Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет12/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
Интерференциалды микроскопия фазалы-контрасты микроскопия 
сияқты қолданылады. Фазалы-контрасты микроскопия тек нысанның 
сұлбасын зерттесе, ал интерференциалды микроскопия түссіз нысан-
ның бөлшектерін зерттеп, оларға сандық талдау жасайды. Бұл 
микроскоптағы сəуленің екі еселенуіне байланысты болып келеді: 
сəуленің бір бөлігі зерттелетін нысан бөлшегінен өтсе, ал екіншісі 
оның жанынан өтеді. Микроскоп окулярында екі сəуле қосылады жəне 
бір-бірімен интерферленеді. Əртүрлі клетка құрылысының салмағын 
анықтап, фазаның пайда болған əртүрлілігін өлшеуге болады. Фаза 
жарығының əртүрлілігі бірінен кейін бірі өлшеніп, сынудың белгілі 
көрсеткішін беріп, тірі нысанның қалыңдығын жəне фиксирленбеген 
тіндерін, сонымен қатар ондағы судың концентрациясын жəне құрғақ 
затты, ақуыз құрамын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Берілген ин-
терференциалды микроскопиямен мембрана өткізгіштігін, ферменттің 
белсенділігін, клеткадағы зерттеу нысанының метаболизмін негіздеуге 
болады.
Поляризациялық микроскопия екі сəуле пайда болуының нəтиже-
сінде перпендикуляр тегістікте поляризацияланған жарықтағы ны-
сандарды зерттеуде, яғни поляризацияланған жарықта қолданылады. 
Ол үшін микроскопта жарық бастамасы мен препарат арасында ара-
ластырылып, поляроидтар немесе Николь призмасы қолданылады. 
Қасиеттері біркелкі емес клеткалар мен тіндерден компонентті жарық 
сəулесі өткенде (немесе көрінгенде), поляризация өзгереді. Аталған 
изотропты құрылымдарда поляризацияланған жарықтың таралу 
жылдамдығы поляризация тегістігіне байланысты болмайды, анизо-
тропты құрылымында оның таралу жылдамдығы жарықтың бағытына 
созылмалы немесе нысанның көлденең өсіне байланысты өзгеріп 
отырады. Егер жарықтың сынғыштық көрсеткіші құрылым бойынан 
көлденең бағыты көп болса, онда екі еселенген оң сəуле сынғыш бо-
лады, ал кері қатынаста теріс екі еселенген сəуле сынғыштық бола-
ды. Көптеген биологиялық нысандармен қатар молекулалық бағыты 
болады, олар анизотропты жəне екі еселенген оң жарық сынғыштық 
қасиетке ие. Мұндай қасиеттерге миофибрильдер, жылтыр эпителий 
кірпікшелері, нейрофибрильдер, коллагенді жіпшелер, т.б. ие бола-
ды. Поляризацияланған жарық жəне анизотропты нысан үлкендігі 
сəуле сынғыштық сипатына, оның құрылымдық молекулалық 
ұйымдастырылуына сəйкес келеді. 


28
1.7б а-сурет. Тікелей иммунофлюоресценция. Тікелей əдісі қызықтыратын 
антигенке (Аг-ке) таңбаланған флуоресценцияланатын бояуымен 
қолданылады. Антигенінің (Аг) оқшау бөлiгi орындарындағы антиденемен 
(Ат) əрекеттеседi, сондықтан таңбаны көруге мүмкiндiк бередi 
Поляризациялық микроскопия микробиологиялық диагностика 
нəтижесіндегі гистологиялық зерттеу əдістерінің бірі болып табыла-
ды, сонымен қатар цитологиялық жəне т.б. зерттеулерде қолданылады. 
Осы поляризациялық жарық нəтижесінде ұлпа кескіндерінің боялған 
жəне боялмаған, бекітілмеген препараттарын зерттеуге болады. 
Микроскопияның кең таралған түрі – люминесценттік микрос-
копия. Ол УК – сəулелерде немесе спектрдің көк-күлгін бөлігінде 
люминесцентті жарықтану беретін кейбір заттардың қасиеттеріне 
негізделген. Қарапайым белоктар, коферменттер, кейбір витамин-
дер жəне дəрілік заттар сияқты көптеген биологиялық заттардың 
жеке өзіндік (бірінші реттік) люминесценттілігі болады. Негізгі 
люминесценттік микроскоптың жобасы 1.7-cуретте көрсетiлген. 
Кейбір заттарға арнайы бояғыштарды – флюорохромдарды (екінші 
реттік люминесценция) қосқан кезде ғана жарықтануды бастайды. 
Флюорохромдар клеткада диффузды түрде немесе жеке клеткалық 


29
құрылымдарды жəне биологиялық нысанның белгілі химиялық 
қосылыстарын таңдамалы түрде бояуы мүмкін. Мұның негізінде 
цитологиялық 
жəне 
гистохимиялық 
зерттеулерде, 
негізінде, 
люминесценттік микроскопияны қолдану орын алады. Люминесценттік 
микроскопта иммунофлюоресценция көмегімен вирустық антигендерді 
жəне олардың клеткада концентрациясын көрсетеді жəне вирустар-
ды сəйкестендіреді. Сонымен қатар антигендер мен антиденелерді, 
гормондарды, əртүрлі метаболизм өнімдерін жəне тағы басқаларды 
анықтайды. Осыған байланысты люминесценттік микроскопияны 
герпес, эпидемиялық паротит, вирустық гепатит, грипп жəне тағы сол 
сияқты инфекциялар үшін зертханалық диагностикада қолданады. 
Сондай-ақ аурудың мұрын сілекейлі зертханалық диагностикасында 
қолданылады. Сонымен қатар аурудың мұрын сілекейлі қабықшасының 
көрінісін зерттей отырып, респираторлық вирустық инфекцияларды 
жедел диагностикалау үшін жəне əртүрлі инфекцияларды дифферен-
циалды диагностикалау кезінде пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет