Сынып жетекшісінің жұмысының негізігі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,адамгершілік қасиеттерін,еңбекке деген сүйіспеншілігін қаматамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
Оқушыға тікелей ықпал жасау:
• Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;
• Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
• Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
16. Сабақтың типтері мен құрылымы. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні, міндеттері. Сабақтың типтері мен құрылымы. Теоретиктер мен практиктердің зерттеулері бойынша қазіргі мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген сабақтың типтері:
Аралас сабақ
Кіріспе сабағы
Жаңа білімді хабарлау сабағы
Білім, іскерлік дағдыны бекіту сабағы
Жаттығу және тәжірибе сабағы
Қайталап-қорыту сабағы
Білім, білік,іскерлік, дағдыны тексеру және бақылау, түзету сабағы;
Зертханалық және тәжірибелік сабақ
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушының бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстары. Сабақ ішкі құрылымы бір- бірімен жүйелі байланысқан кезеңдерден тұрады. Сабақтың кезеңдері: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІҮ Жаңа білімді меңгерту
Ү Жаңа білімді бекіту
ҮІ Жаңа білімді пысықтау,қорыту
ҮІІ Сабақты бекіту және қорытындылау
ҮІІІ Үйге тапсырма беру
Х Бағалау кезеңі