Астық қоңыздары. Тақтамұртты қоңыздар (Scarabaeidae) тұқымдасына жатады. Астық қоңыздарының аса көп таралған үш түрі кездеседі – кузька - қоңызы (Anisoplia austriaca Hеrbst.), айқышты – қоңыз (A. аgricola Poda) және әдемі қоңыз (A. segetum Hеrbst.). Жас қоңыздардың топырақтан өріп шығатын кезеңі күздік астық дақылдарының дәннің-сүттену кезеңінің басына дәл келеді. Ертерек пайда болған кезде, олар бидайықтың әрқилы өскіндерімен қоректенеді де, бұдан соң дәнді дақылдарға көшеді. Бір аймақтың өзінде қоңыздардың пайда болу мерзімі көктемгі мезгілдің метеорологиялық жағдайларына байланысты. Ыстық болған жылдары олар ертерек шығады. Кей кезде қоңыздар күздік бидайларды жинау науқаны басталар алдында пайда болады. Бұл жағдайда олар жаздық бидай масақтарына шоғырлана бастайды. Қоңыздар күздік және жаздық бидайлардың, сондай-ақ арпаның сүттіген дәндерімен қоректенеді. Жабайы дақылдардан олар бидайықтың, атқонақтың, арпабастың, аталық шөптің дәндерімен қоректенуді ұнатады. Қоңыздар жылу сүйгіш, таңғы сағат 8-9-дан бастап күні бойы тыным таппайды: қоректенеді, бір жерден екінші жерге ұшып барып шағылысады, олар бір айға жуық тірішілік етеді, шыққаннан кейін 1-2 аптадан соң аналық қоңыздар топырақтың 10-12 см тереңдігіне (дымқыл қабатқа) жұмыртқа салуға кіріседі. Өсімталдығы 15-20 дана жұмыртқа. Эмбриондық дамуы 2-3 аптаға созылады. Құрғақшылық жылдары жұмыртқалардың едәуір бөлігі өліп қалады. Дернәсілдердің қарқынды өсіпдамуы тамыз айында жүреді.
6.Бұршақ тұқымдас дақылдар зиянкестеріне жалпы сипаттама Бұршақ тұқымдастар - қосжарнақты өсімдіктер. Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы.
Бұршақ тұқымдас дақылдарының басты зиянкестері екіге бөлуге болады 1.Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері.2.Көпжылдық бұршақ тұқымдасжемшөптік дақылдардың зиянды жәндіктері.
1.Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері :Бұршақ бітесі.Түйнекті бізтұмсықтар .Бұршақ жемірі.Бұршақ қоңызы .Үрме бұршақ қоңызы.Бұршақ н/е акация көбелегі.
Бұршақ бітесі - AcyrthosiphonpisiKalt. Homoptera отряды, Aphidinea отряд тармағы, Aphididae тұқымдасы. Бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр-қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде және жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткеннен кейін аналық- негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзейді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар бір жылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды.
2.Көпжылдық бұршақ тұқымдас жемшөптік дақылдардың зиянды жәндіктері.Жоңыщқа жап-ң бізтұмсығы.Жоңышқақандаласы.Беде бізтұмсығы. Сары тихиус тұқым жемірі.Жоңышқажуынаяқтысы.