Керекті құрал-жабдықтар


Екі жақты түрлі-түсті шым кесте



бет7/12
Дата29.04.2022
өлшемі86,03 Kb.
#32878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Керекті құрал

Екі жақты түрлі-түсті шым кесте - шым кестенің қарапайым бір түрі. Кішкентай және орташа формадағы өсімдік бейнесі, сондай-ақ геометриялық ою-өрнектер кестелінеді.

  • Көркем кесте - бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің бірнеше түрі бір-біріне баяу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол үшін бірнеше түстің тігісінің ұзындығы әр түрлі етіледі. Сосын екінші түсті жіппен кестені жалғастырады, бұл тігістердің ұзындығы да әр түрлі етіліп, алғашқы тігістен қалған аралық шетінен толтырылады. Олар алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай жібереді.

    Орыс кестесі



    • Орыс кестесі - бұл кесте "инені алға салу" әдісімен матаның түзу жібі бойымен тігіледі, инені оң жағынан 1 мм жерден өткізеді. Өрнектің бәрін бір бағытта түсетін тігіспен тігеді. Иненің жанындағы тігістің ортасына таман шаншып, келесі қатардың тігісін түсіреді. Кестелеген кезде тігістердің арасынан мата көрінбейтіндей етіп кестелейді. Ол үшін тігістердің арасы өте жиі болуы тиіс (бос ширатылған жіппен тіккен дұрыс). Орыс кестесімен ақ сары және сұр түсті маталарды ақ жіппен кестелейді. Сондай-ақ жастық, жастық тысына, дастарқанға, т.б. ұсақ тор көздермен үйлестіріп, әдемі кестелер төгеді. Матаға тор көзді жасау үшін тор көз түсетін жердің бір шетінен келесі шетіне дейін жіпті шаршылап таратып, жіптердің қиылысқан жерін ұсақ көлденең тігістермен бекітеді.

    • Қиып кестелеу. Бұл кестемен көрпенің, жастықтың тыстарын, көйлек, жейдемелерді кестелейді. Кестелеу мәнері ақ кестемен ойып торлуға ұқсайды, айырмашылығы формасының тек қана дөңгелек емес, сопақша да болып келуінде.

    Зер кесте

    Алтынкүміс сияқты қымбат бағалы заттар жүргіртіп немесе жіптің сыртын солармен әшекейлеп жасалған сәндік бұйым. Алтындалған жіппен тігілген бұйымдарды да зер деп атайды. Зерленген дайын бұйымдардың үлкен-кішілігіне қарай зертаспа, ширатпа зер, оқа деп бөлген. Зерлеп тігу кесте өнерінде көп қолданылады. Көбінесе қымбат шапандар, дәулетті адамдардың бас киімдері, бағалы тұскиіздер, қалталар эер жіпптермен кестеленеді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет