Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата01.01.2017
өлшемі2,53 Mb.
#907
1   2   3   4   5   6   7

ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫ 

ӘШКЕРЕЛЕУ

1851 жылы қазан айында С.Бабажанов 

Орынбор кадет корпусын ойдағыдай бітіріп 

шығады, оған хорунжий әскери атағы бері-

леді. Орынбордың шекара комиссиясының 

басшылары оқуды үздік бітірген талапты 

жас офицер С.Бабажановты өз қарамағын-

дағы қызметке қалдырады. 1854 жылы 

Ішкі қазақ ордасын басқаратын Уақытша 

кеңестің ұйғаруымен ол теңіз жағалық 

қазақтары депутаттығына тағайындалды. 

Территориялық аймаққа байланысты Ішкі 

орда қазақтарында 1855 жылы әртүрлі 

жалған өсек қаулап, толқу пайда болған-

ды. Бұл ушыға берсе, ашық көтеріліске ұла-

су қаупі бар деп Орынбор және Самар 

гене рал-губернаторы ескертіп, «толқуға 

қатысқаны үшін» 1855 жылы Салықтың 

ағалары – Мұхамеджан мен Мұстафа Ба-

ба жановты тұтқындайды. Ағаларымен 

қоса, Астраханьда Салық та қамалады. 

Оған жүргізілген тексеру кезінде «қасақана 

қоздырушы» деген күдік дәлелденбейді. 

Пәтерінен көптеген қағаз алынып, оларды 

тексеру барысында «үкімет алдында 

ешқандай да ой мен қимылдың оғаштығы 

табылмаған».

Ішкі орданың Уақытша кеңесінің төра-

ғасы полковник Герн генерал-губернатор 

Перовскийдің рұқсатымен Салықты боса-

тып, хан ордасына шақырып, оны кеңес ші-

лікке тағайындайды. Бар-жоғы 22 жасында 

кеңесші болу – үлкен жетістік. Қызмет 

бабымен Саратовта, Астрахань, Қаражар, 

Енетаевскіде болады. Жергілікті жердің 

халқымен танысып, көп мағлұмат алады. 

Кейін оның қаламынан құнды мақалалар 

тууына бұл да көп септігін тигізген болуы 

керек. Осы өлкеге келіп-кетіп жүрген сол 

кездегі орыс оқымыстыларының тиіп-

қашты жазылған үстірт дүниелері де, өз 

халқының психологиясын, салт-дәстүрін, 

ән-жырын алақандағы әжімдей білетін 

жанға қалам тартқызғанға ұқсайды.

Қазақ даласына отаршылдық саясаттың 

кеулеп енуі, Орал-Жайық казактарының 

озбырлығы мен содырлығы Ішкі орда қа-

зақ тарының наразылығын күн сайын өрші-

те түсті. Осы наразылық Салықтың жария-

ланымдарында мазмұнды көрініс тапты. 

Петерборда шығатын «Ведомость» журна-

лының 1861 жылғы 136-санында жарық 

көрген «Тұрмыс пен тіршілік және туыстар 

тағдыры жайынан қырғыздың (қазақтың) 

байқағандары», «Санкт-Петербург жаңа-

лық тары» аталатын саяси-әдеби газеттің 

1861 жылғы 156-санында басылған «Орал 

– Жайық казактарының Ішкі орда қазақ-

тарымен таласы», «Деятельность» газетінің 

1870 жылғы №127-санында жарияланған 

«Ішкі орда қазақтары» т.б. мақалаларында 

халқының тағдырына қатты абыржыған 

Салық оған жанашырлық жүрекжарды 

сөздерін арнайды, оның ауыр азабы мол 

тұрмыс-тіршілігін жеңілдетудің жолдары 

туралы жазады.

Салық Бабажанов Оралдың казак-

орыстары жөніндегі пікірін көптеген мақа-

ласында жасырмай айтты. «Северная пче-

ла» журналының 1861 жылғы №3 санында 

басылған «Қырғызды (қазақты) дәріптеу» 

деген мақаласында ол Орал казактарының 

жергілікті халыққа жасап отырған қиянатын, 

өктемдігін батыл сынады. Ол казактардың 

жүгенсіздігі жөнінде айта келіп, оған 

көптеген дәлел келтіреді. Соның бірі ретінде 

Оралдағы казак атаманы генерал-майор 

Столыпиннің қазақ шаруаларымен бірге 

қазынаның жерін бір тиын да төлемей, көп 

жылдан бері өз меншігіндей пайдаланып 

келе жатқанын әшкере етеді. Жер мәселесін 

сөз ете отырып, қазақтар мен казактар 

арасындағы жер дауына байланысты патша 

үкіметіне түскен арыздарды тексеруге талай 

комиссияның келгенін, бірақ олардың қо-

ры тындысы көбінесе казактардың пайда-

сына шешіліп жүргенін ренжи жазады.

С.Бабажановтың мақаласын орыстың 

зиялы қауымы жылы ықыласпен қабылда-

ды. Саяси памфлет іспеттес бұл мақалаға 

қатысты сол кездегі көп тарайтын басылым-

дардың бірі – «Деятельность» газеті: «... 

істің мән-жайына түсінген әрбір көзі ашық 

оқушы азамат Бабажановтың праволық 

түсініктеріне қарап, оның өз басының емес, 

тіпті өз халқының (қазақ халқының) емес, 

жалпы халықтық мемлекет мүддесін қорғау 

жағында мықты тұрғанын көреді», – деп 

жазды. («Жұлдыз», 1990, №1, 179-бет)

С.Бабажанов – патша өкіметінің қазақ 

жерін отарлау, озбырлық саясатына ашық 

түрде қарсы шыққан күрескер. Ол патша 

чиновниктерін үнемі тарихи тиянақты ай-

ғақ тармен дәлелдеп, жеңіп кетіп отырған.



ПЕТЕРБУРГКЕ САПАР

Алғашқы жазушылық қабілетінің оя-

нуы на Салық Бабажановтың қазақ жерінен 

Петербургке барған депутаттар құрамында 

сапар шегуі қозғаушы күш болғаны анық. 

Орынбор өлкесінен – 10 адам, оның екеуі 

– Ғұбайдолла Есенбаев пен Салық 

Бабажанов. Депутаттардың жол басшысы 

болған – Лев Плотников. Олар хат-хабар 

тасылатын күре жол – Симбирск, Арзамас, 

Кіші Новгород, Владимир арқылы Мәскеуге 

жетіп, онда пойызға отыруға тиіс болды. 

Петербургте Эрмитаж, Арсенал, ақша 

зауыты, минералогия мен зоология мұра-

жа йы, Ботаника бағы, кітапханалар секілді 

аса көрнекті мәдени орындарды аралау 

көзделген. Кешкілік серуенде Кронштадт, 

Петергоф, Патша селосы, Гатчинада бола-

тын дықтары туралы белгіленген-ді. Петер-

бургте Салық 1860 жылы 31 шілде мен 24 

тамыз аралығында болды. Бұл сапарда, ең 

бастысы, – Салық атақты орыс экономисі 

және этнографы И.И.Небольсинмен 

танысқан. Осы адам ықпалы оны қолға 

қалам алып, орыс жұртына қазақ өмірін 

терең таныстыруға жетеледі. Сол арқылы 

Бабажанов Орыс география қоғамымен 

жақын араласып, қоғамның өз баспанасын-

да және бірқатар астаналық газетте ғылыми 

мақалаларын жариялатады.

Тағы бір қызық жайт, сол жылдың басы-

нан қалада тұрып жатқан Шоқан Уәлиханов 

алғашқы аптада-ақ депутат мүшелерімен 

танысып, 1860 жылы 9 тамызда әке-шеше-

сіне жазған хатында: «Мұқан сұлтанның 

бастауымен Орынбордан депутаттар 

келгелі бір апта өтті... Бар-жоғы – 8-9 адам. 

Бүгін олар императорға таныстырылады. 

Олармен пристав Плотниковтің жәрдемшісі 

және тілмашы болып қазақ сұлтаны Әлмұ-

хамед Сейдалин бар...», – дейді. Плотников 

«Руский вестник» журналында: «...мен 

онымен Петербургте танысып, бірнеше 

тамаша кешті бірге өткіздім», «Шоқан 

Шыңғысұлы – қазақтардың өз арасында 

да, біздің Орынбор қаласында да жалғыз 

феномен, қайталанбас құбылыс», – деп 

баға берген. Демек, Шоқан мен Салықтың 

танысуы еш күдік тудырмайды. 1860 жыл-

ғы бұл кездесу мен таныстық осы уақытқа 

дейін қазақ ғалымдарының назарынан тыс 

қалып келе жатыр.

Бабажанов қайтар жолда Мәскеуде үш 

күн қонақтайды. Қызыл алаң мен Кремль 

ішінде болып, университет пен театрға ба-

ра ды. Өзінің серіктеріне Салық театр «жай 

ғана көңіл көтерерлік ойын емес, тыңдау-

шы сына пайдалы ой тастайтын» орын еке-

нін түсіндіріп, «біз Россиядан өз ауылымызға 

халыққа қажетті, мәнді нәрсені ала қайтуы-

мыз керек» деп сөйлейді. 

(«Жұлдыз», 1990, №1, 201-бет)

Шоқанның С.Бабажановтың есімін 

атайтын еңбегі «Сот реформасы туралы 

жазбалар» еді. «Северная пчелада» бір жас 

қазақ Бабажанов мырза Бөкей ордасындағы 

татар мектептеріндегі білім беру жайын 

ерекше айқындықпен әңгімелейді. Мұхам-

мед тің үмбеті және «Северная пчеланың» 

тілшісі Бабажанов мырзаның өзі барып тұр-

ған мұсылман екенін әрі, сірә, татар оқуын 

теріс көре қоймайтындығын айтсақ, бұл 

жайт тіпті қызық көрінеді», – дейді Шоқан 

Уәлиханов. Байқасаңыз, Салықтың тегінен, 

қызметінен, көзқарасынан, жас шамасынан 

(жас қазақ десе, Салықтың Шоқаннан 

үлкен еместігі тағы көрініп тұрған жоқ па?!) 

біраз хабардардай. Бірақ сырттай білетін 

адамдай сыр ашпайды. Орыс қауымына 

арнап жазылып отырған еңбекте Салықты 

«бір жас қазақ» деп таныстыруы – мақала-

ның мәнері. Бұдан Шоқан Салықты жақсы 

білмейді деген қорытынды шығармайық. 



(«Егемен Қазақстан», 1995, 24 қараша)

ҚИЫН ДА КҮРДЕЛІ ҒҰМЫР

Петербургтен оралғанына жарты жыл 

өтер-өтпесте оған қиын жағдай туады. Хан 

ордасында полиция бөлімін де, өрт сөнді-

рушілер бөлімін де біріктіріп, Салыққа осы 

жұмыстың үстінен қарап отыру жүктеледі. 

Бұған көп күш, қажыр-қайрат керек еді. 

Көктемгі жәрмеңке кезінде уақытша бас 

базаршы қызметін қоса атқарады. Жәрмең-

ке уақытында жалған кредиттік билеттер 

табылып, оның үстінен жала жабылады. 

Жерлестері мен бақталастары Бабажанов-

тың қызмет бабымен тез жоғарылап бара 

жатқанына іштері күйіп, домалақ арызды 

қарша боратады. Бабажановтың Уақытша 

кеңесте кеңесші болуына әлі жас деп сенім-

сіздік білдіре келіп, «ол – Уақытша кеңестің 

төрағасы полковник Герннің жас әйелімен 

көңілдес, сондықтан Орданы басқару билігі 

– сол әйел арқылы Бабажановтың қолында, 

ал Герн – соның айтқанын орындаушы» 

деген сұмдық жала жабылады. Мұның 

ақы ры Салықтың «отбасы жағдайына бай-

ланысты» жұмыстан босауына, Герннің 

орны нан түсуіне себеп болып, Ішкі қазақ 

Ордасы басқармасы Уақытша Кеңестің 

төрағасы етіп кеше Петербургке жолбасшы 

болған Лев Николаевич Плотниковті бекіте-

ді.

1860 жылы 4 маусым күні Орынбор 



генерал-губернаторына жазған қатынас 

қағазында Плотников: «Бабажанов – аса 

іскер адам, осыдан екі жыл бұрын геогра-

фиялық қоғамнан қазақтар туралы жазған 

этнографиялық еңбектеріне кіші күміс 

медаль алған», – деп таныстырады.

Осы тұста Бабажанов қызметке алынып, 

Қамыс-Самар бөлігін басқарады. 1867 

жылы 28 маусымда Орал казак әскерінің 

атаманы Н.А.Веревкиннің хатында оның 

басына тағы да жала бұлты үйірілгенін 

байқаймыз. «Бабажанов жергілікті жұртқа 

қысым көрсетіп, казактар мен қазақтардың 

арасында жанжал тудырып отыр. Оның 

кезінде ел ішінде барымта-сарымта күшейіп 

кетті» деп жазады. Жалған жала мен таңыл-

ған айыптан Лев Плотников өзі қорғап 

қалады. Сенаттың 1866 жылғы 10 мамыр-

да ғы жарлығымен «ордалықтар заңды 

құқынан айыратындай және Сібірге айдай-

тындай жағдайда қылмыс істемесе, түрмеге 

жабылмасын, сол секілді барымта құны 

300 теңгеден төмен болса, жауапқа тартыл-

масын» деген нұсқау шыққан болатын. 

Осыған байланысты далалықтарда барым-

та-сарымта бел алғаны да рас еді. Ал 

Бабажановтың тұсында қайта тәртіп орнап, 

кеми түскен.

Уақытша кеңес Салықты ақтап, Ішкі Ор-

да ның Нарын жағына билеуші етіп жібере-

ді. 1869 жылы жазда ол науқасына байла-

ныс ты демалысқа шығуға сұранады. Халық 

үшін қызмет еткен осынау абзал азамат 

1871 жылы дүниеден қайтады.



(«Жұлдыз», 1990, №1, 201-бет)

САЛЫҚТЫҢ РУХАНИ 

МҰРАСЫ

С. Бабажанов этнограф, тарихшы, геог-

раф ретінде императорлық Орыс география 

қоғамының хабаршысына, этнографиялық 

жинақтарға да мақалалар жариялап тұр-

ған. Автор өзінің мақалаларында көбінесе 

қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылы-

ғы, діни нанымы мен жоққа сенімі, бақта-

шы лық және саятшылық кәсібі, жылқы 

өсіруі, қымыздың шипалық қасиеті т.б. 

жөнінде жазады. Сонымен бірге ол қазақ 

халқының адамгершілік ар-намысы мен 

абыройын қорғады, олардың тұрмыс халін 

жақсартуға, оқу оқып, білім алуына жағдай 

жасауға шақырды.

1862 жылы Салық Үлкен Богда қыраты-

нан биіктігі екі аршыннан астам әйелдің 

балбал тас мүсінін тауып, Петербургтегі 

этнография-география қоғамына тапсыра-

ды. Сондай-ақ империялық Орыс геогра-

фия қоғамына Басқұншақ көлінен шығып 

жатқан күкірт қышқылының шаруашылық 

маңызы туралы хабарлайды. Салық 1731 

жылы патшалық Ресейге қосылғанға дейінгі 

қазақ жерінің, оның ішінде Бөкей ордасы-

ның картасын жасап, патшаның қабыл-

дауын да болады. Салық Шоқаннан кейінгі 

Ресейдің география қоғамына мүше болған 

және осы қоғамның шешімімен ғылымға 

сіңірген ерен еңбегі үшін арнайы күміс 

медальмен марапатталған тұңғыш қазақ 

болатын.


Сонымен бірге С.Бабажанов Орыс 

сауда, өнеркәсіп қоғамының және Ерікті 

экономикалық ғылыми қоғамның да толық 

мүшесі болған. Қоғам мәжілісінде аса 

құнды баяндама жасағаны үшін ол арнайы 

дипломмен марапатталған. Бұл жөніндегі 

мәлімет осы қоғамның 1871 жылы жасаған 

тізімінде келтірілген.

Ал 1870 жылдан бастап Ташкент 

қаласында «Түркістан уәлаятының газеті» 

шыға бастағанда, ол газет редакциясына 

қазақтың көптеген мақалы мен мәтелін 

жинап жібереді. С.Бабажановтың дүниеге 

көзқарасының одан әрі қалыптасуына 

Еуро па ойшылдарының қағидалары, ең-

бек тері әсер етті. Ол ғылымның, білімнің, 

ағартушылықтың жетіспеушілігі салдарынан 

қазақ өлкесінде надандықтың, ескіліктің 

зиянды шырмаулары қарапайым халықты 

тұншықтырып отыр деген қорытындыға 

келеді. Қазақ халқына бұратана деп қара-

ған кейбір білгіштермен пікір таластырғанда 

Гогольдің, Белинскийдің, Чернышевс-

кийдің, Достоевскийдің пікірлеріне сүйеніп, 

бұл қайраткерлерді «қоғамдағы кемшілік-

терді ашып көрсете алған және осы кемші-

ліктерді жоюдың жолдарын меңзеп, адам-

ды мүлтіксіз тәрбиелеуге ұмтылған дар» 

деп жазды С.Бабажанов. Академик А.Жұ-

ба новтың  сөзімен  айтқанда:

«Салық Бабажанов өзінің түсінігі мен 

мүмкіндігінше прогресшілдік идеялар үшін 

күресті... Қазақ халқының ағартушылары 

Шоқан Уәлиханов, Алтынсарин, Абай 

сияқ ты, ол да қазақ қоғамының Ресеймен 

және орыс мәдениетімен тығыз қарым-

қатынаста дамуын жақтады». 

(«Білім және еңбек», 1981, №10, 23-

бет)

Дүниеден қайтқан Бабажановтың 

шаруашылығын оның жас жұбайы Ғази-

заның інілері – сұлтан Арсланкерей Бөкей-

ханов пен Дәулеткерей Шығаев қолға 

алады. Дәулеткерей – кәдімгі он саусағынан 

күй күмбірлеген асқан күйші Дәулеткерей. 

Ол Бабажановқа арнап «Салық өлген» 

күйін шығарған. Салықтың өз қолымен 

еккен бағы, салдырған мешіті бар еді. 

Бертін келе бұл жер әскери полигонға ай-

нал ды... Қазір мұнда С.Бабажановтың 

жермен-жексен болған бейіті ғана жатыр... 

Халық арасында бұрынғылардан қалған 

«Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» 

деген сөз бар екен. Осы сөз Дәулеткерейдің 

аузынан шыққан деген дерек те жоқ емес. 

Қалай болғанда да, жаны бар сөз.



(«Жұлдыз», 1990, №1, 202-бет)

Сайып келгенде, Салық сынды туған 

халқы үшін пайдасы мол, мәнді де сәнді 

ғұмыр кешкен, ұлы Шоқанның замандасы 

болған адамның өмірі кейінгі ұрпақ үшін 

үлгі етуге әбден лайық. Салықтың халық-

шыл қасиеттері А.Жұбанов, С.Зиманов, 

Е.Масанов, Х.Маданов, Р.Отарбаев, 

Н.П.Ивлев, Т.Боранғалиұлы, М.Ысмағұлов, 

Б.Ысқақов, Қ.Ыдырысов, Р.Сыздықова,  

А.Ат шиев сынды ғалым, жазушылардың 

мемуарларында, ғылыми еңбек, мақала-

ларда әрдайым аталып отырады.

Сонымен, Мұхамед-Салық Бабажанов 

қиын да күрделі ғұмыр кешіп, бар-жоғы 39 

жасында дүниеден өткен. Өмірде өз жолы, 

ғылымда өзіндік ізі бар. Қазақ халқының 

рухани мәдениеті тарихында ескерілмей 

қалмас елеулі тұлғалардың бірі. Бар өмірін 

халық қамы үшін сарп еткен халқымыздың 

аяулы ұлы, асыл азаматы С.Бабажановтың 

өмірі, қоғамдық қызметі және ғылыми-

зерт теу жұмыстары толық жиналып, зерт-

теліп, жарық көрсе және оның есімі мен 

еңбегі Қазақстанның қоғамдық ой-пікірінің 

даму тарихынан өзіне лайық орын алса 

екен демекпіз.

Салық Бабажанов Шоқан сияқты үлкен 

тұлға болғанымен, ол жөнінде арнайы ма-

мандар ғана білетін-ді. Осыдан он шақты 

жылдай бұрын «Жалын» журналында ақын 

Есенғали Раушановтың «Салық өлген» атты 

поэмасы жарияланды. Жазушы Рақымжан 

Отарбаев С.Бабажановтың өмірі жайлы 

киносценарий жазып, «Қазақфильм» сту-

дия сында режиссер Халила Омаров «Мұ-

ха мед-Салық мырзаның өмірі мен өлімі» 

атты тарихи фильм түсірді. Сонымен, 

халқы мыздың тағы бір ірі тұлғасы «тірілді». 

Ұрпақтары Салықты қайта тірілтті. Салық 

өз халқына қайтып оралды.

Тілеу КӨЛБАЕВ,

тарих ғылымының докторы, 

профессор, ҚР ГҒА академигі,

 ҚР Журналистер одағы 

сыйлығының лауреаты

ХІХ ғасырда ағартушылық ілімдерден нәр алған қазақ қоғам 

қайраткерлері қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың 

бірден-бір жолы білім мен ғылымды игеру деп санады. Олар іскер, 

жігерлі, білімді адамдарды тәрбиелеуге ыждағаттанады. Қоғамда 

болып жатқан өзгерістерді саналылықпен байыптап, қарқынды 

дамуда ілесе алатын алғыр жастарды дайындап, баулу 

ағартушылардың ең негізгі мақсаты болды. Солардың сапында 

Бөкей ордасынан шыққан Мұхамед – Салық Бабажановтың еңбегі 

ерен. Мұхамед-Салық – қазақ халқының аспанында құйрықты 

жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі. Ол – Шоқан 

Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан 

құтқару жолында аянбай еңбек еткен жан.

Өмірі, тағдыры, ой-арманы ұқсас қазақтың бұл аяулы ұлдары – 

Шоқан Уәлиханов пен Салық Бабажанов. Екіншісінің шын аты 

Мұхамед-Салық бола тұра, елі еркелетіп Салық атап кеткен еді.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№173 (625) 1.10.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Зертханашыға жалақы қай санат бойынша төленеді?



Мен мектепке зертханашы болып жұмысқа тұрдым. Білімім жоғары. Маған 

жалақы қай санат бойынша төленуі керек? Есепші «G-13 санаты бойынша ақы 

төленеді» дейді. Осы дұрыс па? 

Қамқа ҚАРАТАЕВА, Қарағанды облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу 

бас қармасының сарапшы маманының мәліме-

тін ше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы 

төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мем-

лекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын 

ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық 

кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы 

төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 

№1400 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) 

реттеледі.

Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар 

қыз меткерлерінің лауазымдық жалақылары 

(ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының 

лауа зымдар санаттарына жатқызылуына және 

мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайын-

дал ған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар 

үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (став-

каларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэф фи-

циент  терді  Қазақстан Республикасының Үкіметі 

белгілеген базалық лауазымдық жал ақы ның (БЛЖ) 

мөлшеріне көбейту жолымен айқын далады.

Жоғары лауазымды қоса атқарғандар қандай ақы алады?



Мектептегі есепші бас есепшіні ауыстыра ала ма? Ауыстырған 

жағдайда жалақы қалай төленеді? Мұның заңды негізі қандай? 

Жоқ әлде директордың қаулысы негізінде төлене бере ме? 

Замира ИБРАГИМОВА, Жамбыл облысы

Сарапшы мамандардың мәліме-

ті не қарағанда, азаматтық қызмет-

ші лерге еңбекақы төлеу жүйесі «Аза-

  мат тық  қызметшілерге,  мемле кет тік 

бюджет қаражаты есебінен ұста ла-

тын ұйымдардың қызметкер леріне, 

қазыналық кәсіпорындар дың қыз-

мет керлеріне еңбекақы тө леу жүйесі 

туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқ-

сандағы №1400 қаулысымен (бұдан 

әрі – қаулы) реттеледі.

Қаулыға 19-қосымшада маман-

дар ға, қызметшілерге және жұмыс-

шы  ларға лауазымдарды қоса қызмет 

атқарғаны (қызметтер көрсету аясы 

кеңігені) үшін қызметкердің лауазым-

дық жалақысынан 50%-ға дейінгі 

мөлшерде қосымша ақы белгілен-

ген. 

Мансұр ХАМИТ (фото)



ҰЛТТЫҚ БРЕНД

Дәстүрлі тағамның технологиясы бұзылып барады

МӘСЕЛЕ


Қазақтың елордасы кешелі бері тағы бір халықаралық алқалы 

жиынның ордасына айналды. Тәуелсіздік сарайында ортаға 

тасталған бұл жолғы мәселе – денсаулық. БҰҰ-дан кейінгі ең 

үлкен қауымдастық саналатын, құрамына 57 ел кіретін Ислам 

ынтымақтастығы ұйымы елдерінің денсаулық сақтау министрлері 

Астанада бас қосып, мұсылман жұртының денсаулығы мәселелерін 

талқыға салды. Ал талқылайтын, ақылдасатын жайт жетіп-

артылады. Бүгінгі әлемде ВИЧ/СПИД секілді дауасы табылмаған 

індеттерге қатысты мәселелерді былай қойып, алдын алуға болатын 

полиомиелит секілді аурулардан арыла алмай отырған елдер де әлі 

баршылық.

Тек ауылдың ғана дәмі деп есептеліп 

келген жеңсік ас – құртқа құмартушылар 

бүгінде қалада да көп. Әсіресе мектеп ма-

ңында майда-шүйде сатып отыратын апа-

ларымыз құрттың өтімді тауар екенін ай-

тады. Балалар даналап алған құрттың сау-

дасы қызады дей беріңіз. «Чупа-чуп сыңыз-

дан» әлдеқайда пайдалы десек, артық 

айтқандық болмас. Одан қалса, сыра-

құмарлар да тіскебасар ретінде құрт сауда-

сының көрігін қыздырады. Сырахана ларды 

айтпағанның өзінде айтулы мейрам хана-

лардың төрінен орын алып үлгерді. Шетел-

дерде демалған ағайынның сол елдің 

дәстүрінен хабар беретін кәдесый мен 

дәм-тұз әкелетіні белгілі. Үнді еліне бар-

ғандар – иісі мұрын жарар шайын, Түр-

кияға барғандар әлемге әйгілі пахлава-

сынан әкеліп, дәм татқызғысы келеді. Ал 

біз шетелдік туристерге қазақ елінің ұлттық 

тағамы, дұрысын айтқанда, ұлттық бренд 

деп бағалауға болатын құртты құрметтеп 

ұсына алып жүрміз бе? Жоқ! Біздің құрт-



Оңтүстіктегі Ордабасы 

ауданының тұрғыны, 106 

жасқа келген Айғаным 

әжейден ұзақ жасаудың 

сырын сұрағанымызда үнемі 

құртты аузына салып, сорып 

жүретінін айтқан еді. Кәдімгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет