Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі бағыттарын атаңыз. 2. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қатынастар жүйесі қандай? 3. Шешім дайындау кезеңінде кәсіпкердің іс-әрекетінің логикасы (реттілігі) қандай? 4. Кәсіпкерлік идеяларды жинақтау, іріктеу және алдын ала бағалау қалай жүргізіледі? 5. Нарықты қалай бағалайды, іске асырудың ықтимал бағасы мен өндіріс шығындары, кәсіпкерлік идеяны іске асырудың ықтимал әсері? 6. Кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру техникасы қандай? Қалай оларды құжаттамалық ресімдеу керек? 7. Кәсіпкерлік шешім қабылдау технологиясы дегеніміз не? Шешім қабылдаудың қандай әдістері белгілі? 8. Кәсіпкерлік шешімдердің түрлерін сипаттаңыз. Олар өндірістік процестің схемасы мен құрылымымен қалай байланысты? 9. Кәсіпкерлік шешімді негіздеу кезінде тауар бағасын қалыптастыру қалай жүргізіледі?
Тақырып 13. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін талдау және оны бағалау
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау және оның қаржылық жағдайын көтеру Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға және оның қаржылық жағдайын күшейтуге бағытталған шаралар жүйесiнде айналым құралдарын рационалды қолдану сұрақтары маңызды орын алады. Нарықтық қатынастар қалыптасуы шартында айналым құралдарын қолдануды жақсарту проблемасының өзектiлiгi ұлғая түстi. Кәсiпорын қызығушылығы өздерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi нәтижесiнде толық жауапкершiлiктi талап етедi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы айналым құралдарының жағдайына тiкелей тәуелдi болғандақтан және шаруашылық нәтижесiн шығындармен өлшеу, меншiктi құралдармен шығындарды өтеу керек болғандықтан кәсiпорындар айналым құралдарын оңтайлы ұйымдастыруға – олардың қозғалысын мүмкiн болатын минималды сомамен ұйымдастыру арқылы неғұрлым көп болатын экономикалық әсерге қол жеткiзуге қызығушылық бiлдiредi.
Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиiмдiлiгiн арттыру проблемасының жалпы кешенiндегi негiздеме болып табылады.
Айналым құралдарын ұйымдастыру келесiлердi қамтиды:
айналым құралдарының құрылымы мен құрамын айқындау;
айналым құралдарының қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк және оларды тиiмдi қолдану.
Айналым құралдарының құрамы өндiрiстiк айналым қорлары мен айналыс қорларын қалыптастыратын элементтер жиынтығын бiлдiредi, яғни жеке элементтерге бөлудi қарастырады.
Айналым қорларының құрылымы жеке өндiрiстiк айналым қорларының элементтерi мен айналым құралдарының ара-қатынасын бiлдiредi, яғни айналым құралдарының жалпы сомасындағы әр элементтiң үлесiн бiлдiредi.
Өндiрiстiк айналым қорларының басымды бөлiгiне шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, отын және жанармай сияқты еңбек құралдары жатады. Сонымен қатар өдiрiстiк айналым қорларына құны төмен және тез тозатын заттар, құралдар, арнайы құрылғылар, инвентарь, ағымдағы жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, арнайы киiм сияқты еңбек заттары да жатады. Бұл еңбек заттары бiр жылға дейiн қызмет етедi. Айналыстағы құралдар құнының шектеулiгi өзгерiп отырады, олар негiзгi қорлармен жүргiзетiн бағалау мен оларды сатып алу кезеңiне байланысты.
Сонымен бiрге кәсiпорында бұл еңбек заттарының атаулары мыңға жуық болады, соның нәтижесiнде ол тозу есебiн жүргiзудi техникалық жағынан қиындатады. Сондықтан тәжiрибеде оларды негiзгi емес айналым қорларына жатқызады.
Аталған құралдар мен еңбек заттары өндiрiстiк айналым құралдарының тобы өндiрiстiк запастарды құрайды. Олармен қоса өндiрiстiк айналым қорларына аяқталмаған өндiрiс пен болашақ кезең шығындары кiредi.
Өндiрiстiк айналым қорларын аванстайтын құралдардың негiзгi мiндетi өндiрiстiң үздiксiздiгiн және ырғақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өнiрiстiк айналым қорларынан басқа кәсiпорындарда айналыс қорлары болады. Оларға қоймадағы дайын өнiм, тиелген тауарлар, кәсiпорын кассасындағы және банк счеттерiндегi ақша-қаражаттары, дебиторлық қарыздар, басқа счеттегi қаражаттар жатады. Айналыс қорларының негiзгi мiндетi айналыс үрдiсiн ресурстармен қамту болып табылады. Айналым құралдарының құрылымы мен құрамы экономиканың әртүрлi саласында бiрдей емес. Олар өндiрiстiк, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртiп факторларымен анықталады. Мысалы машина жасау саласында өндiрiстiк цикл ұзақ болғандықтан аяқталмаған өндiрiс үлесi жоғары. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында басты орынды шикiзат пен материалдар алады (мысалы тоқыма өнеркәсiбi). Сонымен қатар тамақ өнеркәсiбiнде (мысалы сүт, май өндiретiн кәсiпорындар) көмекшi материалдар запасы жоғары.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:
1. Айналымдағы құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
-кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылуы;
-материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы;
-айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті.
2. Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
-мүліктің нақты бағасының коэффициенті;
-тұрақты актив коэффициенті (индекс);
-тозуды жинақтау коэффициенті;
-ұзақ мерзімді қарызды қаржыларды қатыстыру коэффициенті.
3. Кәсіпорынның жалпы қаржылау тұрақтылық дәрежесін көрсететін көрсеткіштер:
- автономия коэффициенті;
- қарызды және өзіндік қаржылардың қатынас коэффициенті.
Кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылу коэффициенті (Кс) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзіндік айналымдағы қаржылардың болуы. Кәсіпорындағы бар айналымдағы қаржыларды олардың нақты бағасына өндірістік қорлар мен шығындар, ақшалай қаржылар, дебиторлық бережақьар және басқалай айналымдағы активтер түрінде шаққанда анықталады.
Материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы (Ко) бірінші коэффициентің кездейсоқ жағдайы ретінде қарастырады. Жеке айналымдағы құралдар сомасының материалдық қорлар көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Мұнда жеке көздер арқылы кәсіпорынның материалдық қорлары қаншалықты жабылатынын көрсетеді.
Айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті (Км) жеке айналым құралдар сомасын кәсіпорынның жеке қаржылар көздер сомасына бөлу арқылы есептеледі.