Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
(«ақыл») сӛзінен туындаған. Кейін ұғыну, пайымдау, белгілі бір нәрсеге жету 
қабілеттері сӛзіне синоним болды [131]. 
«Пайымдау», «зерде», «ақыл», «ұғыну» сияқты синонимдік ұғымдардың 
жиі қолданылуымен қатар интеллект ұғымы да философияның орталық 
категориясы қатарына жатады. Аристотельдің ілімдерінде бұл ұғым - зерделі 
индивидуалды бастама не білдірсе, сол болып танылған [3]. Философиялық 
ойдың әртүрлі кезеңдерінде интеллект тӛменгі танымдық қабілет ретінде де 
түсінілген. Соңғы жағдайда табиғи қабілет ретінде оған сезімдік-эмоционалды 
шабыттылық түрін қабылдайтын құдайшыл құдіретке қарама-қарсы қойылды. 
Интеллектінің жетекші рӛлі ретінде аффект пен интеллекттің бірігуі 
Б.Спинозаның рационалистік тұжырымдарында айтылды. ХVІІІ ғасырдағы 
француз материалистерінің еңбегінде осы мәселелерді анықтауда «ойлау» мен 


24 
«таным» ұғымдары қолданылды. Классикалық неміс философиясы үшін 
интеллект пен зердені ажырып кӛрсету тән. Осыған орай интеллект танымның 
аналитикалық-талқылау формасы ретінде есептелді [18]. Себебі ол зерденің 
диалектикалық жетістіктеріне мүмкіндігінше жол беріп отырды. 
«Интеллект» философиялық мағына ретінде маңызды жалпығылыми 
категория ретінде қала береді. Арнайы әдебиеттерде тұлғаның зияткерлік 
әлеуеті, тұрғындардың, жеке топтардың зияткерлік қоры және қоғамның 
зияткерлік қажеттіліктері ретінде талқыланады. Қазіргі болып жатқан ғылыми-
техникалық тӛңкеріс символдарының бірі – ол «жасанды интеллект» ұғымы. 
Бұл ұғым міндетті шешуге және оны орындауға қабілетті техникалық жүйені 
белгілеуде қолданылады. Соның ішінде қабылдау, қозғалысты ұйымдастыру, 
ақпараттық іздеу, жады, мәтінді түсіну сияқты ойлау әрекеттері де жатады. 
Пайымдау мен зерде айырмашылықтары екі «қабілетті жандар» ретінде 
антикалық философияда кӛрініс тапқан болатын: егер пайымдау, яғни 
пайымдау қабілеті: «қатыстының барлығын тану, жерге қатыстыны да, кӛкке 
қатыстыны да тану» дегенді білдіретін болса, онда зерде мақсатты 
әрекеттерден құралған болмыс ретінде абсолютті, шексіз, рухани дүниенің 
мәнін ашады. Кӛптеген зерттеулерде зерде туралы түсінік пайымдаумен 
салыстырғанда жоғары таным қабілеті ретінде түсіндіріледі. Яғни зерде ұғымы 
пайымдаудың жан-жаққа ажыратқан қарама-қайшылықтарын біртұтастықта 
түбегейлі жинап алушы іс-әрекет ретінде танылған. 
Екі түрлі деңгейдегі ойлау әрекеті, яғни пайымдау мен зерде туралы 
таным-түсініктерді жік-жігімен жете қарастырған И. Кант «Критика чистого 
разума» атты еңбегінде былай деп жазған болатын: «біздің барлық біліміміз 
сезімнен басталады, одан кейін пайымға ауысады, соңында зердемен 
аяқталады, санаға келіп түскен материалды ӛңдейтін одан жоғары ой әрекеті 
жоқ және оны жүзеге асыратын осы ойлау тұтастығынан жоғары ой әрекет 
жоқ». Таным саласындағы пайымдаудың негізгі қызметі – ойлау реттілігі, 
сезінген материалдарды, құбылыстарды жүйелендіру. Кант түсінігінше, 
пайымдау білімнің түрін қалыптастырады, оның мазмұны сезімдік меңзеудің 
нәтижесі 

4


Пайымдау әрқашан соңғы шектеулі сипатқа ие болады, себебі, сезімдік 
таныммен туған болмыс мәні шектеулі. Бұған қоса Кант зерттеулеріне сәйкес, 
ойлау әрекетіне шектелмеген тәжірибелердің арқасында сезімдік таным 
шегінен шығуға деген талпыныс тән. Осындай ойлау әрекеттеріне зерде 
жатады. Себебі зерде шексіздікті, шартсыздықты, абсолюттіні іздеуге 
ұмтылады. Бірақ зерде кӛздеген мақсатына жетпейді, сондықтан шешілмейтін 
қарама-қайшылыққа – антонимияға ұшырайды. 
Ақиқат танымның екі түрлі деңгейі ретіндегі пайымдау мен зерде 
айырмашылықтарын канттық дәстүрмен зерттеуді жалғастырған Гегель 
зердені («шексіз ойлау әрекеті» ретінде) пайымдауға («шекті ойлау әрекеті 
ретінде») қарама-қарсы қояды. Пайымдау шектілігі ӛзінің шектелген ойды 
анықтап белгілей алатын ерекшелігімен танылса да, ондағы мазмұнның 
шегінен шыға алмайды. Бірақ пайымдаудың тұрақтылығы, айқындылығы, 


25 
шектілігі Гегельдің зерттеуі бойынша, ойлау әрекетінің жүйелендіру қызметі, 
қабылданған материал туралы ақпаратты реттеу қызметі негізінде жатыр. 
Пайымдаудың заңдылығын мойындай отырып, Гегель оған қоса ойлау 
мүмкіндіктерінің пайымдау әрекетіне еш нұқсан келтірмейтінін ескеріп ӛтеді. 
Гегель анықтамаларының Канттан ерекшелігі Гегель зерденің тағы бір 
қабілетін, яғни конструктивті қызметті тану әрекетін анықтап кӛрсетеді. Зерде 
деңгейіне жеткенде ойлау әрекеті белгілі бір сыртқы шектеулермен 
байланыспай, еркін, рух белсенділігі ретінде қызмет етеді. Ал зерде деңгейінде 
ойлау әрекеті ӛзінің танымындағы болмыстардың жеке, түрін қалыптастырады 
ондағы ойға анықтама береді, оларды дерексіздендіруге, біржақты етуге 
тырысады, «зерделі», немесе «нақты» ұғым тудырады. Зерде әрекетінде ұғым 
диалектикасы пайда болады. Мысалы, Гегель зерде деңгейіндегі ойлау 
әрекетін таным мазмұнының нақтылануына қарай даму деп таниды. Бірақ 
Гегель бұл үрдісті ұғымның ӛз бетінше дамитын әрекеті ретінде тану 
кӛзқарасын таратты 

132


Ал пайымдаумен жедел ӛңдеу, деректер мен оқиғаларды дұрыс жіктеу, 
ол туралы санадағы білімдерді еске түсіру сияқты қабілеттер тығыз 
байланысты. Пайымдауға сүйене отырып, зерде ақиқат дүниенің мәнін ашатын 
зияткерлік, танымдық әрекет ретінде қызмет етеді. Зерде кӛмегімен ойлау 
әрекеті танымның нәтижелерін жинақтайды, құрылған жүйе аясынан тыс жаңа 
идеяларды тудырады. 
Психологиялық ғылым дәстүрінде пайымдау мен зерде адамзаттық 
ойлау әрекетін қалыптастыратын екі тип ретінде анықталады. Пайымдау ойлау 
әрекеттерінің ішінде ақиқатқа жетуші ой қызметі ретінде бойда жиналған 
тәжірибе мен санадағы білім аясында ақиқат дүниені ӛңдейді, оларды тұрақты 
белгіленген ереже бойынша реттейді. Осы тәжірибеге айқындылықтағы 
тұрақтылық, шектіліктегі қатаңдық, жеңілдету және жүйелендіру үрдістері 
тән. Бұл болмыс пен құбылысты дұрыс жіктеуге, білімді жүйеге келтіруге 
мүмкіндік береді. Пайымдау тұлғаны әсіресе утилитарлы міндеттерді шешуде 
қалыпты танымдық жағдаятқа сәтті бейімдеуді қамтамасыз етеді. Атап 
ӛткеніміздей, пайымдаудың шектілігі мұқтаждық пен категориялығына, 
талданған мазмұн шегінен шығуға деген қабілетінің болмауына тікелей 
байланысты. 
Мұндай жағдайларда, яғни тұлғаның ақыл-ой әрекеті пайымдау 
саласында толық қалыптасып болса, онда ол дерексіз-формалды болып 
қалыптасады. Ал зерде терең, әрі жан-жақты білім бере алу сипатымен 
ерекшеленеді. Қарама-қарсылық тұтастығын игере отырып, зерде нысанның 
екі тарапын олардың айырмашылықтарына қарай жіктеуге және олардың 
мәнді сипаттары мен ерекше белгілерінің ӛзара ауысуына мүмкіндік жасайды. 
Зерде сезімдік тәжірибеден жиналған мәліметтер ретінде де, жеке ойдың 
даралық түрі ретінде де талдау және жалпылау қабілетіне ие. Ол жиналған 
ақпараттың біржақтылығын жеңе отырып, ақиқат дүниенің диалектикасын 
бейнелейтін ұғымды қалыптастыруға бейімді. Жеке дара білімнің шегінен 
шығу және жаңа ұғым қалыптастырудың ӛзі зердені пайымдаудан (таныс 


26 
ұғымдарға сүйенетін ой әрекеті) ажырататын негізгі ерекшелігі болып 
табылады. Зерде конструктивті, рефлексивті, жоғары деңгейдегі әлеуметтік 
мақсаттарға бағытталған. Осы жұмыста, логикалық оймен қарайтын болса, 
пайымдау мен зерде іштей танымның біртұтас әрекеттерінің бір компоненттері 
ретінде ӛзара байланысты. 
Пайымдау – адамзаттық интеллектіге тән базалық қабілеттерді бірі, 
бұған қоса, оны жүзеге асырушы форма, ал нақты тарихи жағдайларда ол 
әртүрлі кӛрініс табуы мүмкін. Пайымдау ақпараттардың берілу жүйесі арқылы 
толыққан, дайын формалды білімді меңгеру арқылы пайда болатын – 
мектептегі біліммен мәдениеттенеді. Пайымдау ӛзінің тәжірибелік әрекетінде 
ақиқатты тікелей қабылдаудан жиналған білімнен емес, дайын игерілген
білімнен, теориялық схемадан ой тудыруға бейім келеді. «Пайымдау – бұл 
әлеуметтік қызметтен кең тәжірибе жинаған, білім жүйесіне тікелей 
байланысты интеллект деңгейі. Оның құрамын тұрмыстық және ғылыми 
білімнің тұрақты құрылымдары құрайды. Онда қоғамдағы адамның ӛзара 
қатынасын анықтайтын нормалар мен ережелер негізгі компонент болады 
[133]. 
Пайымдауда адамзаттық білімнің тұтасты тұжырымдалған үлгісі 
бейнеленеді. Пайымдау қазіргі білім берудің негізін құрайды. Пайымдау ӛз 
бетінше дами алмайды, ол ӛзін қалыптастырған бастапқы эталондарға 
сүйенеді. Ал оның алгоритмдік жұмысы машинаның жұмысын еске түсіреді. 
Бұл ӛз кезегінде адамзаттық интеллектінің компьютерлік деңгейі деп 
танылады. 
«Зерде – бұл кӛпқырлы ойлау қабілеті, шешуші белгілерді анықтай алу 
қабілеті, сол белгілер арқылы оның дамуын басқаратын негізгі қарама-
қайшылықтарға ықпал етуге болады» [121]. Зерде теориялық танымның 
жоғарғы формасы ретінде дерексіздіктен нақтылыққа ӛрлеу қағидасына сәйкес 
әртүрлі даму сатысында тұрған нысанның толық теориялық жаңғыртылуына 
қол жеткізеді. Біржақты пайымдауға қарағанда зерде әрекеті кӛпқырлы 
сипатқа ие, сол қасиеті арқылы түрлі ойлау құрылымдары ӛзара тоғысқан 
жағдайда шығармашылық танымдық үрдісті қалыптастырады. Зерде санада 
тұнып қалған пайымдау түрлерін кеңейте отырып, бастапқы аксемиотикалық 
ӛрісті қайта құрастыру қабілетіне ие болады және бұл әрекетті пайымдау 
әрекетіне арналған жаңа матрицаларды тудыру арқылы жүзеге асырады 

