Сабақтан тыс
жұмыс
|
Қиындықтар туған кезде:
1. жаңа материалды меңгеру кезінде;
2. білімдегі олқылықтады анықтаған кезде.
|
1. Үлгермеушілікті болдырмау.
2. Білімдегі олқылықтарды жою.
3. Оқу мативтерін, қызығушылықтарын қалыптастыру.
|
Нашар үлгерушілермен жұмыстағы жеке тұлғалық әдіс.
|
1. Жеке және топтық кеңестер.
2. Үй тапсырмасын орындауға көмектесу.
3. Үйірмелерге қатысу, шығармашылық тапсырмалар.
|
Тәрбие жұмысы
|
Пән мұғалімдерінің бақылауына үнемі сүйене отырып
|
1. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру.
2. Оқу мативтерін, қызығуын қалыптастыру.
|
1. Жеке - тұлғалық әдіс.
2. Мәдениетті орта туғызу.
|
1. Үйірмелерге жорықтарға, өзін - өзі басқаруға тарту.
2. Сынып сағаттарын өткізу.
3. Қызығуына сүйену.
|
Ата – аналармен
жұмыс
|
Үй тапсырмасын орындамағанда, сабақтан қалғанда, т.б. Жұмыс үздіксіз жүреді.
|
Ата – аналарға педагогикалық көмек көрсету. Үлгермеушіліктің себептерін анықтау. Балалардың біліміне деген бірыңғай талаптардың сақталынуы.
|
Оқушылардың түрін және үлгермеу себептерін анықтау. Үлгермеулілікті болдырмау жөніндегі ата – аналарға кеңес.
|
Ата – аналарға талаптарды түсіндіру. Ата – аналарды педагогикалық сауаттандыру. Түзету жұмыстары. Жеке жұмыстар.
|
Оқушы үлгермеушілігінің себептері:
- жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;
- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі. Мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;
- бағалаудағы біржақтылық;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;
- сабақ қалдыру;
- оқушының ауырып қалуы;
Достарыңызбен бөлісу: |