Кенжин жаксат болатович


Сурет 12 - Қаржылық ресурстардың құрамы



бет30/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
кітап кәсіпкерлік общая

Сурет 12 - Қаржылық ресурстардың құрамы

Меншікті қаражаттар есебінен қаржыландырудың артықшылықтары:



  • кәсіпорын пайдасынан толықтырғандықтан оның қаржылық тұрақтылығы жоғарылайды;

  • меншікті қаражаттарды қалыптастыру және пайдалану тұрақты жүзеге асады;

  • сырттан қаржыландыру бойынша шығындар барынша төмендетіледі;

  • қосымша шығындарды жабу көздері алдын ала белгілі болатындықтан кәсіпорынды дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісі жеңілдейді.

Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыру деңгейі оның тек ішкі мүмкіндіктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар сыртқы ортаға да байланысты (мемлекеттің салық, амортизациялық, бюджеттік, кедендік және ақша-несие саясаттарына).
Атап өткеніміздей кәсіпкерлік ұйымдардың іс-қызметін қаржыландырудың негізгі ішкі көздері болып пайда мен амортизациялық аударымдар табылады. Кәсіпорын пайдасы оның өндірістік қызметінің түпкі нәтижесінде қалыптасады. Бәсекелестік жағдайында еңбек ұжымы пайданың өсуіне мүдделі, себебі пайда өндірістің өсу көзі және сәйкесінше кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік жағдайының өсу көзі болып табылады. Ол жинақтау және тұтыну қорын, резервтік қорды қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Амортизациялық аударымдар негізгі өндірістік қорлар мен материалдық емес активтердің тозу құнының ақшалай көрінісін білдіреді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық ресурстардың сыртқы көздері үлкен маңызға ие. Олардың ішінде салыстырмалы жаңа түрлері пайда болады, оларды қалыптастыру құрылымы өзгереді.
Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржылық-несиелік ұйымдардың, қаржылық емес компаниялар мен азаматтардың қаражаттарын пайдалануды қарастырады. Сонымен қатар ол кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай ресурстарын пайдалануды білдіреді.
Нарықтық экономика жағдайында қарыз қаражаттарын пайдаланбай фирманың өндірістік-шаруашылық қызметін жүргізу мүмкін емес. Оларға банктердің несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыз қаражаттары; ұйымның акциялары мен облигацияларын сатудан түскен қаражаттар; қайтармалы негіздегі бюджеттік қаражат бөлу және т.б. жатады.
Қаржыларды басқарудың заманауи әдістерін пайдаланбай кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі мүмкін емес. Кәсіпкерліктің тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттарының бірі болып фирмаішілік қаржылық жоспарлау мен бақылауды жетілдіру табылады.
Қаржылық жоспар – бұл ағымдағы (бір жылға дейін) және ұзақ уақыт мерзіміне (бір жылдан астам) ақшалай қаражаттардың түсімі мен шығысын бейнелейтін жалпыланған жоспарлы құжат. Бұл жоспар болашақ ақша ағымдарының сапалы болжамын алу үшін қажет.
Қаржылық жоспар өнім өндірісі бойынша, материалдық ресурстарды сатып алу бойынша, маркетинг, инвестициялар, ғылыми зерттеулер бойынша және т.б. жоспарлармен өзара байланысты.
Жоспарлау қағидалары кәсіпорынның жоспарлы қызметінің сипаты мен мазмұнын анықтайды және келесілер жатады:

  1. Жүйелі жоспарлау қағидасы;

  2. Жекелеген бөлімшелердің жоспарларын үйлестіру қағидасы;

  3. Қатысу қағидасы;

  4. Үздіксіздік қағидасы;

  5. Икемділік қағидасы;

  6. Дәлдік қағидасы.

Осы жалпы ережелерден қаржылық жоспарлау қағидаларын нақтылаған жөн:

  1. Мерзімдердің қаржылық қатынас қағидасы;

  2. Төлем қабілеттілігі қағидасы;

  3. Капитал салымдарының рентабельділігі қағидасы;

  4. Тәуекелдердің теңгерімділік қағидасы;

  5. Нарық қажеттіліктеріне бейімделу қағидасы;

  6. Шекті рентабельділік.

Жоспарлау келесілермен сипатталады:

  1. экстенсивтілікпен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең ауқымын қамтиды);

  2. интенсивтілікпен (жетілген техниканы қолдануды білдіреді);

  3. тиімділікпен (қорытындысында қаржылық басқарма қойып отырған мақсаттарға қол жеткізу қажеттігін білдіреді).

Қаржылық жоспарлауда келесі тәсілдер пайдаланылады:

  • автоматты түрде (өткен жылдың мәліметтері келесі жылға ауысады. Егер инфляция болса, онда мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады, және әдетте, уақыт жетпеген кезде пайдаланылады;

  • статистикалық (өткен жылдардың шығындары қосылады және өткен жылдар санына бөлінеді);

  • нөлдік база (барлық позициялар жаңадан есептелуі тиіс. Бұл әдіс нақты қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктермен байланыстырады).

Қазақстанда өндіріс қаражаттары нарығының, капиталдар мен еңбек нарығының қалыптасуымен, аралас экономика мен нарықтық баға белгілеудің құрылуымен кәсіпорында қаржыларды басқару механизмі түбегейлі өзгереді.
Нарықтық экономикаға тән әдістерді есепке ала отырып қаржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру қаржылық менеджмент аясында жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджмент ағымдағы және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында кәсіпорынның шаруашылық қызметі үдерісінде пайда болатын ақша ағымдарының қозғалысын тиімді басқару жүйесін білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол жоғары табысқа жету үшін кәсіпорынның қаржылық құралдарын оңтайландырумен байланысты. Басқарудың кез келген жүйесі сияқты қаржылық менеджмент те екі шағын жүйеден тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі). Басқару субъектілеріне кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық менеджер жатады, ал басқару объектілеріне қаржылық ресурстардың көздері, қаржылық ресурстар және қаржылық қатынастар жатады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыларды басқару үдерісінде кез келген шаруашылық субъект қаржылық нарықтарда әр түрлі рольдер ойнайды: инвестор мен бағалы қағаздар эмитенті ролін, қарыз алушы мен кредитор ролін. Осы кезде қалыптасатын барлық байланыстарға түрлі қаржылық құралдардың (акциялар, облигациялар, фьючерстер және т.с.с.) көмегімен қызмет көрсетіледі. Басқару объектісіне ықпал ету көптеген әдістер мен тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл әдістер жалпыэкономикалық сипатқа ие, оларға салық салу, несиелеу, амортизациялық аударымдар, кассалық және есептік операциялар, сақтандыру және басқалары жатады. Соңғы жылдары отандық тәжірибеде қаржыларды басқарудың арнайы тәсілдері кеңінен пайдаланылуда: факторинг, франчайзинг, селенг және т.б.
Қазіргі заманғы қаржылық менеджменттің қызмет етуін электронды-есептеуіш машиналардың, персоналды компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерінің жүйесін қолданбай елестету мүмкін емес. Басқару субъектісі болып пайданы ұтымды пайдалану арқылы кәсіпорынның ликвидтігі мен төлем қабілеттілігін жоғарылату мақсатында қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын әзірлейтін және жүзеге асыратын қаржылық қызмет табылады. Қаржылық қызметтің нақты құрылымы көбінесе кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына, оның көлеміне, іс-қызмет түріне және компания басшылығымен қойылған міндеттерге байланысты болады. Ірі кәсіпорындарда қаржыларды басқару үшін қаржылық дирекция түріндегі оқшауланған арнайы қызмет құрылады, және әдетте оның құрамына бухгалтерия мен қаржылық бөлім кіреді. Бұл қызмет қаржы бойынша вице-президентке (қаржылық директорға) бағынады. Қаржылық дирекция мен оның бөлімшелерінің алдында тұрған міндеттер кәсіпорынның барлық іс-қызмет сфераларын қамтиды.
Қазіргі кезде кәсіпорындар үшін лизингтік операциялар едәуір қызығушылық тудыруда. Лизинг негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалған қаржылық шығындардың тиімді нысаны болып табылады. Лизингтік қызмет — бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет. Лизинг – лизинг шартын жүзеге асырумен, соның ішінде лизинг пәнін сатып алумен байланысты пайда болатын экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы.
Лизинг заты кез келген күнделікті тұтынылмайтын заттар болып табылады, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, құрылғылар, ғимараттар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын басқа да жылжымалы мүліктер бар. Жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілер, сонымен қатар еркін айналым үшін қазақстандық заңнамалармен тыйым салынған немесе ерекше айналым тәртібі белгіленген мүлік лизинг заты бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет