Кенжин жаксат болатович



бет14/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Әлеуетті тәуекелдер. Бұл бөлім ерекше маңызды, себебі тәуекел факторы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық іс-қызметіне үлкен әсерін тигізеді. Бұл бөлімде жобаны жүзеге асыруға қиындық туғызатын барлық мүмкін мәселелер баяндалуы тиіс, ескертуші шаралар кешені, қолайсыз оқиғалар туындаған жағдайдағы мінез-құлық сценарийлері анықталуы керек.
Қаржылық жоспар. Қаржылық жоспардың мақсаты ұсынылатын бизнестің тиімділігін анықтаудан тұрады, кірістер мен шығыстар балансы, ақшалай түсімдер мен шығындар жоспары, жыл соңындағы баланстық жоспар, қаражат көздері мен оларды пайдалану жоспары және т.б.
Қосымшалар. Бизнес жоспарды әзірлеу кезінде пайдаланылған құжаттар.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе бизнес жоспарды әзірлеу өз кәсіпорыныңды нақты бағалауға, оның күшті және әлсіз жақтарын айқындауға, кәсіпорын іс-қызметін жүзеге асыру үшін не қажет екенін анықтауға, болашақ мүмкіндіктерді бағалауға, мүмкін болатын қиындықтарды көре білуге, олардың үлкен мәселеге айналуына жол бермеуге, қиындықтардың себептерін зерттеуге, яғни оларды жою жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық мәселелерді білікті шешу – кәсіпкер үшін ең жауапты мәселелердің бірі. Кәсіпкер іс-қызметінің пайдалылығы, істің табыстылығы осыған байланысты болады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын өзінің іс-қызметін нақты және тиімді жоспарламаса, мақсатты нарықтардың жай-күйі туралы ақпаратты үнемі жинамаса және талдамаса тұрақты табысқа жете алмайды.
Осылайша, бизнес жоспар кәсіпорынның ішкі құжаты болып қана табылмайды, сонымен қатар инвесторларды тарту үшін де пайдаланылуы мүмкін. Капиталын тәуекелге салмас бұрын инвесторлар жобаның мұқият әзірлегеніне сенімді және оның тиімділігі туралы хабардар болуы тиіс.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Фирма іс-қызметін жоспарлау нысандарын атаңыз.

  2. Бизнес жоспарды әзірлеудің мақсаты?

  3. Бизнес жоспарды дайындаған кезде қандай ұсыныстарды есепке алу қажет?

  4. Бизнес жоспар құрылымын атап беріңіз және әрбір бөлімге сипаттама беріңіз.

  5. Бизнес жоспар үшін қандай көрсеткіштер міндетті болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет