Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет73/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
прецепитация ерекше құбылысына негізделген реакцияларға; компле-


185
менттің қатысу реакцияларына; бейтараптану реакцияларына; 
химиялық жəне физикалық əдістерді қолдану реакцияларына бөлуге 
болады.
Агглютинация ерекше құбылысына негізделген реакциялар. Агглю-
тинация реакциясына негізделген əдістер айтарлықтай сезімтал жəне 
клетка бетіндегі антигендерді анықтау немесе бөлшек осы антигендер-
ге антиденелерді жарты мөлшерлі анықтау үшін қолданылады. Əдістің 
мəні: антигенмен қапталған клетканы немесе бөлшектерді антидене-
лермен байланыстырғанда, ірі агрегаттар түзіледі. Антиденелердің 
титрін анықтау үшін, клеткалардың беттік антигеніне немесе бөл-
шектер бетінде сорбирленген антигендерге белгілі бір мөлшердегі 
антигенмен қапталған клеткаларды немесе үлгілерді зерттеліп жатқан 
үлгіге араластырады.
Агтлютинация реакциясының қойылулары үшiн үш құрамдас бөлiк 
қажет: 
1. Антиген (агглютиноген).
2. Электролит (натрий хлоридтің физиологиялық ерітiндiсi).
3. Антидене (агглютинин).
АГ + АД + электролит = агглютинат
Агглютинация клеткаларды жабыстыру немесе жеке бөлшектер 
осы антигендерге антигендерді тасушы иммунды сарысу арқылы 
ұсынылады.
Тиісті антибактериалды сарысуларды қолдану жəне бактерия аг-
глютинация реакциясы қарапайым серологиялық реакцияларға жата-
ды. Бактериялар салмағын сыналатын (зерттелетін) қан сарысуының 
əртүрлі сұйылтуларына қосады, сосын белгілі бір уақыттан кейін 
температура 37°С тіркейді, яғни қан сарысуын сұйылтудың барлық 
жағдайында агглютинация жүргенін тіркейді. Бактериялардың агглю-
тинация реакциялары көптеген инфекциялық ауруларды: бруцеллез
туляремия, құрсақ сүзегі жəне паратифларды, бациллярлық дизенте-
рия, дақтық сүзекті диагностикалау үшін қолданылады.
Қан тобын жəне резус-факторды анықтау үшін, агглютинация реак-
циясы эритроциттердің аллоантидене (изоантидене) мен антигендердің 
əсерлесуіне негізделген (қан топтарына қараңыз). Резус-факторға қарсы 
антиденелер толық емес болып табылады. Олар оң-резусты эритроцит-
термен тікелей əсерлесуге қабілетті емес, сол себепті оларды анықтау 
үшін Кумбус реакциясы қолданылады. Бұл реакция антиглобулинді са-


186
рысу арқылы толық емес антиденелерді шығаруға негізделген. Белгілі 
арнайылығы бар эритроциттерге қанның зерттелетін сарысуын, одан 
кейін IgG-ге қарсы антиглобулинді сарысуды қосады (Куллебустың 
тікелей қатынас емес реакциясы). Зерттелетін қан сарысуындағы толық 
емес антиденелердегі Fab-фрагменттері эритроциттерге қосылады, ол 
осы антиденелердің бос Fс-фрагменттеріне IgG-ге қарсы антиденелер 
қосылады. Сөйтіп, эритроциттердің агглютинациясы жүреді.
Енжар немесе тікелей емес гемагглютинациялардың реакцияла-
ры (РПГА, РНГА) бетінде антигендер (бактериалдық, вирустық) не-
месе антиденелер сорбирленген эритроциттер немесе нейтралды 
синтетикалық материалдарда қолданылады. Олардың агглютинациясы 
тиісті сарысуларды немесе антигендерді қосу кезінде жүреді. Антиген-
дермен сенсибилизирленген эритроциттерді антигенді эритроцитарлы 
диагностикум деп атайды жəне антиденелерді анықтау мен титрлеу 
үшін қолданады. Антиденелермен сенсибилизирленген эритроциттерді 
иммуноглобулинді эритроцитарлы диагностикумдар деп атайды жəне 
антигендерді анықтау үшін қолданады.
Енжар гемагглютинация реакциясы бактериялармен (құрсақ, сүзек 
жəне паратифтер), дизентерия (қан тышқақ, бруцеллез, оба, холера 
жəне т.б.), қарапайымдылармен (безгек), вирустармен (тұмау, аденови-
русты инфекциялар, В вирусты гепатит, қызылша, кене энцефалиті, 
крымдық геморрагиялық безгек жəне т.б.) туатын аурулардың диаг-
ностикасы үшін, сонымен қатар кейбір гормондарды анықтауда, ауру 
адамның дəрілік препараттар мен гормондарға, мысалы, пенициллин 
мен инсулинге жоғарғы сезімталдығын анықтауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет