Баспа кесте
Баспа кесте деген материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге өрнек пен оюдың , аң-құс, гүлдің түрлі сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденеің жаға-жеңі және төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге тігіледі.
Көпіртіп тігу
Әзірленген өрнек үлгісінің үстінен тігіледі. Мұндай материалдың бетіне бүлдіргеленген жіп түйіндері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түрлі болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын, қарбыз түйнектері, гүлдің жапырақтары, тақияның төбесінің өрнектері тігіледі.
Түктеп тігу
Бізбен шаншылған жіптің үстіңгі жағында өң бетінде кейде 1, көбіне 2 см-дей бүлдіргі жіп қалдырып отырады. Кестені тігіп болғаннан кейін қалған бүлдіргілерді тегіс қырқады. Жиі шаншылып қалың түскен бүлдіргі қырқылған соң, кілемнің түгі сияқты болып түрлі-түсті болады. Кейде түгінің биіктігі біркелкі болу үшін астына ширатқан жуан жіп, жұмсақ металл шыбықты мүйіздеп ою-өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған соң, әлгі тігіс астынан салған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Сонда түктеп тігілген кесте біркелкі, ою-өрнегі айқын болады.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |