Кештің барысы:
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар қауымы және оқушылар!
Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш оның өмірлік өнегесінен бастап,өшпес өлеңдерінің бүге-шүгесіне дейін танысуымызға тың жол ашады деп ойлаймын.
1-жүргізуші:Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкəр,өмірді жанындай сүйіп,жырлап өткен сыршылда сезімтал ақын жайлы сыр шертіп,ақын əлеміне,өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек,оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз
2-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
1-жүргізуші: Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің
О муза! Құйын желдей
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,
Қаңыраған иесіз диірмендей.
2-жүргізуші: Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.Ендігі кезекте бір сəт ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік
Достарыңызбен бөлісу: |