Кешенді қосылыстар



бет1/2
Дата11.02.2023
өлшемі337,12 Kb.
#67147
  1   2
Байланысты:
Кешенді қосылыстар Алина Еркен

Кешенді қосылыстар

Дайындаған:Еркен а.

102а-оз

Тексерген:Тулегенова г.

Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

  • Кешенді қосылыстар,құрылымы
  • Жіктелуі
  • Изомерлері
  • 3.Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

Д.И.Менделеев пен В.А Каблуковтың ерітінділер жайындағы теориясы бойынша иондар сулы ерітіндіде гидратталған күйде жүреді. Егер натрий хлориді ерітіндісін қарастырсақ, онда Na+ ионын судағы ерітіндіде 6 моль су қоршап жүре алады. [Na(H2O)6]+, Cu2+ ионы аммиактағы ерітіндісінде 4 моль аммиак қоршайды – [Cu(NH3)4]2+ болады. Мұндай күрделі бейорганикалық қосылыстардың құрамы мен құрылысын валенттіліктің классикалық теориясы арқылы түсіндіруге келмейді. Бұл қосылыстарға былай анықтама беруге болады: Бейтарап молекулаларды не иондарды қосып алып, кристалл тор түйіндерінде және ерітіндіде де жүре алатын иондарды кешенді деп, ал құрамында осындай иондары бар қосылыстарды кешенді қосылыстар деп атайды. Кешенді қосылыстар құрылысы және қасиеттерін 1893 жылы швейцария ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты А. Вернер ұсынған координациялық теория түсіндіреді. Бұл теорияның негізгі қағидалары төмендегідей: a)кешенді қосылыстарда бір ион не атом орталықтан орын алады, оны кешен түзушідеп атайды; ә) орталық ион (атом) айналасында қарама-қарсы зарядты ион не полярлы молекулалар орналасады, оларды лигандтар деп атайды. “Лиганд” деген сөз латынның “ligo” – байланысқан деген мағына береді; б)орталық ион (атом) лигандтармен бірге кешенді қосылыстың ішкі координациялық сферасын құрады, оны квадрат жақшаға алып жазады; в)кешен түзішумен байланысқан бөлшектердің жалпы санын координациялық сан деп атайды, оның сан мәні көп жағдайда 2, 4, 6, 8, болады; г) орталық ионнан едәуір қашықтықта орналасқан иондар кешенді қосылыстың сыртқы сферасын құрады; д)орталық ионның (атом) өзінің айналасындағы бөлшектерімен байланыс беріктілігі әртүрлі болады


Кешенді қосылыстардың жіктелуі
1)Электр өткізгіштігіне байланысты
а) электролиттер: K4[Fe(CN)6], NH4Cl, т.б.
ә) электролит еместер: [PtCl4(NH3)2]o
2) Кешенді ионның зарядына байланысты.
а) катионды кешенді қосылыстар: [Zn(NH3)4]Cl2
ә) анионды кешенді қосылыстар: K3[FeF6], K3[Al(OH)6]
б) бейтарап кешенді қосылыстар: [Pt(NH3)2Cl2]o, [Fe(CO)5]o
в) бикешенді қосылыстар екі кешенді ионның бірігуінен түзіледі:
г) көп ядролы кешенді қосылыстар: [(NH3)5Cr – O – Cr(NH3)5]Cl4
3) Функционалдық белгілеріне байланысты.
а) қышқылдар H[BF4], H2[SO4]
ә) негіздер: [Cu(NH3)4](OH)2
б) тұздар: К3[FeF6]
4) Лиганд табиғатына байланысты
а) акво кешенді қосылыстар (L – H2O)
ә) ацидокешенді қосылыстар (L – қышқыл қалдықтары)
б) гидроксокешенді қосылыстар (L – OH-)
в) аммиакаттар (L – NH3)
г) карбонилдер (L – CO)
ғ) полигалидтер (L – )
5) Ішкі кешенді қосылыстар (хелаттар)
2.Сольваттық (гидраттық) изомерия кезінде су молекуласының ішкі және сыртқы сфераға таралып орналасуына байланысты.
[Cr(H2O)6]Cl3[Cr(H2O)5Cl]Cl2· H2O [Cr(H2O)4Cl2]Cl· 2H2O
күлгін түсті ашық жасыл түсті жасыл түсті
3.Иондық изомерия кешенді қосылыс құрамында иондардың орналасуына тәуелді болады.
4.Координациялық изомерия бикешенді қосылыстарда байқалады:
[Co(NH3)6][Cr(CN)6], [Cr(NH3)2][Co(CN)6]
5.Оптикалық изомерия органикалық заттар үшін белгілі болған (Л.Пастер), ал кешенді қосылыстардың изомерлі қосылыстарының алғашқы өкілін 1907 жылы А.Вернер зертеулерінен белгілі болды, олар жарықтың поляризациялану жазықтығын әр түрлі бұрады.
Кешенді қосылыстарды атау үшін алдымен катионды ілік септігінде атап, анионды тәуелділік жалғауына жалғап атайды.
Катионды кешенді қосылысты атау үшін кешен түзушінің аты ілік жалғауымен аталып, жақша ішінде валенттілігі рим цифрымен көрсетіледі, теріс зарядты лиганд саны грек санымен аталып, соңына «о» жалғауын жалғайды, ең соңынан электрбейтарап лиганд саны және аты аталады (егер лиганд – Н2О болса, – «акво», NH3 – болса, – «аммин» делінеді), сыртқы сферадағы анион аты тәуелділік жалғауын жалғау арқылы аталады.
Мысалы: [Cu(NH3)4]SO4 – мыстың (ІІ) тетрааммин сульфаты
[Pt(NH3)3Cl]Cl – платинаның (ІІ) хлоротриаммин хлориді.
Анионды кешенді қосылысты атау үшін сыртқы сферадағы катион аты ілік септігінің жалғауымен аталып, соңынан лиганд аты жоғарыдағы көрсетілген ретпен аталады. Кешен түзушінің латынша атына -ат жалғауы жалғанып, валенттілігі рим цифрымен жақша ішінде көрсетіліп, тәуелділік – ы, і жалғаулары қосылады.
Мысалы: K4[Fe(CN)6] – калийдің гексацианоферраты (ІІ)
Na[Al(OH)4] – натрийдің тетрагидроксоалюминаты (ІІІ)
Бейтарап кешенді қосылыстар аты катионды кешенді қосылыстар сияқты, кешен түзуші аты атау септігінде аталып, валенттілігі көрсетілмейді.
Мысалы: [Pt(NH3)2Cl2] – дихлородиаммин платина
[Ni(CO)4] – тетракарбонил никель
Енді, кешенді қосылыстардың қолданылуына тоқталсақ:
- Кешенді қосылыстар химияның сан саласын, атап айтқанда, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық химияларды байланыстыратын «көпір» сияқты.
  • Кешенді қосылысттар көмегімен көптеген сапалық және сандық анализ жүргізуге болады.
  • Мысалы, Fe+2, Fe+3 иондарын кешенді темір қосылыстары көмегімен анықтауға болады:

  • FeCI2 + K3[Fe(CN)6] = KFe+2[Fe+3(CN)6]↓ + 2KCI
    турнбулл көгі
    FeCI3 + K4[Fe(CN)6] = KFe+3[Fe+2(CN)6]↓ + 3KCI
    берлин көгі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет