23
Бұл кӛзқарас 1950 жылдарға дейін басымдық танытты, себебі сол жылдары
оның толыққанды мәселені шеше алмайтындығы анықталды. Зерттеушілер
интеллект коэффициентін ӛзгертіп қана қоймай, оқыту барысында оны екі
еселеуге болатынын дәлелдеді. Алынған нәтижелерден тестілеу әдісі ақыл-
ойды дамыту әлеуетінің генетикалық белгілерін емес, бұрыннан үйренгенін
анықтайтыны айқын кӛрінді.
Қорыта келе, егер батыстық ғылымның дәстүрі үшін интеллектідегі
биологиялық берілген қабілеттерге баса назар аудару тән болса, ресей
ғалымдары тұлғаның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы әлеуметтік
факторларға кӛбірек назар аударатындығы байқалады.
Сондықтан зияткерлікті дамыту - бұл индивидтің биогенетикалық
нышандары мен әлеуметтік ортаның ӛзара қарым-қатынасы, әрекеттесуі.
Бұндай қарым-қатынастың нәтижесінде алдыңғы айтылған детерминанттармен
ӛлшенбейтін жаңа сапа пайда болады, яғни индивидтің биологиялық
ерекшеліктері алынған, әлеуметтік ақиқат болмыста жүзеге асырылған
адамзаттық интеллектіге тән сапа қалыптасады.
Бірақ адам интеллектісі белгілі бір әлеуметтік қатынаста басқарыла
тұрса да, зияткерлік даралыққа терістеуге, жоққа шығаруға болмайды.
Психофизикалық және әлеуметтік басқарудың индивидуалды зияткерлік
айырмашылықтары олардың айқындаушы тетіктеріне толыққанды сәйкес келе
бермейді. Бұған қоса, индивидтердің биопсихологиялық фонының кең спектрі
ең ұтымды нұсқаларын оларды зияткерлік ұйымдастыру кезінде белгіленеді.
Адамзаттық зияткерлікті зерттеу мәселесі педагогикалық-психологиялық
негізге ие болып, оның тарихында адами интеллект мазмұны кӛптеген іргелі
ұғымдармен түсіндірілген болатын.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық еңбектерді талдай
келе, алдымен зерттеуде негізгі тірек ұғымы «зият» түсінігін әр түрлі тұрғыдан
жан-жақты қарастыруды басшылыққа алдық. Ӛзімізге белгілі болғандай,
қазіргі кезде зият деп аталған интеллект ұғымы кӛпмағыналы және ақыл-ой,
пайым, түсінік, жады, ес, зерде сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Интеллект» ұғымы (латын тілінен
«intellectus» - таным, ұғыну), ойлау
қабілеті, рационалды таным деген мағына береді, кӛне грек ұғымындағы
нус
Достарыңызбен бөлісу: