Керекті құрал-жабдықтар



бет11/12
Дата29.04.2022
өлшемі86,03 Kb.
#32878
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Баумен кестелеу

Баумен кестелеу



Киімді әшекейлеу үшін пайдаланылады. Жіптерден (жүн, жылтырақ жіп қосылған жартылай жүн), ширатлыған баумен немесе дайын баулармен тігіледі. Баудың жуандығы мен түрі кесте тігілетін бұйымның қандай екендігіне байланысты. Бір киер киімге тігілетін бау жіңішке, жылтылдақ болуы керек. Мұндай жағдайда майда өрнектерді таңдаған жөн. Оған маржан салып тігіп, өрнекті толықтыра түсуге де болады Спорт киімдері үшін бауды жуандау етіп, бедерлеп тігеді. Түсірілген өрнек түрі де ірі геометриялық бейне және эмблема болуы керек. Теріден, замштан аппликация жасап, толықтыруға болады. Ширатылған баудың нұсқасы суреттің үстіне салынып, астынан білдірмей тігіледі немесе суретте көрсетілгендей етіп бекітіледі.

Ришелье

Ришелье


Ришелье - ойма кесте. Өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай ортасын кереге көздеп, шалу арқылы түрлі өрнек салады. Көрпенің, жастықтың тыстарын, салфеткаларды, бет орамалдарды, киімді өрнектеуге қолданылады. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен бір рет немесе бірнеше рет жүргізеді. Мұнымен бір мезгілде өрнектердің арасынан брид жасалынады.

  • Оларды 3 түрлі тәсілмен жасауға болады:

    • орау, ілмек, тігіспен тігу немесе негігі тігістің астынан қосымша тігіс түсіру;

    • сосын өрнектің бәрі шетінен қиятын жаққа қарай бағытталып, тығыз етіп ілмек тігіспен тігіледі;

    • өрнек дайын болған кезде өрнек сызығы мен шетінің арасындағы материал қайшымен қиып тасталынады.

Бұл кестеде тігілетін өрнектер қалдырылып фоны қиылып тасталады. Тығыз тоқылған маталарға кестеленеді, мақта, ирис және жібек жіптер пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет