Кенжин жаксат болатович



бет32/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
кітап кәсіпкерлік общая

Факторинг деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын өтеуді өз мойнына алатып (кәсіпкер тауарды алып, оның құнын төлей алмаған жағдайда) немесе кәсіпкерден төлем туралы қандай да бір серіктеске деген талабын сатып алатын (кәсіпкер тауар тасымалын жүзеге асырып, бірақ та сатып алушы төлемді создыруды пайдаланса) өзара қатынастар жүйесін айтады.
Фактор-кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер әрекет етеді (көптеген банктер қазіргі таңда банктік топтарға айналуда; олар тек қаржылық қызмет көрсетумен айналысып қоймайды, сонымен қатар өз құрылымында факторингтік, лизингтік, инжинирингтік, консалтингтік кеңселерді қалыптастыра отырып, клиенттерге кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асырады).
Факторинг – бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізу, көліктік, сақтандыру, несиелік және заңдық қызмет көрсетуді қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесінің элементтерінің бірі болып табылады.
Факторингтік операциялардың бірнеше негізгі түрлерін бөліп көрсетеді.

  1. Ішкі факторинг;

  2. Халықаралық факторинг. Оның өзі екіге бөлінеді: тікелей және жанама факторинг. Тікелей факторинг тікелей импортты және тікелей экспортты болып бөлінеді;

  3. Ашық факторинг;

  4. Жасырын (тыныш) факторинг;

  5. Регреске құқығы бар, регреске құқығы жоқ;

  6. Алдын ала төлем түрінде, белгілі бір нақты келісілген күнге талаптарды төлеу.

Көріп отырғанымыздай факторингтік операциялар ішкі және халықаралық болуы мүмкін. Егер фирма-жабдықтаушы мен оның клиенті, яғни сату-сатып алу шартының тараптары, сонымен қатар факторингтік компания бір елдің территориясында орналасқан болса – бұл ішкі факторинг. Егер факторингтік келісімнің қатысушылары әр түрлі елдің территориясында орналасса – бұл халықаралық факторинг. Халықаралық факторингтік келісімде тікелей және жанама факторингті бөледі. Тікелей факторингтің ерекшелігі жабдықтаушы-экспорттаушының алдында міндеттерді атқаратын тек бір фактордың болуы, сонымен қатар факторингтік компанияның өзі импорттаушыға жеткізілген тауардың төлемі туралы талап қояды. Тікелей факторинг келесідей болып бөлінеді:

  • тікелей импортты факторинг;

  • тікелей экспортты факторинг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет