Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


сұрақ Ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдаушы шегірткелер, бұзаубастар және шілделіктердің басты түрлері



бет32/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

2 сұрақ Ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдаушы шегірткелер, бұзаубастар және шілделіктердің басты түрлері
Зиянды шегірткелер Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прусCalliptamus italicus L.; кресті кішкене саяқ шегіртке-Dociosturus brevicolis Ev., ақжолақтыChortippus albomarginatus D.G., кресті-Pararcyptera microptra F.-W., қоңыр қанаттыStauroderes scalaris F.-W. саяқ шегірткелер, далалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F.-W. және басқалар. Азиялық шегіртке-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы қамыспен құрақ өсетін жерлер, осы станциялардан олар басқа алыс аймақтарға тарала алады. Мароккалық шегірткеDociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары).
Азиялық, Мароккалық, италияндық шегірткелер, ал анда-санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезектесіп өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірлену кезінде бір шаршы метрде 100 және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашында дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке табындары пайда болады. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанаттары болады. Ол жылына бір ұрпақ береді. Ол ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды. Олар тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде орналасады.
Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересектері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру кезеңі 1 жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында-маусым айында аналықтары 10-20см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдік тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда, темекінің, көкөністердің және т.б. мәдени өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян келтіреді. Көп тараған түрлері-кәдімгі (Gryllotalpa gryllotada L) және бір тікенекті (Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар.
Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкөніс дақылдарына, майлы дақылдарға зиян келтіреді. Олар антеналары денесінен ұзын, үлкен зиянкестер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Жұмыртқалары топырақта, өсімдіктерде және олардың ұлпаларына қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер. Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалпақ денелі зиянкестер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жарықтарда нимфалар (ақырғы жастағы дернәсілдер) қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкөністердің, майлы және дәнді дақылдардың, бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық (Grillis desertus Pall.) және бордо (Grillis burdigalensis Latr.) шілделіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет