Кератопластиктер$$ |
жүктеу/скачать 312,85 Kb.
|
$$$005- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң жағындағы 4 күн бойы ауырсынуға шағымданады, нашар тамақтанады. Қараудан кейін кп= 7, 6.5 тісте – медиальды-шайнау бетінде тісжегі қуысы, тіс қуысы ашық, зондтау ауырсынусыз, перкуссия ауырсынусыз, тіс түсі өзгерген, түбір каналында грануляция, шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада 6.5 периодонтында және 2.4 фолликуласының кортикальды пластинкасында деструктивті өзгерістер. Емдеу әдісін таңдаңыз: А) консервативті – тіс қуысын ашумен бір келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау В) консервативті –тіс қуысын ашумен екі келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау С) консервативті –тіс қуысын ашумен үш келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау D) хирургиялық –тісті жұлу Е) консервативті – тіс қуысын ашумен бір келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды фосфат-цементпен пломбылау {Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілігі}= 3 $$$006- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері - 9 жастағы балада төменгі жақ тісінде тістегенде күшейе түсетін қақсап ауырсынулар. Тісті 2 апта бұрын емдеді, күшәлә пастасын салған, қабылдауға уақытында келмеді. Объективті тексеруде: 4.6 шайнау бетінде тісжегілі қуыс, тіс қуысымен байланыспайды. Зондтау және перкуссия өткір ауырсынады. 4.6 аймағындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Жұмсарған дентин мен пломбалық материалдың қалдықтарын алғаннан кейін қансыраған ұлпа жалаңаштанды. Диагноз қойыңыз: А) жедел медикаментозды периодонтит В) созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы С) созылмалы гранулирлеуші пульпиттің асқынуы D) жедел жарақаттық периодонтит Е) жедел инфекциялық периодонтит {Дұрыс жауабы }=А {Күрделілік}= 2 $$$007- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері Бала 8 жаста 2 тәулік бойы жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте тістегенде күшейе түсетін өткір ауырсынуға шағымданады. Объективті: 1.6 тістің апроксимальды-дистальды бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы, термиялық тітіркендіргіштерге жауап, зондтау ауырсынусыз, перкуссия жедел ауырсынады, тіс түсі өзгермеген, қозғалғыш, 1.6 тіс маңындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада –периодонтта өзгерістер жоқ. Болжам диагноз қойыңыз және емдеу тактикасы қандай: А) Жедел іріңді периодонтит -апексофикация әдісі В) Созылмалы периодонтиттің асқынуы-тіс экстракциясы С) Жедел іріңді пульпит - апексогенез әдісі D) Жедел серозды периодонтит - апексофикация әдісі Е) Жедел серозды пульпит - ұлпа ампутациясы {Дұрыс жауабы }=А {Күрделілік }= 3 $$$001Гингивит Қыз бала 13 жаста ауырсынуға, қызылиегінің қанағыштығына шағымданып келді. Екі күн бұрын ауырып қалған. Объективті: бала бозғылт, дене температурасы 38,5 С. Жақасты лимфа түйіндері сол жағынан ұлғайған және ауырсынады, астында жатқан тіндермен байланыспаған. 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7 тістердің аймағындағы қызылиек емізікшелері мен қызылиектің жиектік бөліктері гиперемияланған, жараланған, некротикалық қақпен жабылған. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз: А) Жаралы-некротикалық гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар В) Жедел катаральды гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, кератопластикалық заттар С) Созылмалы гипертрофиялық гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар D) Созылмалы катаральды гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, кератопластикалық заттар Е) Созылмалы гингивиттің асқынуы. . Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар { Дұрыс жауабы }=А { Күрделілік }= 3 жүктеу/скачать 312,85 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |