Электр тоғының тығыздығы- электр тогының векторлық сипаттамасы, деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін токты айтады: , ал өлшем бірлігі – А/м2.
Металдарда электр тоғын тасымалдаушылар – электрондар, электролиттерде – оң және теріс иондар, газдарда – оң иондар мен электрондар және жартылай өткізгіштерде – электрондар мен кемтіктер болып табылады.
Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.
Тізбек бөлігіндегі Ом заңы - тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал. Бұны мынандай формула арқылы келтіруге болады: U = I * R, Мұндағы U - электр кернеу, I - тоқ күші, ал R - кедергі.
Тұйықталған тізбек үшін - тұйық контурдағы ток күші ток көзінің ЭҚК-інің тізбектің жалпы кедергісіне қатынасына тең. I= E/R+r,мұндағы r- тоқ көзінің ішкі кедергісі, R- сыртқы тізбегінің кедергісі, E- электр қозғаушы күштер
Дифференциалдық түрдегі Ом заңы- токтың тығыздығы өткізгіштің шексіз шағын қимасы үшін қарқындылық пен өткізгіштікке тура пропорционал.
j=yE, мұндағы j– тоқтың тығыздығы, y- тоқтың өткізгіштігі.
Ток көздері - энергияның кез келген түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыларды атайды. Ток көздеріне гальвани элементтері, аккумуляторлар, күн батареялары, термобатареялар және т.б. жатады. Гальвани элементтерінде химиялық энергия электр энергиясына, күн батареясындағы сәулелік энергия электр энергиясына түрленеді.
Бөгде күштер - ток көзінің ішінде электр өрісіне қарсы зарядтарды қозғалысқа келтіретін, электр өрісінің күшіне қарсы бағытталған, табиғаты жағынан электрлік емес күштер. Бөгде күштердің бірлік оң зарядты (ток көзінің теріс полюсінен оң полюсіне) орын ауыстырғанда атқаратын жұмысын электр қозғаушы күш (ЭҚК) деп атайды және Вольтпен өлшенеді:
,
Қуат – уақыт бірлігі ішіндегі энергияның өзгеру жылдамдығын сипаттайтын шама. Қуаттың өлшем бірлігі – Джоуль/с [Дж/с] немесе Ватт [Вт]. Қуат жұмыстың атқарылу шапшаңдығына тең болады:
.
Достарыңызбен бөлісу: |