму 
процестеріне  тәуелсіздік  кезеңде  туған  жаңа  модель  негіз  болады.  Оған  себеп, 
әлемдік  телерадио  тарихына  орыс  экраны  мен  радиоэфир  өмірінің  қосқан  мол 
мұрағаты  бар.  Отызыншы  жылдардан  бастау  алған  кеңес  телерадиосы  алпыс 
жыл  бойына  дүниежүзіндегі  экран  алпауыттарымен  иық  теңестіре  жүріп,  мол 
тәжірибе  жинақтады.  Радио  мен  газет,  театр  -  түр  мен  соны  пішін  алып  келді. 
Эфирдегі  шеберлік,  режиссерлік  шешімділік,  операторлық  қырағылық,  от 
ауызды,  орақ  тілді  журналистер  құдіретті  алпысыншы-сексенінші  жылдар 
аралығында телерадио өнерінің құдіреттілігіне бас еріксіз игізді.  
Жалпы  телерадиодағы  авторлық  бағдарламалардың  берілу  үлгілері  көп. 
Осы берілу үлгісі А.Юровский белгілеген сипатқа сәйкес келеді. Ол: «Телерадио 
табиғатының бір ерекшелігі  - көрермен назарына ұсынылатын бейне, оқылатын 
сөз,  жасалатын  монтаж,  берілетін  музыка  және  табиғи  шу  болып  табылады» 
[4,251-б],-  дейді.  Қазақстан  телерадиоарналарындағы  авторлық  бағдарламаның 
ерекше дамуы - соңғы жиырма жыл ішінде жүзеге асты. Тілден тиек алынып, ой 
бұғаудан  босаған  соң  телерадиоарнадан  басқа  тәуелсіз  арналардың  көптеп 
ашылуы,  олардың  арасындағы  бәсекелестік  ақпарат  кеңістігіндегі  тартысты 
ұлғайтып  жіберді.  Бүгінгі  күндегі  билік  пен  байлық  иелерінің  арасындағы 
тартыс – телеэкрандағы, радио эфиріндегі драмалық шиеленістің негізгі өзегі.  
Авторлық  бағдарламалардың  мазмұнын  әртүрлі  қабылдағанымен  оның 
кәсіби  дамуын,  журналистің  ой-санасының  өсуін,  көркемдік  сапаның  артуын, 
ақпарат  көзінің  көбеюі  мен  жағрафиялық  өрістің  кеңеюімен  бағалау  қажет. 
«Шалқар»,  «Қазақ  радиосы»,  «Астана  радиосы»  т.б.  радиоларындағы  авторлық 
бағдарламаларды  жасаушы  журналистердің  тұлғалық  кескін-келбеті  мен 
тележурналистердің негізі қандай өзекті мәселелерді тақырып етіп алып жүргені 
өзекті  мәселе.  Өйткені  радионың  қоғамдағы  рөлі  күннен-күнге  артып  келе 
жатыр.  Сондықтан  Қазақстандағы  радиоарналарда  авторлық  бағдарламалар 
жасауда тың ізденіс, жаңа бағытты ұстанып отыр.  
Авторлық  бағдарлама  –  авторы  шығарушы,  редактор,  монтажшы, 
жүргізуші, 
кей 
кезде 
тіпті 
продюсердің 
қызметін 
атқаратын 
телерадиобағдарлама.  Автордың  басты  ерекшелігі  –  бағдарламада  өз 
ұстанымының  болуы  шарт  [5,90-б].  Көрермен  мен  тыңдарманға  автордың  ойы 
мен  пікірі  үнемі  қызықты  болып  отыруы  міндетті  емес.  Ал,  авторлық 
бағдарламада  бұл  басты  орынға  шығады.  Әдетте,  радиодағы  бір  авторлық 
бағдарламаның  тыңдармандар  аудиториясы  кең.  Автор  мен  тыңдарманның 
арасындағы  өзара  түсіністік  –  интимды  процесс  болғандықтан,  үлкен 
аудиторияларды 
қамтуға 
мүмкіндік 
береді. 
Радиодағы 
авторлық 
бағдарламаларға  деген  сұраныс  көптеген  факторлармен  байланысты.  Бұл  ең 
алдымен, бағдарламаның дұрыс бағытталғанына байланысты. 

 
 
67 
Бағыттылық  –  шығармашылық  серпін  беретін  мотив  есебіндегі  ішкі 
немесе  сұхбаттылықпен  байланысты  реактивті  жауап  беру  қажеттілігіне  ие, 
мәтіндік  пішіндегі  көптеген  шығармашылық  туындыларға  тән  қасиет  [6,78-б]. 
Радиода  бағыттылық  күнделікті  хабар  тарату  қарбаласы  кезіндегі  «барлығы 
барлығы  үшін»  деген  техникалық  тәжірибе  деңгейінен  өткеннен  кейін,  эфир 
алдына  аудиторияның  әлеуметтік-демографиялық  топтарын  тарту  кезінде 
қолданылады.  Бағыттылық  критерийі  бойынша,  телевидениеде  де,  радиода  да, 
баспасөзде  де  арнайы  шығармашылық  құрылымдар  пайда  болады  – 
редакциялар,  рубрикалар,  бағдарламалар  (балаларға,  жастарға,  әйелдерге, 
мұғалімдерге, дәрігерлерге және әскерилерге, т.б. арналған). Қажеттіліктің түрлі 
нұсқаларына  виртуальды  бағыттылық  пайда  болады.  Себебі,  эфирде,  интернет 
сияқты  ешкімге  қажет  емес  ақпаратты  бере  алады.  Көптеген  отбасылардың 
радионы  қызықты  бағдарлама  болып  жатқаннан  қосатынын  емес,  оның  қосулы 
тұрғаны  баршамыз  үшін  үйреншікті  екендігін  ұмытпауымыз  керек.  Сонымен 
бірге, авторлық бағдарламалар радио бағдарламалардың жанрлық ерекшелігімен 
байланысты екенін ескеруіміз қажет.  
Авторлық  бағдарламаны  белгілі  бір  жанрға  жатқызып  қарау  кезінде, 
жанрларды  жеткізу  пішіндерімен  немесе  жүзеге  асырумен  шатастырып  алмау 
керек.  Мысалы,  жүзеге  асыру  құралы  ретінде  монолог  қолданылса,  ол  кейбір 
интерпретациялар  кезінде  төмендегі  жанрлардың  рөлін  атқарады  деп  түсінілуі 
мүмкін:  эфирдегі  ақпараттық  сөз  (баспасөздегі  баламасы  ақпараттық  заметка 
немесе корреспонденция), комментарий, шолу, репортаж. Көпқырлы логикалық 
жанрлар  бір  адам  арқылы  аудиторияны  ұстап  тұру  қиындығынан  өте  аз 
таралған.  Оның  ішіндегі  тыңдармандардың  көңілін  аударатыны  репортаж, 
себебі, ол бейнедыбыстармен бірге беріледі.  
Әлеуметтік  институт  ретіндегі  журналистика  функцияларына  байланыс-
ты  бағдарламаларды  бөлу  принципіне  жататын,  авторлық  бағдарламалар 
классификациясын  қарастырған  еңбектер  де  баршылық  [7,15-б].  Бұл  авторлық 
бағдарламадағы автордың рөлі мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.  
Авторымен  персонификация  жасалған  ақпаратты  тыңдарман  оңай 
қабылдайды.  Бұл  топқа  көңіл  көтерушілік-ақпараттық  бағдарламалар  легі 
жатады.  Тыңдарман  мұндай  бағдарламаларды  тыңдау  кезінде  тынығып,  бой 
жазып,  көңілі  серпіліп  қалады.  Сондықтан  да  мұндай  бағдарламалар  жағымсыз 
эмоцияны, 
түрлі 
мәселелерді 
тыңдаушы 
назарына 
ұсынбайды. 
Олар 
тыңдармандарды  қинамай,  өздеріне  бос  уақытын  сеніп  тапсырған  адамдарға 
ақпаратты кім жеткізіп отырғанын жұмбақтамай айтуы керек.  
Персонификацияның 
екінші 
принципі 
бойынша 
автор 
күрделі 
радиобағдарламалар  әлемінде  тыңдаушы  үшін  жол  нұсқаушы.  Тыңдарман 
алынатын 
ақпараттың 
маңыздылығы 
мен 
құндылығы 
жөнінде 
оны 
тасымалдаушы  адамға  қарап  қорытынды  жасайды.  Бұл  топқа  негізінен 
танымдық-ағартушылық бағдарламалар легі енеді. Бұл бағдарламалармен алғаш 
танысқаннан-ақ  тыңдарман:  бағдарлама  авторынан  өзінің  эстетикалық  және 
рухани  әлемін  сеніп  тапсыруға  болады  ма  немесе  басқа  арнаға  ауыстыру  керек 
пе  деген  сұрақтың  жауабын  іздейді.  Автор  үшін  аудитория  үмітін  ақтап,  басқа-
лардан ерекшеліндіретін және қызықты ақпарат беру маңызды. Себебі, осы тек-
тес қаншама бағдарламаның ішінде тыңдарман нақты бағдарламаны таңдайды.  

 
 
68 
Персонификацияның  үшінші  принципі  журналист  үшін  өте  маңызды 
және  жоғары  баға  береді.  Себебі,  эфир  алдында  тыңдармандар  журналисті 
ақпарат  тасушы  ретінде  ғана  емес,  күрделі  мәселелерді  талқылаушы,  рухани 
және  адамгершілік  тұрғыда  жоғары  деңгейлі  пікірі  бар  тұлға  ретінде 
қабылдайды.  Бұл  топты  ақпараттық-сараптамалық  және  публицистикалық 
бағдарламалар  легі  құрайды.  Көрермен  өзіне  қажет  барлық  жаңалықтан 
хабардар  бола  тұрып,  белгілі  бір  тұлғаның  сол  жөніндегі  ойын  білуге 
құлшынады. Әдетте мұндай бағдарламалардың авторлары – өз саласының үздік 
мамандары  болып  келеді.  Көбіне  адамдар  бұл  бағдарламаларды  олардың 
тақырыптарына мән берместен көреді. Студиядағы әңгіменің оларға қатысы бар 
ма,  жоқ  па  оларға  маңызды  емес.  Себебі,  адамдарға  оның  жүргізушісі,  оның 
шығармашылығы  қызықты.  Тыңдармандар  ақпаратты  содан  біліп,  әрі  қарай 
болып  жатқан  оқиғаларды  бірге  талқылағаны  ұнайды.  Мұндай  бағдарала-
малардың  тұрақты  көрермендері  бар.  Мысалы,  «Білім  көкжиегі»  білім  беру 
жүйесі  қалай  дамуда,  ғылымда  ілгерілеу  бар  ма?»  деген  сұраққа  жауап  іздейді, 
ал  «Зиялы  қауымда»  қазақ  зиялыларымен  қызу  сұхбат  жүргізу  нәтижесінде 
қоғам  өміріне  үн  қосып,  ұлтты  ұйыстыру  мақсатын  көздейді.  Бұл 
бағдарламалардың  авторларына  қазақ  қоғамындағы  экономикалық  және  саяси 
өміріндегі барлық ақпараттардан жеткілікті дәрежеде хабардар болуы керек. Біз 
көрсеткен  авторлық  бағдарламалардың  классификациясы  олардың  барлығы 
әлеуметтік  тұрғыда  маңызды  екенін  дәлелдейді.  Авторлық  бағдарламалар  өз 
алдына журналистік жанрлардың барлық түрін қамтиды.  
Қазіргі  уақытта  авторлық  бағдарламалар  телерадионың  заманауи  ток-
шоуларымен және өзге де бұқаралық жанрларымен бәсекелесе алмайтынын атап 
кетуіміз  керек.  Авторлық  бағдарламалардың  танымалдылық  шыңы  қайта  құру 
кезеңінде  болған.  Оған  мысалы  ретінде,  «Кеш  жарық»  («Қазақ  радиосы»),  «Ән 
әлемінде»  («Шалқар»),  Ел  мен  жер»  («Қазақ  радиосы»),  және  т.б. 
бағдарламаларды  мысалға  келтіре  аламыз.  Яғни,  авторлық  бағдарламаларға 
деген  қызығушылық  тыңдармандардың  саяси  және  экономикалық,  мәдени 
өзгерістерді  тыңдауға  деген  белсенділігінен  деген  қорытынды  жасай  аламыз. 
Танымалдылық  –  кең  таралу  ұғымын  білдіргенімен  ол  қазіргі  уақытта 
қажеттілікпен және кассаға түскен ақшамен  есептеледі. Өнердің функционалды 
дифференциациясымен байланыста жанрлық бағыттылық танымалдылықтың екі 
түрін  бөліп  қарастыруға  мәжбүрлейді.  Яғни,  жасырын  немесе  интраверсивті 
және  ашық  немесе  экстраверсивті.  Бұл  тұлғаның  жанрмен  байланысы  кезінде 
және өзге де көптеген себептерге байланысты оның экстраверсивтілігіне тәуелді. 
Негізгі  қиындық  белгілі  бір  бағдарламаны  авторлық  бағдарлама  ретінде 
қабылдаудан  туындайды.  Бұл  қиындық  телерадионың  шығармашылық 
жұмысындағы  ұжымдық  ұстанымына  байланысты  туындайды.  Осыған 
байланысты  жүргізуші  тұлғасының  харизматикасына  байланысты,  көбіне 
көпшілік  авторлық  бағдарлама  деп  қабылдап  жатататын  бағдарламаларға 
қатысты.  Бұған  мысал  ретінде  «Мен  қазақпын!»  бағдарламасын  мысалға 
келтіруге  болады.  Себебі,  бұл  бағдарламаны  ұзақ уақыт  бойы  Сауық  Жақанова 
жүргізіп  соның  есімімен  қатар  аталып  жүрді.  Бірақ,  бұл  бағдарлама  көптеген 
өзге  авторлардың  еңбектерінің  арқасында  өмірге  келді  десек  қателеспейміз. 
Әрине,  С.Жақанованың  журналист  әрі  жүргізуші  ретінде  көптеген  ғылым  мен 

 
 
69 
техника түрлерін қатар алып жүруі мүмкін емес. Бұл бағдарламаның өмірі көпке 
үлгі  бола  алады.  Осылай,  авторлық  бағдарлама  –  заманауи  журналистиканың 
көрінісінің  кескіні,  оның  сөз  бостандығына  деген  ұмтылысы.  Оның 
телерадиоэфирде  пайда  болуының  негізгі 
екі  себебі  бар,  біріншісі, 
журналистердің  өзін  көрсетіп,  пікірін  ашық  айтуға  деген  ұмтылысы  болса, 
екіншісі,  беделді  журналистиканың  тыңдармандарының  қажеттілігін  өтеу. 
Авторлық  бағдарлама  авторының  ең  басты  ерекшелігі  –  бағдарламада  өзіндік 
ұстанымының  болуы.  Авторлық  бағдарламалар  негізінде  көптеген  журналистік 
жанрлардың 
түрлерімен 
көрініс 
табады. 
Авторлық 
телерадио 
бағдарламаларының 
классификациясы 
көрсеткендей, 
олардың 
барлығы 
әлеуметтік тұрғыда маңызды болып табылады. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Восхобойников Я.С., Торьев В.К. Журналист и информация. М., 1993. 
2. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы. 1998. 261-б. 
3. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. // Ана тілі. №19. 11-17 мамыр. 
2006. 
4. Юровский. А.Я. Основы телевизионной журналистики. М., 1996. 
5. Борецкий Р. А. Основы телевизионной журналистики.- М., МГУ, 1980. 
6.  Вартанов  А.  С.  Актуальные  проблемы  телевизионного  творчества.  -  М.,  Высшая 
школа, 2003. – с. 78. 
7. Амандосов.Т. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. – Алматы: Мектеп, 1968.- 243 б.  
 
Утанова А.К. 
ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН 
ЗЕРТТЕЛУІ 
aizada.utanova@mail.ru 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақала  қазіргі  кезеңдегі  функционалды  стилистиканың  өзектілігі  мен 
дамуы  құрылымдықтан  функционалдыққа  лингвистикалық  зерттеудің  жалпы 
сипатталуымен  байланысты.  Осыған  байланысты  прагматикалық  бағыттарға, 
соның  ішінде  стилистикаға  осы  сипатталу  жатады,  өйткені  стилистиканың 
негізгі  қарастыратын  мәселесі  –  мәтін,  яғни  тілдің  функциолану  заңдылықтары 
енетіндігі,  сонымен  стилистиканың  негізгі  екі  бағыты  –  «ресурстар 
стилистикасы»  және  «функционалды  стилистика»  -  тілдің  құрылымдық  және 
функционалдық екі аспектісін көрсетеді.  
Тірек сөздер: функционалдық стиль; эпостолярлық стиль; тілдік контекст; 
аспект;  лингвистикалық  стилистика;  стилистикалық  ресурстар;  экспрессивтілік 
реңк; кітаби стиль; публицистикалық стиль; прагматикалық бағыттар.  
 
Аннотация 
В  данной  статье  описывается  взаимосвязь  особенностей  современной 
функциональной стилистики и функциональной лингвистики. Описываются два 
аспекта: «стилистические ресурсы» и функциональная стилистика.  
Ключевые  слова:  функциональный  стиль,  эпистолярный  стиль,  языковой 
контекст, аспект, прагматический аспект, публицистический стиль. 

 
 
70 
 
Abstract 
The  article  describes  interdependence  of  peculiarities  of  contemporary 
functional  stylistics  and  functional  linguistics.  Two  aspects  –  stylistic  resources  and 
functional stylistics are presented in the text of the paper.  
Key  words:functional  style,  language  context,  pragmatical  aspect,  publisictic 
style.  
Функционалдық стильдер – жұмсалу мақсаты, атқаратын рөлі, қолданысы 
деген  мағынаны  білдіреді.  Стиль  өмірдің  белгілі  бір  саласында  қолданылып, 
тарихи  қалыптасқан  тілдік  құралдар  жүйесі  болғандықтан,  тілдің  қатынас 
құралы  ретіндегі  неге,  не  үшін  жұмсалатындығы  өткен  ғасырдың  қырқыншы, 
елуінші  жылдары  зерттеле  бастады.  Зерттеушілердің  қай-қайсысы  да  тілдің 
әлеуметтік  қызметіне  мақсаттық  стильдердің  қатысты  екендігін  жоққа 
шығармайды.  Сондықтан  академик  В.Виноградов  тілдің  әлеуметтік  қызметінің 
түрлерін  қарым-қатынас  (общение),  хабарлау  (сообщение)  және  әсер  ету 
(воздействие) деп бөледі де, соларға сәйкес біріншісі – тілдің күнделікті сөйлесу 
стилі,  екіншісі  –  іс  қағаздары,  ресми  құжаттар  және  ғылыми  стиль,  үшіншісі  – 
көркем  әдебиет  пен  публицистика  стилі  деп  таниды.  Тілдің  әлеуметтік 
қызметіне қарай стильдік бөлінісі тіл элементтерінің: сөздердің, грамматикалық 
амалдардың,  көріктеу  құралдарының  әр  түрлі  қарым-қатынас  саласында,  яғни 
коммуникативтік  ортада  жұмсалу  тәсілдері,  қолданылу  жиілігі,  тіркесу 
қабілеттері ескеріледі. Тілдік стильдерді ауызша және жазбаша стиль деп бөлуге 
болады.  Функционалды  стильдердің  тарамдала  түсуі  жазба  әдеби  тілге,  әсіресе 
ұлттық  әдеби  тілге  тән  құбылыс.  Қазақтың  ұлттық  жазба  әдеби  тілі  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қалыптасты.  Оған  дейін  әдеби  тілде 
негізінен көркем поэзия стилі және проза түрінде айтылған ауызша шежіре стилі 
эпостолярлық  стиль  болды.  ХІХ  ғасырға  дейін  қазақтар  қолданған  шежіре 
стилінің де өзіне тән белгілері болды. Жалпы жазбаша шежіре стилін жартылай 
ғылыми  стильге  жатқызуға  болады.  Іс  қағаздар  стилінде  сөйлемдер  толымды, 
жақты  болады.  Онда  қаулы  етеді,  қаулы  етіледі,  шешім  қабылдады, 
тапсырылсын,  міндеттелсін,  шара  қолданылсын  деген  сияқты  дәл,  қалыпты 
үлгілер  қолданылады.  Ғылыми  стильде  сөздер  дәлме  дәл  болумен  қатар, 
бірізділік  қатаң  сақталады.  Сабақтас  сөйлемдердің  басыңқы  сыңарлары  ойдың 
негізгі  бөлшегі  болып,  бағыныңқы  сөйлемге  ерекше  мағыналық  қызмет 
жүктейді.  
Публицистикалық стиль терминдер мен қалыпты сөз тіркестерімен жасала 
тұра,  метафоралық  қолданыстар,  тұрақты  тіркестер  сөздің  тура  және  ауыспалы 
мағыналарын  жиі  қолданады. Көркем  әдеби  стильде  образды  әсерлі  сөздер  мен 
сөйлемдер жиі қолданылады.  
Тіл  білімінде  стилистиканың  зерттеулеріндегі  еңбектерге  сүйенсек, 
стилистиканың нақты жүйеленіп, жалпы қабылданған анықтамасы жоқтың қасы. 
Бұның басты себебі стилистика саласының өзінің қалыптасу процесінде әртүрлі 
бағыттар  құрамында  баяу  дамығаны  байқалады.  Осыған  байланысты  соңғы 
кездері  стилистика  ғылымының  зерттеу  нысаны  көркем  сөйлеуді  зерттеу 
шекарасының алшақтап түскенін көрсетеді. 

 
 
71 
Жалпы  алғанда,  стилистикаға  сөйлеу  көркемдігі  құралдары  туралы  және 
айтылым  мазмұны,  мақсаты,  қарым-қатынас  жағдаяты  мен  саласына  тәуелді 
тілдік  бірліктерді  тиімді  қолдануға  негізделген  тіл  қызметінің  заңдылығы 
туралы  лингвистикалық  ғылым  деген  анықтама  беруге  болады.  Осыған  орай 
қарым-қатынастың  түрлері  және  әлеуметтік  маңызы  бар  салаларға  бөлінуін 
төмендегідей  топтастыруға  болады:  ғылыми,  көркем,  публицистикалық,  іскери 
т.б. Осыған байланысты бұлар функционалды стильдерге бөлінеді /3, 44 б./. 
Кейде  стилистикаға  тек  тілдің  «бейнелі  құралдары  туралы  ғылым»  деген 
анықтама  беріледі.  Мұндай  түсініктің  әсерінен  стилистиканың  функционалды 
аспектісі тарылып, ал оның пәні тіл еңбектерінің стилистикалық болуымен ғана 
шектеледі. 
Барлық 
мүмкіндіктерді 
ескере 
отырып, 
стилистика 
тек 
функционалды стильдер туралы ғылым деп анықтама беру жеткіліксіз, өйткені, 
стилистика  тарихында  тілдің  стилистикалық  ресурстарын  зерттеген  дәстүрлі 
бағыты  дамығаны  байқалады.  Сонымен  қатар,  функционалды  стильдерді 
қалыптастыруға  әртүрлі  бейнелеуіш  құралдар  қатысады,  олардың  құрамын 
зерттеу бірден стилистикаға келіп тіреледі. 
Осыған  байланысты  жоғарыда  келтірілген  анықтама  тарихи  тұрғыдан 
ақиқатты  өмірге  сай,  әрі  толық  түрде  берілген.  Демек,  бұл  анықтаманы  жалпы 
стилистиканың  анықтамасы  деп  қорытындылауға  болады.  Ол  стилистикалық 
зерттеулерде  тарихи  қалыптасқан  негізі  екі  бағытына  (аспектіге)  сәйкес 
төмендегідей жіктелініп көрсетіледі: 
1.  Тілдік  контекстен  тыс  стилистикалық  ресурстары  туралы  (қысқаша 
айтқанда  «ресурстар  стилистикасы»)  –  бұл  аспект,  құрылымды  әрі  қатарлы 
болып келеді; 
2.  Әр  түрлі  қарым-қатынас  саласында  тілді  функционалдыру  заңдылығы 
туралы  (функционалды  стилистика)  –  аспект  коммуникативті  болып  табылады. 
Осы  бағыттың  негізімен  көркем  сөйлеу  стилистикасын  оның  зерттеу 
объектісінің  өзгешелігімен  осы  саладағы  зерттеулердің  кең  ауқымды  қамтуына 
қарай  оны  ерекше  бөліп  қарауға  болады.  Бірақ  көркем  сөйлеу  жалпы  өзіндік 
белгісі  аспекті  ретінде  қаралатын  функционалды  стилистика  ішінен  бірнеше 
түрге бөлінетінін ескеру қажет.  
3.  Бұдан  ерекше  сипатта  қаралатын  көркем  сөйлеуді  зерттейтінін, 
нақтырақ  айтқанда  «Көркем  әдебиеттің  тілі  мен  стилі»  деген  тағы  бір  бағыт 
бөлініп  шығады.  Негізінен  алғанда,  көркем  әдебиет  стилі  туралы  ғылым 
В.В.Виноградов  еңбектерінен  бастау  алды.  Ғалым  стилистиканы  «Көркем 
әдебиет тілі туралы» зерттеуінде ерекше пән ретінде жан-жақты сипаттаған. Осы 
бағыттағы зерттеулерге көркем әдебиет стилистикасы да жатады.  
4. 
Нормативті 
және 
қолданбалы 
аспект 
туралы 
Г.О.Винокур 
еңбектеріндегі  тұжырымдарға  сүйенсек:  «Мәдениетті  жазу  мәселесімен 
практикалық  пән  ретінде  нормативті-лингвистикалық  стилистика  түсінігі 
байланысты»  деп  тұжырымдалған.  Бұл  мәселеге  басқаша  қырынан  қарағанда, 
бұл  аспект  ғылымының  ерекше  бағытын  құрамайды,  оның  міндеті-теориялық 
стилистика  ұстанымдарын  өмірге  әкелу,  стилистикалық  сөйлеу  мәдениетіне 
тәрбиелеу.  Бұған  негіз  тілдің  стилистикалық  ресурстары  мен  оның  қызметі 
заңдылықтарын  білу  болып  табылады,  олар  стилистиканың  нормаға  сай 
сөйлеуді  құрудың  тәжірибелік  дағдыларын  қамтамасыз  етеді.  Осыған 

 
 
72 
байланысты оқу пәні ретінде практикалық стилистика және стилистиканы оқыту 
әдістемесі туралы айтуға болады. 
Қазіргі  таңда  тілдің  стилистиканың  ресурсын  зерттейтін  бағыт  барынша 
дәстүрлі болып келеді. Бұл сипаттама, басқаша айтқанда, стилистикалық немесе 
құрылымдық  стилистика  болады.  Ол  тілдің  стилистикалық  бояу  құралдарын 
бейнелеуіштік  мүмкіндіктері  мен  сөздің,  форманың,  конструкциясының 
семантика-функционалды реңкін, сонымен қатар тілдік бейнелеуіш құралдарын 
т.б.  зерттейді.  Осы  ғылымның  негізгі  аспектерінің  біріне,  яғни,  тілдің 
стилистикалық  тіл  жүйесінің  әртүрлі  деңгейіндегі  синонимиясына  кейбір 
тілші-ғалымдар,  мәселен,  А.Ц.Горшков  бұған  қызметтік  рөлдегі  бағыт  деген 
баға береді /4, 27 б./. 
Орыс  әдеби  тілінің  қалыптасу  процесінде  оның  екі  формасының,  яғни 
жазбаша және ауызша формасының өзара ықпалы зор мәнге ие болғаны белгілі. 
Бір кездері славян тілдері түрлерінің ықпалында болған дәстүр бойынша кітаби 
жанрларда  ғана  қолданылған  тілдік  құралдар  әдетте  ресми  стилистикалық 
сипатқа  ие  болған.  Сонымен  қатар  шешендік  өнердің  экспресивтілік  реңкі 
сипатын  иеленген.  Осы  құралдар  шарты  түрде  кітаби  құралдар  (немесе  кітаби 
стильдер)  деген  атауға  біріктіріледі.  Ауызекі  тілдің  тіл  бірліктері  әдеби  салада 
да  қолданылады,  олар  еркіндік,  тіпті  тұрпайылылықтың  бай  экспрессивті  бояу 
сипатын  ұсынады.  Олардың  бәрін  ауызекі  тіл  немесе  қарапайым  тіл  (әдеби 
ауызекі тіл) деп атайды. 
Кітаби  және  ауызекілік  тіл  құралдары  тіл  жүйесінің  әртүрлі  деңгейінде 
болды  (бірақ  олардың  саны  бірдей  емес):  фонетикалық,  лексикалық,  фразеоло-
гиялық,  сөзжасамдық,  морфологиялық,  синтаксистік.  Кейде  осы  бірліктер 
бір-біріне  және  «бейтарап»  (бояусыз)  сөздерге  де  синоним  болады.  Осы  құрал-
дарды зерттеу сипатталып отырған стилистикалық бағыттың нысанын құрайды. 
Ол құралдар құрамын, тіл стилистикасының құрылымдық аспектісін бейнелейді. 
Негізінен, ол бастапқыда (диахронияда) бәрібір тілге байланысты болады.  
Тек  стилистиканың  даму  тарихында  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқыту 
процесінде  де  «ресурстар  стилистикасынан»  өзге  де  стилистика  бағыттарына 
ауысып кетуі заңды құбылыс.  
Функционалды  стилистика  қандай  да  бір  байланыс  саласындағы 
коммуникативті  міндетке  тәуелді  тіл  қызметінің  заңдылығын  зерттейді.  Ол 
бәрінен бұрын функционалды стильдердің айтылу жүйелігі мен өзіндік қызметі 
және  өзге  де  функционалды-стильдік  ерекшеліктерді,  яғни  «стиль  ішіндегі» 
жанрлық  жағдаяттық  және  тағы  басқаларды  зерттейді.  Оның  міндетіне  тілдің 
жеке  стилистикалық  мүмкіндіктерін  қарым-қатынас  мақсаты  мен  міндетіне, 
мазмұн  сипатына,  ойлау  формасына  және  әрбір  әлеуметтік  саладағы 
қарым-қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады.  
Оның  зерттеу  пәніне  тіл  қызметі  және  оны  қолдану  жатады,  яғни  оның 
құрылымы  емес,  тек  тілдік  құралдары,  сонымен  қатар  экстралингвистикалық 
факторлар  анықтаған  таңдау  мен  үйлесімдік  ұстанымдары  жатады.  Оның 
нәтижесінде сөйлеу тілі (сөйлеу жүйелігі) ұйымдастырылады. 
Сонымен, функционалды стилистика дегеніміз – әртүрлі қарым-қатынас 
саласында,  адамның  іс-әрекеті  түрлеріне  сай  қолдану  заңдылығын,  сонымен 

 
 
73 
қатар функционалды түрлерде, оларға тілдік құралдарды таңдау мен үйлестіруді 
шоғырландырылған сөйлеу жүйелілігін зерттейтін лингвистикалық ғылым.  
Бұл  мәселе  көптеген  ғалымдардың  пайымдауларында  қазіргі  заманғы 
стилистиканың  ең  негізгі  және  ірі  де  көлемді  болашағы  зор  бағыты  болып 
табылады.  Дәл  осы  бағыттың  қалыптасуы  ХХ  ғасырда  стилистиканың  жеке 
ғылыми 
пән 
ретінде 
қалыптасуымен 
байланысты. 
Функционалды 
стилистиканың  ерекшеліктері  мен  негізгі  мәселелерін  зерттеудің  маңыздылығы 
туралы  отандық  ғалымдарға  қоса  Чехия  мен  Словакияның  тілші-ғалымдары, 
сондай-ақ  шетелдегі  орыс  тіл  білімін  зерттеушілер  бірнеше  рет  пікір 
таластырып, тәжірибе алмасқаны байқалады. Осы мәселеге байланысты көрнекті 
тілші-ғалым Р.Глезеро тұжырымына сүйенсек: «Тілдің функционалды түрлілігін 
«функционалды  стилистика»  туралы  ілім  ретінде  тілші-ғалымдардың  жасаған 
стилистика 
туралы 
конфенциясы 
әлемдік 
лингвистикада 
кеңінен 
мойындалғанын  байқауға  болады.  Функционалды  стильдерді  зерттеу  –  өзекті 
мәселелердің бірі болып табылады» /5, 18 б./. 
Қазіргі  кезеңдегі  функционалды  стилистиканың  өзектілігі  мен  дамуы 
құрылымдықтан 
функционалдыққа 
лингвистикалық 
зерттеудің 
жалпы 
сипатталуымен  байланысты.  Осыған  байланысты  прагматикалық  бағыттарға, 
соның  ішінде  стилистикаға  осы  сипатталу  жатады,  өйткені  стилистиканың 
негізгі  қарастыратын  мәселесі  –  мәтін,  яғни  тілдің  функциолану  заңдылықтары 
енетіні  кездейсоқтық  емес.  Сонымен  стилистиканың  негізгі  екі  бағыты  – 
«ресурстар  стилистикасы»  және  «функционалды  стилистика»  -  тілдің 
құрылымдық және функционалдық екі аспектісін көрсетеді. Функционалдық тек 
стилистикаға  ғана  қатысты  емес,  сонымен  қатар  оны  тіл  ғылымының  басқа  да 
салаларымен  байланысты  салыстырсақ,  бір  жағынан  құрылымдық  грамматика, 
екінші  жағынан  функционалдық,  бұлар  грамматика  деген  жалпы  терминмен 
біріктіріледі.  
Көркем  әдебиет  стильдері  туралы  ғалым  В.В.Виноградовтың  пікіріне 
жүгінсек,  лингвоәдебиеттанушылық  сипаттағы  тарихи  ғылымды  білдіреді:  ол 
тарихи  тұрғыдан  дамуда  әдеби  тіл  мен  көркем  әдебиеттің  әртүрлі  стильдерін 
зерттейді,  ол  бәрінен  бұрын  нақты  бір  даму  деңгейіндегі  әдеби  тілдегі 
әдебиеттің  стилистикалық  бағытын,  талабын  қаншалықты  қамтамасыз  ете 
алатындығын  қарастырады.  В.В.Виноградовтың  өзіне  тән,  тың  пікірлерінің 
бірінде  қалыптасқан  ұлттық  әдеби  тілдің  негізінде  реализм  стильдерінің  даму 
мүмкіндігі көрсетілген. Ал негізінде ХІХ ғасырдағы орыс әдеби тілі осы бағытта 
болатын. Бұл бағытқа жеке сөйлеу стилистикасы немесе жазушы стилі мен жеке 
көркем шығарма стилін жатқызуға болады. Негізінен нақты мәтіндердің берілуі 
мәселесі  қарастырылады  (соның  ішінде  «қолдану  стилистикасы»,  «қабылдау 
стилистикасы»).  Мұндағы  әдістің  лингвистикалық мақсаты  текстологиялық  деп 
қарастыруға  болады.  Бұл  лингвистика  үшін  де,  әдебиеттану  үшін  де  осы 
зерттеудің 
өзекті 
болуына 
мүмкіндік 
туғызбайды. 
Белгілі 
зерттеуші 
В.В.Виноградов  негізін  салған  көркем  әдебиет  стилистикасының  негізгі 
мәселелерінің  бірі-көркем  шығармадағы  автор  суреттерінің  берілуін  зерттеу 
болып табылады. 
5.  Әрбір  сөйлеуші  мен  айтушының  есінде  болатын  стилистикалық  басты 
ұстанымдардың негізгісі – қарым-қатынас саласына байланысты тіл құралдарын 

 
 
74 
орынды,  әрі  тиімді  қолдану  керек,  одан  кейін  оның  мақсаты  мен  міндетін, 
жағдаят, айтылым мазмұны, жанр және т.б. экстралингвистикалық факторларды 
да  естен  шығармаған  жөн.  Практикалық  стилистика  айтушы  бойына  стильдік 
түйістік  ұғымына  тәрбиелеу,  әрбір  функционалды  стильдің  нормалануымен 
таныстыру, сөйлеудің (үздіксіз мәтін) өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру 
қабілетін арттыру болып табылады. 
Лингвист  ғалым  В.Матереус  мектепте  тек  грамматиканы  ғана  емес, 
сонымен қатар стилистиканы да оқу қажеттігі туралы әділ де, нақты айтқан. Бұл 
сөйлеудің  жоғары  мәдениеттілігіне  алып  келетініне  ешбір  күмән  келтірмейді. 
Бұрынғы  және  қазіргі  заманда  сөйлеудің  ең  «қиын»  тұсына  канцеляриумдердің 
орынсыз  қолданылуы  жататынын  аңғаруға  болады.  Сол,  «канцелярит»  туралы 
К.Чуковский,  К.Паустовский  және  т.б.  жазушылар  ана  тіліне  байланысты  өз 
ойларын білдіргені белгілі. 
Практикалық  стилистика  бағытының  пайда  болуына  ешқандай  нақты 
теориялық  негіз  болмағандықтан  «ортологиялық»  (дұрыс  сөйлеу  мәселелері) 
бөлімінен шыға алмағанына тарих куә. Қазіргі заманғы практикалық стилистика 
өзінің  функционалды  бағытын  тереңдетуі  керек,  ал  оның  пәніне  барлық 
функционалды  стильдерді  және  тіл  мен  сөйлеудің  жалпы  және  «түрлік» 
функционалды  әртүрлілігінде  тіл  құралдарының  стилистикалық  нормада 
қолдануын  қарастыру  қажеттігі  туындайды.  Қазіргі  кезеңде  практикалық 
стилистика  коммуникативті  сөйлеу  қызметінде  стилистикалық  дағды  мен 
қабілетті  қалыптастыруға  ықпал  етуі  тиіс,  ал  қабілет  пен  дағды  адамдардың 
стилистикалық  сөйлеу  мәдениетінің  деңгейін  көтеру  мақсатындағы  әрбір 
тілші-стилистің жемісті жұмысы үшін қажет. 
Стилистика 
бағыттары 
арасынан 
салыстырмалы 
(немесе 
сыртқы) 
стилистиканы  да  ерекше  бөліп  қарастыруға  болады.  Бірақ  ол  салыстырмалы 
лингвистика (грамматика, лексикология) сияқты нақты емес, бұның ара-жігі тек 
Батыстық  тіл  білімінде  ғана  нақты  көрініс  тауып,  жеке  бағыт  ретінде 
қарастырылғанын  байқауға  болады.  Әдетте,  ол  салыстырып  отырған  тілдердің, 
мәселен  неміс  тілі  мен  француз  тілі  т.б.  тілдердің  ұлттық  белгілерін,  сипатын 
көрсеткенде 
ғана 
аталып 
көрсетіледі. 
Шындығында, 
соңғы 
кездері 
салыстырмалы  түрде  қарастырылатын  тілдердің  қызметі,  заңдылықтары  мен 
стилистикалық  ресурстары  салыстырмалы  зерттеулерде  кездеседі.  Жоғарыда 
талданған пікірлерден байқағанымыздай, өз кезегінде салыстырмалы стилистика 
ресурстар  стилистикасы  мен  функционалды  стилистикаға  ыдырап,  бөлініп 
кетпейді.  
Соңғы кездері стилистикалық зерттеулердің тағы бір аспектісі пайда болды, 
ол  функционалды  стилистиканың  бір  тармағы  іспеттес,  атап  айтқанда 
диахрониялық  немесе  тарихи  стилистика,  әлеуметтік  тапсырысқа  байланысты 
функционалды стильдердің (өзге де  сөйлеу  түрлерінің) қалыптасу процесі және 
тіл 
жүйесі 
стилистикасының 
тарихи 
дамуында 
стильдердің 
экстралингвистикалық факторларының өзгерісін зерттейді. 
Сонымен қатар, сол кезеңнен бастап мәтін стилистикасын ерекше бөліп алу 
тенденциясы байқалады. Бұл мәселе кеңінен жан-жақты талдауды қажет етеді.  
Қазіргі кезеңде мәтін  стилистикасын тереңнен зерттеуге арналған еңбектер 
жеткілікті  дәрежеде  деуге  болмайды.  Мәтін  стилистикасы  термині  тіл  білімі 

 
 
75 
саласында кеңінен қолданыс тауып отыр, алайда, мәтін стилистикасы терминіне 
нақтырақ  тоқталсақ,  осы  ұғымның  өзіне  ғылыми  даму  процесінде  біржақты 
анықтама берілген жоқ. 
Теориялық  тұжырымдар  мен  нақты  тілдік  талдау  үлгілерінде  мәтін 
стилистикасының анықтамалары В.В.Виноградовтың еңбектерінен бастау алып, 
Г.О.Винокур,  Б.А.Ларин  т.б.  зерттеулерінде  жалғастығын  табады.  Аталған 
зерттеушілердің  еңбектеріндегі  пікірлерге  сүйене  отырып,  В.В.Одинцев  тіл 
білімі  тарихының  жаңа  сатысында  стилистиканың  қазіргі  таңдағы  жаңа  бағыт 
лингвистикасының 
қатынасын 
анықтады. 
Өз 
еңбектерінде 
ол 
мәтін 
стилистикасына  неғұрлым  терең  және  теориялық  тұрғыдан  негізделген 
сипаттама береді.  
В.В.Одинцовтың еңбегіндегі анықтамасы бойынша: «Мәтін стилистикасы – 
сөйлеу шығармашылығы (көркем-әдеби), композициялық-стилистикалық түрлер 
мен сөз құралдарындағы сөз қызметінің құрылымдық стилистикалық мүмкіндігі. 
Мәтін  стилистикасы  сөз  стилистикасының  құрамына  кіреді»  /6,  11  б./,  -  деп 
жазады көрнекті ғалым. 
Бұл  сипаттама  осы  бағыттағы  зерттеу  пәніне  қатысты  үш  қағидаға  назар 
аудару 
қажеттігі 
туындайды. 
Олар 
стилистиканың 
басқа 
бағытымен 
салыстырғанда, мәтін стилистикасының мәртебесін айқындар береді: 
Біріншіден,  мәтінде  тіл  және  сөз  құралдарының  үйлесімділігі  туралы 
айтылып отырғандықтан, объектіге функционалды жақындау.  
Екіншіден, 
В.В.Одинцевтың 
пайымдауынша, 
мәтін 
стилистикасын 
зерттеудегі  маңызды  мәселе  конструктивті  жинақталған  әдістер  (мәселен, 
тізбекті  және  қатар  мазмұндама:  градация,  қамыту,  сұрақ-жауап  және  т.б.)  мен 
сөздің  функционалды-мазмұнды  түрлері  (сипаттау,  әңгімелеу,  талқылау  және 
т.б. мәтіндік бірліктер мен композициялар). 
Үшіншіден,  формасы  мен  мазмұны  біртекті  мәтіндерді  талдау,  белгілі  бір 
шығарманың мазмұны мен формасын оны тереңдете оқу үшін талдау.  
Екі  жағдайдан  да  көрінетін  зерттеудің  пәні  мәтіндегі  сөз  бірліктері  мен 
оларды  ұйымдастыру  ұстанымын  үйлестіре  білу  болып  табылады.  Бұндайда 
автордың  сөз  типологиясына  көп  көңіл  бөлгенін  ескерсек  (мазмұндаманың 
композициялық-стильдік  түрінің  коммуникация  сферасымен  сәйкестендірсе) 
зерттеудің функционалды стилистикалық аспектісінің басқа деңгейдегі  (мәтінге 
дейінгі) тіл бірліктерімен өзара ара-қатынасында алда болған болар еді. Үшінші 
жағдайдағы зерттеудің мақсаты мен мәні басқаша /7, 62-65 б./. 
Сонымен,  мәтін  стилистикасының  құрылымы  мен  бітімі  туралы  түрлі 
зерттеулерді салыстыра отырып, стилистика тіл білімінің көптеген заңдылығын 
қамтитын аса ауқымды аралық пән екендігін танимыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет