Кештің тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр. Мақсаты



бет3/8
Дата14.02.2022
өлшемі21,75 Kb.
#25494
1   2   3   4   5   6   7   8
(Слайд, Бейнебаян)

1-жүргізуші:

Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.Осы орайда ақынның жырларына кезек берсек



1-оқушы:"Елім барда"- Алматқызы Асылай

He сыйлайды, не береді келер күн?!

Неде болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

He сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар - менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.

He істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты.

Дәнеңе де сыйламасын келер күн.

Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.

Туған елім түғырында тұрса екен,

Әрі қарай...

Әрі қарай көрермін...



2-оқушы:"Үш бақытым"- Қанатқызы Аида

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

2-жүргізуші:

Жазайын, жалықпайын, жасырмайын,

Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.

Ая деп ажалға мен бас ұрмаймын,

Шоқ шайнап, оқ бүріккен Қасымдайын!

1-жүргізуші:

Көкейкесті жырлар жаз жез киіктей,

Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді күтпей.

Өлең керек, ұрпаққа, өзің мейлі,

Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей.

2-жүргізуші:

Ақын өлеңдерін толқи, тебірене оқи отырып, өмір шындығы, уақыт тынысы жүрек ырғағы,сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа тағы да бас иеміз.Олай болса келесі кезекті сахналық қойылымға берейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет