4 сұрақ Дәнді дақылдардың сорғыш зиянкестері астық цикадалар, астық бітелері, бақашық қандалалар және трипстері жатады.
Астық қандаласы-Trigonotylusruficornis Goeffr. (Miridae-тұқымдасы, Hemiptera - жартылай қатты қанаттылар отряды). Ұзындығы денесімен бірдей қызыл мұртшалары бар, ашық жасыл түсті қандала. Дене ұзындыѓы 6-7 мм. Жылда 3 ұрпаққа дейін дамиды. Көктемгі-жазғы мезгілдегі құрғақ және ыстық ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болады. Жұмыртқалары күздік дақылдарының, астық тұқымдасқа жататын жабайы және азықтық өсімдіктердің жапырақтарында қыстайды. Ересек қандала және дернәсілдер астық және азықтық дақылдарға зиян келтіреді. Жапырақтың шаншыған жерлерінде түссізденген және сары дақтар пайда болады. Жас өсімдіктердің жапырақтарының үстіңгі жағы сарғаяды және өледі. Дәннің арқа және бүйір жақтарындағы шаншып сорған жерлерде кішкентай сары дақтар пайда болады. Олардың қоректенуі дәннің салмағының азаюына әкеп соқтырады. Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер 100 қандала/м2 болса, инсектицидтер қолданылады. Әдетте күресу шаралардың уақыты трипстермен, бітелермен, бақашық қандалалармен күресу кезеңімен бірдей келеді.
Астық цикадалары: алты нүктелі- Macrosteleslaevis Rib. және жолақты – Psammotettix striatus (Cycadellidae - тұқымдасы, Auchenorrhyncha - цикадалы отряд тармағы, Homoptera - тең қанаттылар отряды). Денелерінің-ұзындығы 3-5 мм, артқы аяқтары секіргіш. Алты нүктелі цикада-ашық сары түсті, басында 6 күңгірт нүкте болады. Жолақтың басы сүйірленген, қанаттарында мәрмәрлі сурет бар. Дернәсілдері ересектерге ұқсайды. Жылда 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Жұмыртқа кезінде аңыздарда, шөптерде, астық тұкымдас жабайы өсімдіктерде қыстайды. Жұмыртқасын жапырақтың ұлпаларына салады, өсімталдығы 50-200 жұмыртқа. Дернәсіл 5 жастан өтеді. Цикадалар жасырынды өмір сүреді. Олар құрғақшылық жылдары көбірек көбейеді. Селдір, күнмен жақсы жылынатын алаңдарды керек етеді. Дернәсілдері және ересектері бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, жүгеріні залалдайды. Қоректену жерінде ақ дақтар пайда болады, жапырақ пен сабақтары мәрмәрлі түске боялып, өсімдік солады. Қатты зақымдалған кезде өсімдік өледі. Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту және өсімдік қалдықтарын жою. Бір жылдық астық тұқымдастарды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан оқшаулау. Тексеруді энтомологиялық аулағыштың көмегімен жүргізеді, егістікте 10 жерден 10 рет сермеп қағады. Инсектицидтер «Тізім...» бойынша пайдаланылады.