Кәсіпорында тауарлық саясатты жүзеге асыру және жаңа тауар саясаты Тауарлық саясат – бұл тұтынушы үшін тауарды құнды ететін және сол қасиетімен фирманы сәйкес табыспен қамтамасыз ете отырып, қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың сипаттамаларын құрастыру және бәсекелестік басымшылдықты қалыптастыру бойынша стратегиялар мен шаралардың жиынтығын жоспарлау және жүзеге асырумен байланысты маркетингтік қызмет.
Тауарлық саясаттың негізгі мақсаты:
- табысты қамтамасыз ету;
- тауар айналысын ұлғайту;
- фирма жұмыс істейтін нарық үлесін ұлғайту;
- шығындарды азайту;
- имиджді жоғарылату;
- қауіп-қатерді жою.
Жалпы жағдайда тауарлық саясат үш күрделі мәселені қамтиды:
-нарыққа жаңа тауарларды құру және шығару;
-өндірістік бағдарламада бар тауарларды модификациялау;
- сұранысқа ие тауарларды әрі қарай өндіру.
Тауар саясаты дегеніміз – тауар ассортиментiн қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерiн жасау, сапа және бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, өмiрлiк циклiн талдау, тауарлық белгiлердi пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистiк қызмет көрсету бойынша шешiм қабылдауды қажет ететiн фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы.
Тауар стратегиясы – тауар өндiрiсiнiң ресурстық мүмкiндiктерi мен нарықтық конъюнктура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құралы. Фирма өндiретiн тауарлар түрiнiң ұйымдастыру саласына: оның сапасы, қызметі, сыртқы түрi, таңбалануы, буып-түю, орауы және сервисi жатады. Егер өнiм сапасы оны жасайтын материал құрамы, мөлшері, дәмi сияқты физикалық және химиялық құрамдарының қасиеттерiне байланысты болса, оның сыртқы түрiне әр түрлi геометриялық фигуралар жиынтығынан (комбинациясынан) тұратын түрі, түсi, дизайны әсер етедi. Сапа – бұл тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы. Өнім сапасының мынадай негізгі көрсеткіштері бар (9-сурет):
Сурет 9 - Өнім сапасының негізгі көрсеткіштері
Функционалдық сәйкестік. Бұл тауардың өзiндiк базалық функциясын орындай алу қабілеттілігі.
Нормативтік сәйкестiк, яғни, тауардың стандарттар мен нормаларға сәйкес келуi.
Тауардың сенімділігi. Оның берілген мерзімде ақаусыз және сынбай жұмыс iстеуi.
Тауардың ұзақ пайдалану мерзімі. Ол – тауар қызмет ету мерзiмiнiң тиiмдiлiгi.
Сервис – тауардың сатуға дейінгі және сатылғаннан кейінгі қызмет тиімділігi мен жылдамдығы.
Өнiмнiң эстетикалық қасиеттерi: дизайны, түрi, түсi, дәмi және т.б.
Тауар имиджі. Нарықтағы тауырдың оң көзқарасы мен беделі.
Тауар сапасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескіруіне әкеліп соғады. Кейбір жағдайда өндiрушiлер тауарды жасанды түрде ескіртедi. Мысалы, шұлық бұйымдары мен электр лампаларын өндірушілер өз тауарлары тез айналымда болуы үшiн олардың сапасын әдейi төмендетуi мүмкiн.
Тауар сапасы, көбінесе «өнім өзегiне», яғни, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне, дайындалған материалдар құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына, қуаттылығына, өнімділігіне байланысты болады. Өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен байланыстырып түсіндіріледі.
Өнiмнiң сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, түсінің, дизайнының, мөлшері мен буып-түюінің сәттi қисындастыруына байланысты.
Тауар формасының түрі шексіз болуы мүмкін. Оларды пирамида, куб, шар, эллипсоид, төртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар көмегімен қиыстыруға болады. Көзге жайлы және аз іс-қимылмен қамтылатын өнім формасы айтарлықтай тартымды екенін физиологтар растайды. Түс –өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Әлемде 7,5 млн-ға жуық түс және 2800-ге жуық олардың аталуы белгілі.
Ассортимент саясаты тұтынушы талабына сай тиімді ассортиментті тауар құрылымын, бір уақытта ТӨЦ-тің әр кезеңінде болатын өнімнің жаңғыртып, жетілдіруі мен жаңа тауарды шығару проблемасын топшылайды.
Нарықта бір мезгілде болатын, бiрақ жаңашылдық деңгейi бойынша айқындалатын тауар ассортиментінiң оңтайландырылуы фирма пайдалылығы мен жұмысының тұрақтылығын кепiлдейдi.
Кейбір ғалымдар, нарықта бір мезгілде тауардың мынадай топтары болуы керек деп санайды. Олар – негiзгi, қолдаушы, стратегиялық және тактикалық тауарлар.
Негiзгi – кәсіпорынға негізгі пайда әкелетін және өсу кезеңінде болатын тауарлар. Қолдаушы тауарларға – сатудан түскен түсімді тұрақтандыратын және кемелдену кезеңіндегі тауарлар жатады. Стратегиялық тауарлар дегенiмiз – кәсіпорынның болашақтағы табысын қамтамасыз етуге икемделген тауарлар. Тактикалық тауарлар әдетте өсу мен толу кезеңінде болатын және негізгі тауар топтарының сатуын ынталандыруға бейімделген тауарлар. Тауарлардың негізгі тобы нарық айналымындағы барлық тауарлардың 73- 85%-ын құрайды.
Фирманың барлық тауарларының 15–25%-ы – өсу кезеңінде, 50-60%-ы – жетiлу кезеңінде, 30%-ы – құлдырау, ал 5–10%-ы енгізу кезеңінде болса, ассортименттік қатынас оңтайлы болып саналады.Кәсіпорынның тауарлық саясаты мынадай бағытта құрылуы мүмкін (10-сурет):