Кенжин жаксат болатович



бет17/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
кітап кәсіпкерлік общая

Сандық әдістер деп - жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізуді айтады.
Сапалық әдіс- ақпаратты сапалы сипаттау және оныстандартты емес түрде жинау аркылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген.
Зерттеу мақсаттарына сәйкес зерттеудің мынадай түрлері бар:
Барлау (іздеу) зерттеулері- мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын-ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Бұл зерттеулер мәселені нақтылауға, идеялар ұсынуға және білімді көтеруге бағытталган. Мысалы, сату көлемінің төмендігі жарнаманың нашарлығына байланысты деген жорамал бар, бірақ барлау зерттеуінің нәтижесінде басты себеп өткізу жүйесінің олқылығында екендігі анықталды.
Барлау зерттеулерін жүргізудің негізгі жолдары - екінші ретті мәліметтерді қолдану, әдебиеттермен жұмыс істеу, сарапшылардан және фокус-топтардан пікір сұрау алу, таңдалған оқиғаларды талдау. Барлау зерттеулерде анкеталык пікір сұрау колданылмайды, оларды жүргізудің нәтижесінде идеялар мен болжамдар алынады.
Маркетинггік зерттеулердің кең қолданылатын әдістеріне мыналар жатады:
1. Құжаттарды талдау әдісі;
2.Тұтынушылардан пікір сұрау жүргізу әдісі;
3. Сарапшылар бағалауы.
Құжаттарды талдау әдісі: дәстүрлі және бірыңғайландырылған (формализованные) болып екіге бөлінеді.
Дәстүрлі талдау дегеніміз - талданатын материалдың мәнін негіздеу қисыны және құжат мазмұнын түсіндіру. Мұндай талдаудың басты кемшілігі - субьективтілігі (өз пікрінде болу, басқаның пікірімен есептесу) болып табылады.
Бірыңғайландырылған талдауда (контент-талдау) нақты және сандық өлшенетін параметрлер колданылады.
Пікір сұрау әдістерінің барлық жиынтығын әлеуметтік әдістер деп атауға болады, өйткені оларды ең бірінші әлеуметтанушылар пайдаланады. Пікір сұрау әдістерінің мынадай түрлері бар:
Сауалнамалар (анкеталар) тарату жолымен пікір сұрау. Пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу (сұхбат) - пікір сұрау жүргізудің ең әмбебап әдісі. Қажет болса, зерттеуші сауалнамадағы (анкетадағы) сұрақтардан да басқа сауалдар қойьш, зерттеу нәтижелерін толықтыруы мүмкін. Бұл тәсіл - мұқият дайындықты, әңгіме өткізуді жоспарлауды және білікті мамандардың қатысуын талап ететін қымбат әдіс. Пікір сұрау жүргізудің мынадай әдістерін атап өтуге болады:
Жеке сұхбат - бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Ол сұрақтарына, сұрақ санына және уақытына байланысты бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда кеткен уақыт үшін сұхбат беруі тиіс шағын сыйлық, не ақшалай өтемақы беріледі. Жеке сұхбат - мәлімет жинаудың ең қымбат әдісі.
Тоттық сұхбат 5-10 адаммен бірнеше сағат ішінде жүргізіледі. Әңгімені жүргізуші жоғары білікті, объективті болуы, тақырыпты білуі және тауар мен тұтынушылардың мінез-құлқын, ерекшеліктерін ұғынуы қажет.
Ірі дүкендерге келушілерден сұхбат (интервью) алу. Алғашқымен салыстырғанда арзан.
Кеңселерде өткізілетін сұхбат. Әдетте мұндай сұхбат өндірістік-техникалык мақсатқа арналған өнім жөніндегі ақпаратты жинау кезінде пайдаланады. Мұндай әдістің білікті мамандар жүргізуіне байланысты бағасы жоғары болады.
Телефондық сауалдама ақпарат жинаудын ең жылдамәдісі болып табылады. Артыкшылықтары: көп респонденттерді қамтиды, салыстырмалы түрде бағасы төмен болады.
Кемшіліктері -тек телефоны барлардан пікір сұрау алынадыжәне ресми сипаттағы қысқа әңгіме өткізіледі, жауап алу және оның сапасын тексеру қиынға соғады.
Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпарат жинау -ең жаңа әдіс. Артықшылыгы: ақпаратты жинау жылдамдығы, шығындарының төмендігі. Кемшіліктері: жауап берушіні білмеу, көзбе-көз көрмеу.
Ақпарат жинақтау үшін зерттеулер жүргізген кезде әдістердің екі негізгі топтарын қолданады: бөлмелік зерттеулер әдістері және өрістік зерттеулер әдістері, сонымен қатар аралас әдістер.
Бөлмелік зерттеулер әдістері алғашқы емес қайнар көзден (тұтынушы немесе сатып алушы) алынған берілген зерттеудің мақсатымен тура байланысқан есептерді шешуге дайындалған екінші ретті ақпаратты жинақтауды көздейді.
Бөлмеден тыс (өрістік) зерттеулер әдістері тұтынушы мен сатып алушыдан алынған немесе басқа зерттелінетін субъектіден алынған алғашқы ақпаратты жинақтауды көздейді. Бұл әдістер сұрау, бақылау, тәжірибе жүргізу және имитацияға бөлінеді.
Зерттеулердің аралас әдістері маркетологтармен әзірленген ұсыныстар мен стратегиялық бағыттары дұрыс па деген сұраққа жауап беруге тағайындалған. Олар өзіне бөлмелік те, өрістік те зерттеулерді қосады (тұтынушылардың ақпараттық панельдерінің есептері, сараптаушылық бағалау әдісі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет