лизинг беруші - лизинг мәмлесін жүзеге асыру барысында тартылған немесе өз қаражаттары есебінен мүлкі иеленіп оны лизинг заты ретінде лизинг алушыға белгілі бір ақы үшін, белгілі бір шарттар мен мерзімге уақытша пайдалануға беретін немесе лизинг алушыға өту немесе өтпеу арқылы лизинг затына деген меншік құқығын беретін заңды немесе жеке тұлға;
лизинг алушы - лизинг келісімшартына сәйкес лизинг затын белгілі бір ақы үшін, белгілі бір мерзім аралығы мен белгілі бір шарттар бойынша уақытша пайдалануға және лизинг келісімшартына сәйкес пайдалану үшін қабылдауға міндетті болатын жеке немесе заңды тұлға;
лизинг мулкін сатушы (жабдықтаушы) — лизинг берушімен жасалған сату-сатьш алу келісімшартына сәйкес, белгілі бір мерзімде лизинг заты больш табылатын, онымен өндірілетін (сатып алынатын) мүлікті лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы, сату-сатып алу келісімшартының шарттарына сәйкес, лизинг затын, лизинг алушыға немесе лизинг ұсынушыға беруге міндетті. Сатушы бір мезгілде бір лизингтік құқықтық қарым-қатынас шегінде лизинг алушы ретінде шығуы мүмкін. Қазақстан Республикасының резиденттері де, резиденттері еместер де лизинг субъектілері бола алады.
Жүзеге асыру мерзімі бойынша лизингтің келесі түрлерін бөледі:
ұзақ мерзімді лизинг – үш немесе одан да ұзақ мерзімде жүзеге асырылатын лизинг;
орта мерзімді лизинг – 1,5 жыл мен 3 жыл аралығында жүзеге асырылатын лизинг;
қысқа мерзімді лизинг – 1,5 жылдан аз мерзімде жүзеге асырылатын лизинг.
Лизингті ұзақ мерзімді несиелеу нысаны ретінде қарастыруға болады. Лизингтік компания лизинг алушының тапсырысы бойынша өз қаражаттары есебінен негізгі құралдардың құнын толығымен төлейтіндіктен, сатып алу затына деген меншік құқығы соған ауысады.
Лизинг беруші мен лизинг алушының өзара қарым-қатынасы қабылдау мерзіміне байланыссыз жазбаша түрде қабылданатын лизинг шартымен анықталады. Лизинг шарты келесі ережелерді қамтуы тиіс:
лизинг затының нақты сипаттамасы;
лизинг берушінің лизинг келісім-шартында қарастырылған басқа да шығындарын.
Осылайша, лизингтің тартымдылығы келесіден көрінеді, қондырғыны банктер меншікті қаражаттары есебінен сатып алғандықтан кәсіпорын оны иелену үшін меншікті қаржылық ресурстарын шығындамайды. Банктер табысты арендалық ақы түрінде алады, ал ол қондырғыны сатып алу үшін төленген сомадан артық болады. Қаржылық лизинг (ұзақтығы 5 жылдан 10 жылға дейін) кәсіпорынды ұзақ мерзімді несиелеу нысанын білдіреді.