Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі



бет15/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Магистр. кешенді емтихан Последний

2.4 МҒЗЖ блогы бойынша

  1. Ғылым философиясының негізгі тақырыптары. Ғылым философиясының мәселелері, олардың ғылым мен философия үшін маңызы. Ғылыми білімнің даму заңдылықтары – ғылым тарихының пәні.

  2. Ғылымды зерттеудің қырлары: ғылым философиясы, ғылымтану, ғылым социологиясы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы.

  3. Ғылымды білім жүйесі және әлеуметттік институт ретінде түсіну. Ғылым − қоғамдық сананың формасы және қоғамның өндіргіш күші. Ғылымның мәдениеттегі орын мен рөлі туралы пікірталастар: сценитизм және антисценитизм.

  4. Интернализм және экстернализм. Ғылыми білім динамсикасының кумулятивтік және антикумулятивтік үлгілері. Ғылымның көзқарастың басқа тарихи типтерімен және қоғамдық сананың формаларымен өзара байланысы.

  5. Ғылыми және қарапайым сана: пайым және ақиқат. Ғылым – дүниені игерудің ерекше тәсілі. Ғылыми танымның ерекшеліктері. Мәдениет типінің өзгерунің ғылыми білімді баяндау түрлеріне, шындықты көру тәсілдеріне, ойлау мәнерлеріне ықпалы.

  6. Ғылыми білімнің генерациясы үрдісіне әлеуметтік-мәдени факторлардың қосылуы. Ғылымның адамның рухани қызметінің басқа түрлерімен өзара әсері. Ғылымның дамуындағы философияның көзқарастық рөлі.

  7. Ғылымның қызметтерін классификациялау мәселесі. Ғылымның мәдени қызметі. Ғылым – әлеуметтік реттеу факторы. Ғылымның қоғам қажеттіліктеріне әсері. Ғылым – рационалды басқару факторы және шарты.

  8. Ғылым және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Ғылымның гуманистік қызметі. Ғылымның экологиялық қызметі. Ғылым және қазіргі заманғы білім беру жүйесі.

  9. Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлі: мақсаттары, құралдары, нәтижелері, принциптері, формалары және методтары. Ғылымның рөлі мен өзектілігінің қазіргі заманда арта түсуі.

  10. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері. Ғылымның эмпирикалық тілінің ерекшеліктері. Негізгі эмпирикалық білімдердің, фактілердің (бақылаулардың, эксперимент пен өлшеулердің) қалыптасуы. Ғылыми білім – күрделі дамушы жүйе. Ғылыми білімнің типтерінің көптүрлілігі.

  11. Теориялық танымның ерекшеліктері. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері: мәселе, гипотеза, теория.

  12. Ғылыми теорияның критерийлері. Теориялық танымның методтары: формалдау, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылыққа өту.

  13. Ғылымның мамандық пен қызметтің ерекше түрі ретінде қалыптасуы. Ғылымның идеалдары мен нормалары – ғылыми қызметтің мақсаттары және оларға жету тәсілдері туралы түсініктері. Объектіні ғылыми білімнің әртүрлі формаларында бейнелеу үрдісін реттеуші танымдық тұғырнамалар. Ғылыми ізденістің әлеуметтік нормативтері.

  14. Зерттеушілердің, ғылыми қоғамдастықтардың бір-бірімен және жалпы қоғаммен коммуникациясының ерекшеліктері. Ғылымның танымдық идеалдары – зерттеу қызметінің методтары схемасын қалыптастырушылар. Ойлау мәнері түсінігі және оның мәдени-тарихи шарттылығы.

  15. Ғылыми дәстүрлер мәселесі. Дәстүрлердің өзара әсері және жаңа білімнің пайда болуы. Ғылыми революциялардың мәні мен құрылымы. Ғылыми революциялар – ғылымның негіздемелерін қайта құру.

  16. Ғылыми революциялардың типологиясы. Ғылыми революциялардың концепциялары. Ғылымдағы революциялық өзгерістердің факторлары. Ғылыми революциялардың әлеуметтік-мәдени алғышарттары.

  17. Ғылыми революциялар мен парадигмалар. Революциялар мен дәстүрлердің ғылымның динамикасындағы арақатынасы.

  18. Қазіргі заманғы жаҺандық өркениет және оның ерекшелігі, дүниенің реттілігінің дамуына ықпалы. Қазіргі заманғы жаҺандық өркениет философиясының қызметтері.

  19. Тарихи және қоғамдық үрдісті өркениеттік ұстаным тұрғысынан зерттеу.Өркениеттік ұстанымның негізгі бағыттары: сызықтық-сатылық өркениеттік парадигма және локалдық өркениеттер теориясы. Өркениеттік дихотомияның әлеуметік-экономикалық сипаттамалары: батыс және шығыс.

  20. Өркениет тұрғысынан қарастырғанда қазақстандық жолдың ерекшелігі. Қазақстандық өркениеттік біргейліктің қалыптасуы. Қазақстан және қазіргі заманның жаһандық мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет