Кешенді емтиханның мақсаты: іргелі ғылыми дайындықтарының деңгейін, ғылыми шығармашылық пен қазіргі ақпараттық технологиялардың әдістемелерін қолдануды, ғылыми ақпараттарды алу, оларды өңдеу мен сақтау әдістерін, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарға дайындығын тексеру.
Кешенді емтиханның міндеттері:
Ғылыми ақпараттарын сараптауға, жүйелендіруге және талдап қорытуға, негізгі гипотезалары мен қорытындыларын тұжырымдауға, филологияның жалпы теориялық және қолданбалы мәселелерін шешуде алған дағдылары мен заманауи ақпараттық технологияны қолдана алуға;
Филологиялық пәндердің терминологиясын, заманауи ақпараттық технологияларды, жоғарғы және орта оқу орындарында кәсіби мамандығы бойынша пәндерден сабақ беруге дағдылану.