Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні, міндеттері



бет16/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
педагогика

Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні, міндеттері.
Пәннің мақсаты: тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы, әдістемесі мен технологиясы саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;- тәрбиенің дәстүрлі әдістемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып жетекшісі іс-әрекетін іске асыру үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерде жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;- болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру

17.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Балалар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру.. Атап айтсақ, инновация білім беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық.Жаңалық енгізу мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет. Осы орайда инновациядағы мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін компоненттерді атап айтқым келеді.

  1. Ақпараттық(қабылдау, жүйелеу, талдау, тарату)

  2. Зерттеу(проблема туғызу,жоспарлау,эксперимент, қорытынды)

  3. Интеллектуальды(жүйелеу, жалпылау, талдау, салыстыру)

  4. Приативті(елестету, топтастыру, әсірелеу, қайта түзеу, жаңа түрлендіру)

  5. Диагностикалық(диагностикажүргізу, тәртіін білу)

  6. Болжау(мақсат қою,соңғы нәтижені болжау)

  7. Коммуникативті(байланыс орнату)

  8. Аксиологиялық(өзін-өзі ұйымдастыру)

  9. Басқару(мәлімет беру, ынталандыру, қадағалау)

  10. Жобалау(мақсат қою, жоспарлау, жобалау, модельдеу)

  11. Инновациялық(нәтиже жинау, өңдеу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет