3. ЕМТИХАН НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ ШКАЛАСЫ
Емтихан билетінің сұрақтарына берілген әр жауап 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Кешенді емтиханның қорытынды бағасы барлық жауаптардың бағасы ортақ арифметикалық түрде шығарылады.
Магистранттардың жауабын талқылау және қорытынды бағалауды емтихан бойыша комиссия жабық мәжілісте жүргізеді, қорытынды бағаны «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп анықтай отырып, баллмен қояды.
Магистрант бағасы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мәжілісінің хаттамалары бекітілген тәртіпте рәсімделген соң сол күні хабарланады.
Кешенді емтихан пәндері бойынша емтихандық бағалау шарттарын анықтауда келесі критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады:
«өте жақсы» бағасын бағдарламалық материалды жан-жақсы, жүйелі және терең білетінін, қойылған сұрақтың ерекшелігіне байланысты тапсырманы еркін орындау қабілетін көрсеткен магистрант иеленеді. Ереже бойынша, «өте жақсы» бағасы пәннің негізгі түсініктері мен олардың тәжірибедегі мәнімен байланысы арақатынасын меңгерген, түсінуде, мазмұндауда және оқу материалын пайдалануда шығармашылық қабілеттерін танытқан магистранттарға қойылады;
«жақсы» бағасы бағдарламалық материалды толық білетінін көрсеткен, бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды сәтті орындайтын, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген магистрантқа қойылады. Ереже бойынша, «жақсы» бағасы пән бойынша жүйелік сипаттағы білімді көрсеткен және оны әрі қарайғы оқу мен кәсіби іс-әрекет барысында өз бетінше толтыру мен жаңартуға қабілетті магистранттарға қойылады;
Достарыңызбен бөлісу: |