132, 
69-81 бб


Зерттеушілер айқындап кӛрсеткендей, материалды танудың екі деңгейі 
бар: «механикалық», яғни студенттер жеңіл қабылдайтын жадыға негізделген 
ойлау әрекеттері және «терең» тану игерілген білімді ӛз бетінше және белсенді 
тануды қамтамасыз ететін ойлау әрекеттері. Терең тану деңгейі адам 
интеллектісіндегі зерде әрекетімен түзетілуі мүмкін. 
Сонымен, зерде – бұл тек жоғары ақыл-ой қабілеті ғана емес, ол әлемге 
деген мақсатты бағытталған тәжірибелік қатынас, ақиқат болмыстың ӛзара 
байланысын, бірін бірі нақтылайтынын ескерген тәжірибе арқылы жиналған 
терең білімнің әмбебаптық түрдегі таным-түсінігі. Орыс тілінде пайымдаудың 


27 
тұрақты анықтамасы ойлау, пайымдау қабілеттерін білдіреді, ал «зерде – бұл 
логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттері, адамның танымдық 
әрекетінің осы жоғары деңгейлері – ақыл және интеллект». 
Шынайы болмысты меңгерудің әмбебап түрімен тарихи, әлеуметтік-
мәдени, сондай-ақ табиғи ақиқаттың мағыналық мазмұнын қайта жаңғырту, 
ұғыну деп танылады. Ұғыну мағынаның пайда болуы немесе қайта туындау 
үрдістерінің бірлігінде кӛрінеді, тұлға танымындағы әлеуметтік-мәдени ақиқат 
болмыстың заттану, заттанбау әрекетінен кӛрінеді, соның арқасында ақиқат 
болмыстың тарихтағы, мәдениеттегі, әлеуметтік ӛмірдегі ұғынылған 
ерекшелігі мен орны анықталуы мүмкін. 
Ұғыну – бұл адамнан ажыратылмайтын, тұлғалық мән мен феномен, 
бірақ ол индивидтің психологиялық қабілеттерімен ғана емес, сондай-ақ 
адамзаттың ӛмірдегі әртүрлі коммуникативтік жүйеге қатысуымен белгіленеді. 
Ұғыну қарым-қатынас үдерісінде дамиды, мәдени-тарихи мұралардың 
бірігуінде (ассимиляцияда) дамиды. Ұғыну түрлерінің жалпы қыры ұғыну мен 
ӛздігінше ұғынулардың арасындағы байланыс, ұғыну үдерісіндегі ұғынудың 
жеке базисін кеңейту, ұғынудағы әлеуметтік-тарихи, мәдени алғышарттардың 
белгіленуі, біржақты және соңғы интерпретацияның жеткіліксіздігін 
толықтыратын, мәнмәтін мағынасын ашатын қажеттілігімен белгіленеді. 
Ұғынуды дамыту берілген мағынаны бүтін дүние ретінде таныған «алғашқы 
түсініктерден» басталады, одан кейін мағынаның ішкі құрылымдарына талдау 
жасалады, содан кейін терең әрі толық ұғыну қалыптасады. Толық ұғынуда 
бүтін мағына бірнеше бӛлшектерге тармақталады немесе бірнеше мағына 
бӛлшектері біртұтас мағына ретінде жинақталады. ХХ ғасырдың ортасынан 
бастап ұғыну әмбебап танымдық қабілет ретінде тұжырымдалды және кең 
мағынада әлемдегі адамның тіршілік ету қабілеті ретінде түсініле бастады. 
Ұғыну зерттелетін нысан, құбылыс, болмысты жатсынуды жеңуге, сол арқылы 
оның тұрмыстағы заңдылықтарын, табиғи дүниесін тануға, сезінуге мүмкіндік 
береді. Ұғынудың кӛпқырлы формалары түрлі рухани әрекеттердің болуымен 
сипатталады – рационалды, кӛркем, адамгершілік, т.б. 
Педагогикалық-психологиялық дәстүр бойынша, ақыл – зерде, рух 
ретінде анықталады.Орыс тілінің ең ірі маманы С.И. Ожегов ақыл ұғымын 
адамның ойлау қабілеті ретінде, саналы зерделі ӛмірдің негізі ретінде 
анықтаған болатын 

134


Ақыл – бұл ойлау мен ұғыну қабілеттерінің сипаттамасы. Ақыл 
тұлғаның психологиялық әрекеттерінің ішіндегі ерекше қызметі болып 
саналады. Ол түрлі әрекеттер мен болмыстар туралы ақпаратты беру, қайта 
ӛңдеу, сақтау, ақпараттарды алу қабілеттері кӛмегімен жүзеге асырылады. 
Тұлға ақыл-ой қызметінің негізінде жаңа білімді ӛңдейді, шынайы негізделген 
шешім қабылдайды, мақсат қалыптастырады, оған жетудегі нәтижелерді 
бақылайды, қоршаған ортада пайда болған жағдаяттарды бағалайды. Осы 
тұрғыдан алғанда адамның ақыл-ой әрекеті немесе зияткерлік әрекеті ақиқат 
дүниенің шынайы бейнесі болып саналады. 


28 
Ал, еуропалық психологиялық дәстүр бойынша, зияткерлік қызметтің 
негізгі деңгейлері ретінде зерде мен пайым қабілеттері алынған. Пайымдау 
әлеуметтік-тарихи және мәдени үдерістерде қабылданған нормалар мен 
стандарт шеңберінен шықпайтын зияткерлік қызмет ретінде қарастырылады. 
Ал зерде - заттар мен құбылыстардың түпкі терең мәнін анықтауға, түбегейлі 
жаңа білім тудыруға қабілетті жоғары шығармашылық ақыл-ой ретінде 
танылады. 
Ұғыну танымдық процедура ретінде кем дегенде үш мағынада 
түсіндірілуі мүмкін [78
].
Біріншіден, ұғыну ұғынылатын мағынаны меңгеру 
немесе анықтау. Белгілі бір нәрсені ұғыну – бұл мол дүниенің мағынасын тану. 
Бұл жағдайда ұғынуға ғылыми білімнің барлық сипатын қолдануға болады: 
ақиқаттылығы, растайтыны, терістейтіні, абсолюттілігі, қатыстылығы, т.б. 
Мағына «ӛз ӛзінше» болатын құбылыс, ол ұғушы субъектіге тәуелді емес, ал 
оны таныған кезде ондағы дүние ұғынылған болады. 
Ұғынудың екінші мағынасы бірінші мағынасына баламалы: ұғыну – бұл 
интерпретация, ӛздігінен оны иелене алмайтын мағыналардың толығуы. 
Осылайша білім мен ұғыну арасы ажыратылады. Білім – объективті, ал ұғыну 
– субъективті. Субъект мәдениеттегі мағына үлгілерін қайталай отырып, 
немесе жаңа мағыналарды тудыра отырып, сол мағыналар арқылы сӛз бен 
затты (табиғи және жасанды) ажыратады. И.С. Алексеевтің пікірінше, «сӛз ӛз 
бойында мағынаны алып жүрмейді, керісінше олар мағынаны қолданыста 
қабылдайды. Осылайша сӛз бойында жиналған мағыналар сӛйлеу актілерінде 
адам қалай ұғынды сол мағынасында кӛрініс табады, сӛздік пішін – бұл 
мағына болмысының түрге айналуы, кейде ұғынушы адамнан жатсынған 
немесе мазмұны мағынасында хабарланып тұратын сӛз бен мағына теңдестігі 
болады. Адам үшін әрбір тілдік қолданыс қана емес, сондай-ақ әлем үзіктері де 
мағынаны тану үшін аса қажетті. Мәдениет артефактісі тұрғысынан қарайтын 
болсақ, осы құбылыс кәдімгідей болғаны байқалады. Бірақ бұл табиғи 
нысандарға қатысты алғанда дұрыс әрі әділ» 

135


Бұл жағдайда адам мағына үлгілерін қайталау арқылы мәдениетпен 
қарым-қатынас жасай алады. Яғни жаңа мағына тудыру (шығармашылық 
тұрғыдан түсіну) мәдениетті байытады, ғылымның «мағыналық қорын» 
кеңейтеді. Ұғынудың осы екі мағынасы «субъект-объект» қатынасына 
негізделген. Ұғынудың үшінші мағынасы «субъект-объект» қатынасы аясында 
ақиқат әлемді түйсіну және оны мағыналарға бӛлу арқылы ұғыну тәсілін 
қолданбайды.
Ал табиғи интеллект мәселесіне деген қызығушылық үнемі ӛсіп 
отырады. Зерттеулердің кӛпшілігі тұлғаның танымдық саласын зерттеуге 
арналған. Бірақ жиналған материалдар толық әрі терең теориялық анықтаманы 
дайындауға жеткілікті болмай отыр. Зиятты әртүрлі құрылымдарға бӛліп 
қарастыру, талқылау түсініктері оның тұтастығын түсінуді жояды. Оның бір 
белгісі ретінде қазіргі таңдағы интеллект ұғымына берілген 60-тан аса 
анықтаманың болуы фактісін айтуға болады [136].


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет