Кенжин жаксат болатович


Тікелей импортты факторингте



бет33/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
кітап кәсіпкерлік общая

Тікелей импортты факторингте фирма-жабдықтаушы талап ету құқығын импорттаушы елінде орналасқан фактор-компанияға береді. Факторингтің бұл түрі экспорт бір немесе екі елге жіберілген кезде қолданылады. Егер де экспорттаушы тауарды көп елдерге жіберсе, онда басқа елдердің факторингтік компанияларымен бірнеше тікелей келісім-шарттар жасасқаннан гөрі, өз елінің факторингтік компаниясымен бір келісім-шарт жасағаны ыңғайлы. Тікелей импортты факторинг талаптарды қайта ұсынуы үшін жедел қаржылаңдыруды талап етпейтін фирмалармен қолданылуы мүмкін.
Тікелей экспортты факторинг жеткізуші өзі орналасқан елдегі факторингтік компанияға талап ету құқығын беруді білдіреді.
Жанама факторинг жабдықтаушы-экспорттаушының елінде орналасқан факторингтік компанияға борышкер-импорттаушы елінде орналасқан факторингтік компаниямен субфакторинг келісім-шартын жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде борышкер өзінің қызмет етіп отырған еліндегі фактор-компанияға қарыз сомасын төлейді, ал ол өз кезегінде жеткізуші елінде орналасқан факторингтік компанияға төлейді. Бірақ, субфакторинг келісім-шарты мұндай борышты өтеуге факторинг келісім-шартымен тыйым салынбаған жағдайда жасалады.
Ашық және жасырын факторингтік операцияларын бөледі. Ашық факторинг - факторингтік компания сатып алу туралы талабын борышкерге ескерткен жағдайда туындайды. Жасырын (тыныш) факторинг факторингтік компаниямен келісім-шартты клиент өзінің сатып алушыларына ескертпестен жасаған кезде орын алады. Ашық факторинг кезінде төлемді факторингтік компания тікелей жүргізеді, ал тыныш факторингте – факторингтік компанияның қатысуы туралы сатып алушы білмейтіндіктен төлем фирма-жабдықтаушыға төленеді.
Ашық факторингтің бір түрі болып жартылай ашық факторинг табылады. Бұл жағдайда факторингтік келісім-шарттың жасалғаны туралы жабдықтаушы борышкерге ескертпейді, бірақ оған есеп-шотты ұсынған кезде фактор-компаниямен жасалған келісім-шартты да, төлем жіберілуі тиіс оның шотын да көрсетуге міндетті.
Сонымен қатар, факторингтік келісім регреске құқығы бар және регреске құқығы жоқ деп бөлінеді. Регреске құқығы бар факторинг сатып алушы өзінің міндеттемелерін орындаудан бас тартқан кезде төленген соманы фирма-жабдықтаушыға кері қайтару мүмкіндігін қарастырады, яғни бұл жағдайда фирма-жабдықтаушы несиелік тәуекелге барады. Егер де регреске құқығы жоқ факторингтік келісім жасалған болса, онда бұл жағдайда факторингтік компанияға ақшалай талаптарды сатумен қатар несиелік тәуекел де беріледі.
Факторингтік келісімдер алдын ала төлем түрінде немесе белгілі бір нақты келісілген күнге талаптарды төлеу түрінде жабдықтаушыны несиелендіру туралы шартпен жасалуы мүмкін. Алдын ала төлем туралы келісім жасаған жағдайда жеткізуші-кәсіпорынмен қайта табыстау бойынша талаптарының 80% аванс ретінде төленеді. Ал қалған бөлігі сатып алушыдан қаражат түскеннен кейін факторингтік компания арқылы төленеді. Белгілі бір нақты мерзімге талаптарды төлеу барысында қайта талап етілген қарыз талаптарының сомасы (шығындарды шегергенде) нақгы бір мерзімге немесе белгілі бір уақьгг өткеннен кейін жеткізуші- кәсіпорынға аударылады.
Факторингтік қызмет көрсету туралы келісім фирма-жабдықтаушы мен факторингтік компания арасында әдетте бір жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге жасалады және оның әрекет етуі келесі себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін:

  • тараптардың өзара келісімі;

  • факторингтік компанияның қалауы;

  • жабдықтаушының қалауы;

  • жабдықтаушының төлем қабілетсіздігі.

Алғашқы екі жағдайда жабдықтаушы қандай да бір басқа қаражат көзін табуы және фактор-компанияның қайта табыстау талаптарын сатып алуы тиіс. Факторингтік компания өз кезегінде сатып алушыларға, осы уақыттан бастап барлық төлемдер жеткізушілер пайдасы үшін жүргізілетіндігін мәлімдейді.
Факторингтік келісімде әр тараптың құқықтары мен міндеттері; жабдықтаушыға несие беру рәсімдері; қарыз талаптарын қайта табыстау мен оларды инкассалау; өзара талаптарды жүзеге асыру тәртібі; несиелік тәуекелдерді сақтандыру жүзеге асырылатын лимиттер сомасы қарастырылуы керек. Келісім-шартта сонымен қатар жабдықтаушыдан алынатын төлем анықталуы тиіс. Халықаралық тәжірибеде факторингтік фирманың табыс алуының екі әдісі қолданылады: дисконт түрінде және көрсетілген қызметтер үшін сыйақы түрінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет