Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»



бет13/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
педагогика

Бұл пәнді оқытуда:
- оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі,
- анатомиялық білім мен білік беріледі,
- физиологиялық мазмұнына да тоқталады,
- медицина жағы да аурудың белгілері, олардың алдын алу оқытылады,
- әр түрлі ауытқулар оның себептері одан қарай арылуға болатындығы
беріледі.
- Шынықтыру ережелері кеңінен сөз болады.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасыда балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелері жатады:
Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл – ауқаты, селодық және қалалық отбасы.
Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті,күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаттарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көз қарасы.
Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата –аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.

14. Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі – оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.


Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет