Кешенді емтиханның негізгі міндеттері


Оқушылардың сөздік қорын байыту және нақтылау



бет10/19
Дата07.06.2023
өлшемі60,21 Kb.
#99484
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
19. Оқушылардың сөздік қорын байыту және нақтылау.
Сөздік және логикалық жаттығу. Сөздік қорын нақтылау. Суреттерге қарап сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап беру. Сыныптан тыс сабақтарға дайындық. Оқуда әдістемелік материалдарды қолдану.
20. Сауат ашу сабақтарында дыбыстық-буындық талдау жасау.
Дыбыстық талдау әдісі. Сөзге дыбыстың талдау жасау, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау. Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме құрастырып және оның дыбыстық, буындық құрамын көрсететін сызбамен жұмыс жүргізу. Баланың оқу-жазу дағдысын қалыптастыруда қолданылатын негізгі әдіс – буындық -дыбыстық талдау, жинақтау әдісі.
21. Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық-буындық талдау. Сөздегі екпін. Буындап оқу. Сөзді тұтас оқу. Сөйлемді және мәтінді оқу. Сөзді оқу барысында кездесетін қателіктер, себептері.
22. Алғашқы жазу дағдыларын қалыптастыру.
Жазу дағдысын қалыптастыру кезеңдері: дыбысталған сөздерді баланың түсінуі; оған буындық-дыбыстық талдау жасау; сөздегі дыбыстарды ажырату; олардың орналасу тәртібін, ретін білу, сөздегі әріптердің дыбысталуын графикалық түрде бейнелеу; әр дыбысты әріп түрінде көре білу; оларды қағаз бетіне түсіре жаза білу.
23. Оқушылардың жазу дағдыларын жетілдіру жолдары.
Жазу дағдыларын сипаттау. Жазу дағдыларын жетілдіру. Сауатты жазуға байланысты қойылатын талаптар. Жазбаша жұмыстың түрлері. Жазуды меңгеру қиындықтары бар оқушыларға арналған жаттығулар.
Жазу бойынша қайталама жаттығуларға арналған әрекеттерді қолдану. Жазудың дұрыстығын бақылау. Өзіндік жұмыс түрлері.
24. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың сөйлеуі мен ойлауын дамыту.
Сөздерді, сөйлемдерді және келісілген мәтіндерді оқумен байланысты өз пікірлерін кеңейту негізінде балалардың сөздік қорын байыту және түсіндіру.
Оқуға баулуда бірінші сыныпқа келген оқушылардың сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ, көмей, дыбыс мүшелерінің) жетілдіруге көңіл бөлу. Буындап оқу. Артикуляциялық жаттығулар. Оқуға үйретуде алғашқы кезде бір, екі, үш, буынды сөздер және айтылуымен жазылуы бірдей, айтылуы ұқсас сөздер ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет