Өткерме тігісті кесте
Кестенің бұл түріне мережкалар (шілтерлер) жатады.
Толық мақаласы: Мережка
Шым кесте
Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.
Бір жақты тығыз кестенің оң жағы
Бір жақты тығыз кестенің сол жағы
Түйіндеу кесте
Бір жақты тығыз кесте ("верхошов" немесе "владимир кестесі") - мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.
Өсімдік жапырағын салып тігу үшін тығыз кестемен кестелейді - тігісті жапырақтың ортасынан бастап екі бағытта қиғаштай түсіреді, кестелеу жапырақтың сүйір ұшынан басталады:
бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;
алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;
гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.
Ақ кестемен әйелдердің іш киімін, бет орамалдарды, жастық тыстарын кестелейді. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен тігіп алады. Кесте бедерленіп түсетін жерге келесі кестенің бағытна қарама-қарсы бағытта бірнеше ірі тігіс түсіріледі "кесте көлденеңінен түсетін болса, оның астынан ұзынынан тігіс түсіреді).
Бедерленіп түскен ақ кесте әдетте кестенің басқа түрлерімен де жақсы үйлесіп кетеді:
түйіндеу (гүлдің және жапырақтың кей жерлерін осылайша кестелейді) - инені матаға шаншып, оған жіпті бірнеше рет орайды (түйіннің размеріне байланысты), сосын жіпті сол қолдың бас бармағымен басып тұрып, ілмектің үстінен тартып алады да бекітеді;
ойып алып торлау - бұл кестені тігерде сурет нұсқасын алдымен "инені алға салу" әдісімен тігіп алып, сосын тесікке торлайтын инені шаныша отырып, тығыз етіп кестелейді;
матаның теріс жағынан айқастырып, қиғаш тігіс түсіріп, оң жағынан сурет нұсқасын қысқа тігістермен толтырады.
Бұл шым кестенің бір түрі. Оның жеке өзін де сабақты кестемен бірге де қолдана беруге болады.
Атлас кесте - тігістері біріне-бірі өте жақын, шым болып түседі. Қолданылатын жіптер - мулине және жібек. Инеге жіпті бір қабаттан қана сабақтайды. Әрбір келесі тігісті тіккенде алдындағы тігілген тігітен сәл кері қарай инені көрші тігістің ортасын ала шаншиды. Барлық тігіс жапырақтың өзегі бойынша жүріп отыруы қажет.
Екі жақты түрлі-түсті шым кесте
|