Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектеп Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс с ынып жетекшісі: Майкоржунова Р. Ж. Бастауыш сынып мұғалімі: Айнакулов Е. Ш



бет1/8
Дата02.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89123
  1   2   3   4   5   6   7   8



Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектеп






ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС




С ынып жетекшісі: Майкоржунова Р.Ж.
Бастауыш сынып мұғалімі: Айнакулов Е.Ш.
2 016-2017 оқу жылы


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Мақсаты:
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.


Міндеттері:
1. Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.
2. Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін көтеру.
3.Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.


Негізгі принцип:
Нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым- қатынас орнату.


Болжамдап отырған нәтиже:
Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың жалпы мақсаты
1.Оқу материалдарының мазмұны таным-түсінігіне сәйкес болуы.
2.Ең оңай, қызықты материалды ұсыну.
3.Өзіне, өз күшіне сенуге үгіттеу.
4.Мұғалім және ұжым мейірбандылық көрсету.
5.Оқушының көңіл-күйін қадағалау,үнемі бақылауда ұстау.
6.Ұжым болып көмектесу.
7.Ұжым-пән-мұғалім-оқушы-ата-ана арасында тығыз байланыс болу керек.
8.Үлгерімі нашар оқушыларға көмек көрсету.
9.Оқушының жұмыс кезіндегі азғантай табысын мадақтау.
10.Өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
11.Оқушы еңбегін әділ бағалау.
12.Қатемен жұмысты жиі жүргізу.
13.Сыныпта достық қарым-қатынас орнату.
14.Тақта алдында немесе жауап беру кезінде оқушыға көмекші құралдар.
15.Оқушының жауабын көтермелеу.
16. Жаңа тақырып бойынша оқушыны әңгімеге тарту.
17. Оқушының жұмыс жылдамдығын ескерту.
18. Өзін - өзі тексеруге, бағалауға мүмкіндік беру.
19. Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар даярлау, ұсыну.
20. Бақылау картасын жасау.
21. Тірек конспектілерін, карточкаларын пайдалану.
22. Жеке және топтық кеңестер беру.
23. Үй тапсырмасын орындауға көмектесу.
24. Үйірмелерге шығармашылық жұмыстарға тарту. (шефке алу)
25. Ата – анасына талаптарды түсіндіру, педагогикалық сауаттандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет