4.4 МҒЗЖ блогы бойынша Ғылымның негізгі әлеуметтік функцияларын атаңыз және сипаттаңыз.
Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін (классика, бейклассика, постбейклассика) сипаттаңыз.
Ғылым мен философияның ұқсастығын және айырмашылығын, ғылымның – адамның рухани әрекетінің басқа формаларымен өзара ықпалдастығын негіздеңіз.
Қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі ғылымның рөлі мен мәнін көрсетіңіз?
Сциентистік дүниетанымның ерекше белгілерін анықтаңыз және антисциентизмнің негізгі аргументтерін атаңыз.
Заманауи ғылым философиясының дамуындағы басты тенденцияларды көрсетіңіз.
Ғылыми білімдегі эволюциялық, революциялық өзгерістердің және таным әрекетінің арақатынасын салыстырыңыз.
Танымның эмпирикалық және теориялық әдістерін сипаттаңыз және салыстырыңыз.
Заманауи ғылымның этикалық мәселесін сипаттаңыз.
Қазіргі заманғы ақпараттық мәдениет пен қазіргі заманғы қоғамның құндылықтары қазіргі заманғы ғылымның дамуына қалай әсер ететінін көрсетіңіз.
Өзге тұлғалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пайдаланудың қандай формалары плагиат ретінде бағаланады? Ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру барысында этикалық ұстанымдарды орындамаудың қандай салдары болуы мүмкін.
Сіздің пәндік салаңыздағы ғылыми зерттеулердің қазіргі кезеңіндегі мейлінше перспективті бағыттарын анықтаңыз. Олардың өзектілігін анықтаңыз.
Қазіргі қоғам дамуындағы ғылыми-зерттеу қызметінің рөлін талдаңыз.
Ғылыми зерттеудің гипотезасын тұжырымдаудың талаптарын сипаттаңыз.
Ғылыми жұмысты кәсіби қызмет ретінде ала отырып, ғалым-зерттеушінің қызметін талдаңыз.
Білімге негізделген экономиканың дамуындағы зерттеу университетінің рөлін ашып көрсетіңіз. Зерттеу университеттеріне мысалдар келтіріңіз, олардың классикалық типтегі университеттерден айырмашылығын сипаттаңыз.
Ғылым танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерін: бақылауды, сипаттауды, өлшеуді, салыстыруды, тәжірибе жүргізуді сипаттаңыз. Әр әдістің шектеулерін талдаңыз.
Танымның теориялық деңгейінің әдістерін: талдау мен синтездеуді, индукция мен дедукцияны, аналогияны, абстрактілеу және идеализацияны, тарихи және логикалық, абстрактіліден нақтыға ауысу әдісін, үлгілеуді сипаттаңыз.
Тәжірибелік ғылымның пайда болуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары ретінде ғылымның әлеуметтенуі мен институтталуын талдаңыз.
Ғылым дамуының классикалық емес және постклассикалық кезеңдерінің негізгі тұжырымдамаларын және бағыттарын ашып көрсетіңіз.