Іскерлік және кәсіби этика Этика туралы түсінік алғаш рет Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ол этиканы адамға не істеу керектігін тануға, не істеуге болатындығы анықтауға және неден бас тарту қажеттігін сезінуге көмектесетін ұғым ретінде түсіндіреді. Біз үшін этика-ең алдымен білім саласы, адам қатынастарын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік беретін ерекше ғылым.
Этика идеал және іс-әрекет ретінде бөліп қарастырады. Бұл жерде этиканың екі түрі де біздің қызғушылығымызды туғызғанымен, әсіресе кәсіби этика немесе кәсіпкерлік этика арасындағы мәселелерге көңіл болеміз.
Кәсіпкерлік-бұл мамандық, бейімділік, тіпті туа біткен бейімділік, бірақ бұл ойдың ерекше бейнесі, мінез-құлық стилі. Кәсіпкерлік-бұл мәдениет. Мәдениетті адам кәсіпкер болуға міндетті емес, бірақ кәсіпкер мәдениетті адам болуға міндетті.
Кәсіпкерлік этика елде, әлемде сондай-ақ қандай да бір қызмет аясында қалыптасқан кәсіби этикада байқалатын мінез-құлықтың жалпы этикалық нормалар мен ережелеріне негізделеді. Азаматтардың мінез-құлқының жалпы этикалық нормаларына байланысты, кәсіпкерлік этика адалдық, абырой, ар-ождан, бедел, ізеттілік, сыпайылық, құрмет, адалдық, өз-өзіне сүйіспеншілік, екіжүзділік, зұлымдық, кек, жамандық, дөрекілік және т. б. сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Көріп отырғанымыздай, бір түсініктер адам мінез-құлқының оң (позитивті) қағидаттарымен, ал басқалары-теріс (негатив) қағидаттарымен байланысты.
Жекелеген кәсіпкерлердің мінез-құлқының ерекше сипаттарын тізбектеу кәсіпкерлік этиканың кешенді түсінігін сипаттайды.Ол заңсыз бизнеске емес,заңды кәсіпкерліктің жалпы қағидаларына негізделген.
Этика мәселелерін қозғай отырып , кәсіпкердің этикалық кодексі ретінде анықтауға болатын кәсіби этиканың бірнеше постулаттарын қарастырайық.Олрды келесідей ажыратылады:
жалпы адамзаттық этика (әмбебап);
кәсіби этика;
корпоративтік және басқа этика түрлері.
Әмбебап этика - бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар.
Кәсіби этиканы толығырақ қарастырайық (26,27 сурет).
Кәсіби этика белгілі бір қызмет түрлеріне тән нормаларды, талаптарды, стандарттарды әзірлейді. Кәсіби этиканың негізгі принциптері: