Керекті құрал-жабдықтар


"Шнурок" және "велюшка" тігісті кестелер



бет4/12
Дата29.04.2022
өлшемі86,03 Kb.
#32878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Керекті құрал

"Шнурок" және "велюшка" тігісті кестелер

"Шнурок" дәне "велюшка" тігісі



Бұл тігістермен көйлектің қалтасын, кеудесін әшекейлеуге болады. Кестелетін материалдың өзінің жібімен төгілген кесте ерекше әдемі болып шығады. Кесте төгілетін жер ромбылап торға бөлінеді, ромбының жақтары 2-3см. болуы керек. Сосын тор сызықтары бойымен сиректеу етіп тігіс түсіріледі. Тігістің көлемі және олрадың ара қашықтығы біркелкі болғаны дұрыс, олар 5 миллиметрден аспағаны жөн. Жаңа жіппен тігілетін келесі тігісте инені алғашқы тігістің әр қайсысының түбірінен жоғарыдан төмен қарай шаншу керек. "Шнурок" тігісі осылайша тігіледі. Егер инені біресе жоғары, біресе төмен шанши тіксе "велюшка" деген тігіс шығады.

Санап кестелеу

Айқас тігіс, 1-тәсіл



Айқас тігіс, 2-тәсіл



Айқас тігіс, 3-тәсіл (а)



Айқас тігіс, 3-тәсіл (б)



Жартыкеш айқас тігіс. Кері бағытта жүріп шығу.



Санап кестелеу де аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі. Санап кестелеу түрлері:

  • Терме тігіс - өрнектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай "инені алға салу" әдісімен тігіледі. Теріс жағының өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі.

  • Қиғаш тігіс - матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.

  • Айқас тігіс - кесетенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады.

    • 1 - тәсіл - матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады:

    • 2 - тәсіл - матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады.

    • 3 - тәсіл - көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.

  • Жартыкеш айқас тігіс. Бұл кестенің екі жақты тігісі болады, яғни астыңғы және үстіңгі тігістер жіпті үзбей отырып тігіледі. Түзу және қиғаш болып түсетін кестенің бұл түрі қарапайым, әдемі өрнек түзеді. Кесте екі жүріспен тігіледі:

    • 1 - жүріс - "инені алға салу" әдісімен сурет нұсқасының бойымен жүріп шығу;

    • 2 - жүріс - алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, "инені алға салу" әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет